Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Наурыз
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау, диалог, топтық жұмыс, іздену
Керекті жабдықтар: сөзжұмбақ, кеспе қағаздар, флипчарт, интербелсенді тақта, семантикалық кесте, тест сауалдары
Пәнаралық байланыс: өзін - өзін тану, қазақ әдебиеті, этнопедагогика, ән - күй

Сабақтың мақсаты:
Лексикалық тақырыпқа сүйене отырып, грамматикалық тақырыпты игеру, оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.
Міндеттері:
1. Грамматикалық тапсырмалар орындай отырып, Наурыз мерекесінің қыр - сырымен таныстыру.
2. Қазақ тілінде жүйелі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, адамның табиғатпен үндестігін түсіне отырып, Жер - ананы қорғауға баулу.

Күтілетін нәтижелер: тақырып бойынша әңгімелеседі, тапсырмаларды орындайды.. Өз бетімен жұмыс жасап, дұрыс жіктеуді, тәуелдеуді үйренеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін үйренеді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу:
2. Сыныпты түгендеу:
Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

ІІ. Тіл дамыту кезеңі:
1. Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Көктем айлары қандай?
3. Қазір қандай ай?
4. Бүгін нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
6. Ауаның температурасы қандай?
7. Көктемгі мерекелерді білесіңдер ме? Олар қандай мерекелер?

ІІІ. Өтілген материалды еске түсіру.
1. «НАУРЫЗ» сөзі бойынша миға шабуыл жасау.
2. Оқушылардың Наурыз мерекесі жайлы нені білетіндерін анықтап алу.
ІҮ. Сабақтың эпиграфы:
“НАУРЫЗ – жыл басы ғана емес, береке - бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі”( Н. Назарбаев).

ІҮ. Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
1. Оқушыларға сабақтың жалпы барысын баяндау, міндеттерін айқындап беру.
2. Топқа бөлу: Көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек пен Наурыз мейрамының символы - қызғалдақ гүлдері арқылы топқа болу.
3. Топтың ережесімен таныстыру.
- бір - біріне көмектеседі,
- ақырын сөйлейміз,
- бағалау парақшасына әділ баға қою.
Ү. Негізгі бөлім.
1 - тапсырма. Әр топ өздерінің атауларын «қызғалдақ» және «бәйшешек» сөздерін тәуелдеу арқылы қорғайды /тапсырма постерде орындалады/
Әр дұрыс жауап үшін интербелсенді тақтаны қызғалдақтар мен бәйшешектер құлпыртатын болады.

2 - тапсырма. «Адасқан сөздер» сөйлемдерді дұрыс құру.
Қызғалдақ
Мерекесі, наурыз, тойланады, көктемде.
Күні, бұл, қуанады, балалар.
Кісілер, үлкен, береді, бата.

Бәйшешек
Тазартады, адамдар, бұлақтарды.
Дәмді, адамдар, пісіреді, тағамдар.
Салады, мерекеде, жастар, ән.

Наурыз мерекесіне адамдар дайындалады. Бұлақтарды тазартады.
- Әр бала той - мерекеге тақпақ, ән жаттайды, сендердің жаттап келген «жақсы сөздерің – жарым ырыс» емес пе?! Ендеше мерекелік өлеңдеріңді айта отырып, бұлақтың көзін ашамыз.
3 - тапсырма. «Бұлақ көрсең, көзін аш» оқушылардың жаттаған тақпақтары бұлақты тастардан тазартады.

1. Балалар өлең жаттап, ән айтады: оқушылар Наурызға дайындаған өлеңдерін айтады.

Жақсы ма, ата, қалыңыз,
Менің атым - Наурыз.
Балдай тәтті сары уыз,
Алып келдім, алыңыз.

Көктем басы - Наурыз,
Той мереке - сәніміз.
Көктем келіп,
Мал төлдеп,
Уыз іштік бәріміз.

Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түні теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурызкөжеден.
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің – көктем,
Әсем едің, шіркін, неткен,
Наурызым!

Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!

Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!

Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!

Бұл әлем қалғығандай,
Ұшты көкке ән қырандай.
Наурыз көже дәмді балдай,
Сенің көшің сәнді қандай,

Наурызым!

Аталардың – Қара Нардың,
Ақ жаулықты Аналардың.
Бас иетін саған әр күн,
Ақ батасын ала барғын,
Наурызым!
4 - тапсырма. Бұлақ көзі ашылды, «Өмір нәрі - су» тастардан тазарды, енді көшет отырғызуға болады.
«Көшет отырғызу»
Әрбір дұрыс жауап үшін бір көшет отырғызылады.
Наурызда салт - дәстүріміз жаңғырып, үлкендер жастарға өнеге көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
№1 Новоишим орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Хизат Акмарал

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×