Сайтқа кіру Тіркелу

Көктемде

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№1 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі
Жолдыгулова Алма

Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Көктемде
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1. Оқушыларды өлеңмен таныстыру, негізгі ойын ашу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдылық қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатты қорғауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, суреттер, сызбалар, ребустар, суреттерді жапсырмалау, мақал - мәтелдер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, технологияны енгізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, жапсырмалау.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Психологиялық дайындық: Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастайық
Сабақты біз бастайық.

III. Үй жұмысын тексеру. Оқу әдісі: 1. ызыңдап оқу әдісі
2. іштей оқу әдісі
Жоспар бойынша төрт бөлімді 4 оқушыдан сұрау.
Жоспар:
1. Ағаш отырғызу апталығы.
2. Алмабектің ағаштарының мүшкіл халі7
3. Ауа - райының күрт өзгеруі.
4. Ағаштар неге ашуланады?

IV. Үйге жаттауға берілген мақал мәтелді «Ұйқасын тап» ойыны арқылы білімдерін тиянақтау.
1. Қатар «Еңбек» туралы
2. Қатар «Еріншек» туралы
3. Қатар «Табиғат» туралы

1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Еңбек ермекке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.
3. Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
4. Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
5. Еріншектің, ертеңі бітпес.
6. Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
7. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
8. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
9. Табиғатым, тал бесігім.

V. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту (бейнесөз шешу) Көкорай «терек», «тал», «дерек».
«Көктемде»
- Бұлай болса, оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз Ілияс Жансүгіровтың «Көктемде» деген өлеңімен танысамыз.
- «Көктемде» сөзін айтқанда ойымызға қандай нәрселер түсіп, көзімізге не елестейді?

VI. Топтастыру әдісі (стратегия)
- Ойымызды топтастырайықшы.
Көктемде

Ашық аспан
Бүршік жарады
бәйшешек атады
Наурыз тойы болады
мал төлдейді
Құстар ұшып келеді
өзен тасиды
Сең жүреді

VII. – Балалар, көктем жөнінде тағы қандай деректер білеміз?
Деректер деген сөз, ақпарат беру, яғни түсінік беру.
1. Топырақ жылынса, бәйшешек жауқазындар жайқалып шыға келеді.
2. Ең алғаш ұшып келетін құс – «ұзақ».
Көктем шыға кезде, алғашқы тасбақаны көріп аузындағы шөбін алған адам бақытты болады.
VIII. Автор туралы мәлімет.
- Ілияс Жансүгіров кім?

IX. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

X. Оқулықпен жұмыс: көктем өлеңін мәнерлеп оқып беріп, 2 - 3 балаға оқыту.

XI. Жаңа сабақты пысықтау, сұрақ – жауап алу.
1. Ақын көктемнің келгенін, жан – жануарлар өмірінде болған өзгерістерін қалай байқадың?
2. Өлең мазмұнын жапсырмалау арқылы жеткізу.

XII. Сөздік жұмысы.
Құмайт – құмайт жер.
Шымды – шымайт жер (тығыз шөпті, құнарлы жер).

XIII. Шығармашылық тапсырма (көктем жөнінде ойдан өлең шығару).

XIV. Сабақты қорытындылау.
Байқайсыз ба, жасарғандай кәрі жар,
Жасыл шапан жамылыпты сары бел,
Бар тамырға қан жіберіп жатқандай,
Көктем сұлу ғажайып бір дәрігер.
- Бүгінгі сабақта кімнің шығармаларымен таныстық?

XV. Үй жұмысы.
XVI. Бағалау, мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×