Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз таптары

СҚО, Мамлютка ауданы, Покровка селосы, Покровка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Карабалаева Гульназ Байдиллақызы

I. Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
II. Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары туралы оқушылар алған білімдерін пысықтайды.
2. Оқушылар шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамытады.
3. Әдепті, адамгершілігі мол, еңбекқор болуға тәрбиеленеді.
III. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, ойын - жарыс.
IV. Сабақтың көрнекілігі: Аялдама атаулары, сызбалар, сиқырлы сандық, сөздер жазылған карточкалар, гүлдер, түрлі - түсті дөңгелекшелер.
V. Сабақтың әдіс - тәсілдері: Қайталау, жинақтау, жүйелеу, ойын
VI. Пәнаралық байланысы: Математика, ана тілі.
VII. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
2. Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген жаттығуды тексеру.
3. Жаңа сабақ. 1. Ребус шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.
- Балалар, бүгін біз «Сөз таптары» еліне саяхатқа шығамыз. Жолда әртүрлі аялдамаларға тоқтап, ондағы берілген тапсырмаларды орындап, саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ең соңында сиқырлы сандықтың ішінде жасырылған сөзді тауып, оқуымыз қажет.
Сынып екі топқа бөлініп отырады.
1 - ші аялдама. «Зат есімдер» аялдамасы.
Жұмбақ шешу. Сөз басының ең басында тұрамын,
Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым.
Сөйлемде мен ой иесі боламын,
Етістікпен көркейемін, толамын. (Зат есім)
Екі топқа тапсырмалар беріледі.
1 - топ. «Гүл теру» ойыны. Өсіп тұрған гүлдердің ішінен зат есім жазылған сөздері бар гүлдерді теріп алу.
Сөздер: гүл, биік, шаңырақ, үлкен, сырға, әнші, ұзын, етік, ақ, ата, кітап, кең.
2 - топ. Суретке қарап, сөйлем құрау. Зат есімді табу.
2 - ші аялдама. «Етістіктер» аялдамасы. Ребус шешу.
1 - топ. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру.
Суытты, ұшады, оқыды, ойнады, жүзеді, барады.
2 - топ. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қой.
Көктем.... Күн.... Қарлар.... Бәйшешектер.... Жаңбыр.... Кемпірқосақ.... Жылғалардан су....
3 - ші аялдама. «Сын есімдер» аялдамасы.
Жұмбақ шешу. Зат есіммен көршілес,
Сынаудан бір сәт ерінбес.
Бұл қай сөз табы?
1 - тапсырма. «Өз орнын тап» ойыны.
1 - топ. Берілген сын есімдердің ішінен дәмді білдіретін сөздерді теріп жазу.
2 - топ. Берілген сын есімдердің ішінен түсті білдіретін сөздерді теріп жазу.
Сын есімдер: қышқыл, күлгін, боз, ащы, жасыл, тәтті, тұщы, қызыл, дәмді, ақ, кермек, қара.
2 - тапсырма. 1 - топ. Ана тілінен өткен «Бала Абай» әңгімесіндегі Абайға мінездеме беру.
2 - топ. «Алып бала» әңгімесіндегі Мұқанға мінездеме беру.
4 - ші аялдама. «Сан есімдер» аялдамасы. Әр топқа екі мақал, бес сөзжұмбақтан беріледі.
1. Ер... рет өледі, 1.... теңгең болғанша,
Қорқақ... рет өледі.... досың болсын.
2.... саусақ бірдей емес. 2. Жігітке... өнер де аз.
2. Сөзжұмбақтарды шешу.
40аяқ, 100десу, 3кір, 1жан, к2лік, 5бармақ, 9құмалақ, 6бақан, 7ген, қ10ақ.
5 - аялдама. «Ой қорыту» аялдамасы.
1. Сұрақ - жауап өткізу.
2. Берілген сөздерді сөз таптарына талдау.
Ақ жаңбыр жауып тұр. Озат оқушылар марапатталады. Сағат жеті болды. Екінші сынып оқушылары ағаш отырғызды.
- Балалар, міне сиқырлы сандыққа да жетіп келдік. Енді, осы сандықтың ішіндегі қанатты сөздерді алып, оқып көрейік.
1 - топ. «Талаптансаң арманыңа жетерсің, еңбек етсең дегеніңе жетерсің»
2 - топ. «Өнер - білім жер астында болсадағы, бір жетер, жалықтым деп тастамаса»
Әр топ қызыл, көк, жасыл дөңгелекшелер арқылы бағаланады.
VIII. Қорытынды. Жеңген топты анықтау. Оқушыларды марапаттау.
IX. Үйге тапсырма. Қайталау.
X. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×