Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан қорықтары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары
Сабақтың мақсаты:
Не білу керек: Қазақстан, оның табиғаты, өсімдігі, жануарлары туралы түсінік болу, картадағы көкжиек бағыттарын білу, алған мәліметтерін жеткізу, өз ойын дәлелдей алу
Не істей білу керек: Қазақстан қорықтарын атау, топтай білу, экологиялық белгілерді ажырату, Қазақстан картасын кескіндей алу, сызбаға қажетті мәліметті толтыру, мәнерлеп оқу тәсілін меңгеру, өз бетімен білім алуға дағдылану.
Сабақтың түрі: оқыта - үйрету ойыны
Сабақта қолданылатын технология: модульдік оқыту технологиясы (М. Жанпейісова)
Сабақтың тәсілі: әңгімелеу, болжау, топпен, жеке, жұппен жұмыс
Сабақ өткізілген сынып: 4
Топқа бөлу: Сыныптағы барлық оқушы үстелге келіп, өздеріне ұнайтын суреттерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

1 - сурет 2 - сурет 3 - сурет
1 - суретті таңдаған оқушылар «Табиғат қорғаушылары»,
2 - суретті таңдаған оқушылар «Табиғат жанашырлары»,
3 - суретті таңдаған оқушылар « Жас экологтар» тобына барады.
І топ: Табиғат қорғаушылары
ІІ топ: Табиғат жанашырлары
ІІІ топ: Жас экологтар
І. ДАЙЫНДЫҚ АЛАҢЫ: «Брейн - ринг» оқыта үйрету ойыны
Құрал - жабдығы:
1. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), көк («5»бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар
2. Үстелдердегі сілтемелер
3. Ортақ бағалау парағы
4. Тапсырмалар жазылған сары, жасыл, көк түсті карточкалар
Ойынның жүру барысы:
Сынып 8 адамнан 3 топқа бөлінеді. Бір үстелге сары, жасыл, сосын көк түсті карточкалар қойылады. Топ сары түстегі карточкадағы тапсырманы орындаған соң, жасыл, көк түсті тапсырмаларды кезекпен орындайды. Дұрыс жауап берген оқушыларға түсіне сай фишкалар беріледі.
1.
- Қазақстан Республикасы шектеседі... (Қытай, Ресей, Өзбекстан. Қырғызстан. Түркіменстан.)
- Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде...(9 орын)
- Өзеннің ағып шығатын жері... (бастау)
- Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар...(көл)
- Судың күйі...(газ, сұйық, қатты)
- Жер қыртысын толтырып жатқан денелер... (тау жыныстары)
- Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары... (пайдалы қазба.)
- Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесі... (географиялық. карта)
- Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын... (жел)
- Электр тогын өткізбейтін, отқа жанбайтын кенге жатпайтын пайдалы қазба (асбест)
- Дүние жүзіндегі терең көл... (Байкал)
- Ауаның үштен екі бөлігін алып тұратын газ.. (азот)
- Жойылып кету қауіпіндегі жануарлар, өсімдіктер тіркелген кітап... (Қызыл)
- Жойылып кеткен жануарлар, өсімдіктер тіркелген кітап... (Қара)
- Қостанай облысындағы қорық... («Наурызым)

ІІ. ІЗДЕНІС АЛАҢЫ: «Аквариум» тәсілі
Сынып оқушылары шаршы бойына тұрады. Мұғалім тарапынан топқа тапсырма беріледі. Топ оқушылары топта талдап, әр топ арасынан өздерінің көзқарасын білдіретін «өкіл» сайлайды. Сол «өкіл» ортаға шығып, сөз алып, өзінің ойын ортаға салады.
1. Сілтеме: (топпен жұмыс)
Суреттегі белгі нені білдіреді? Оған қандай анықтама бере алатыныңды төмендегі сөйлемдерден тауып көр.
*** Еліміздегі жойылып кету қаупі бар жануарлар, құстар, өсімдіктерді қорғау үшін тіркелген.

*** Еліміздің табиғи байлығын өз қалпында сақтау, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен - көлдерді қорғау мақсатында құрылған.

*** Еліміздегі жойылып кеткен жануарлар,
құстар, өсімдіктерді тіркеу үшін шығарылған.

2. Сілтеме: (жұппен жұмыс)
Экологиялық белгілер
Қорыққа кірмес бұрын мынадай экологиялық белгілер кездесті. Осы белгілер туралы не айта аласыңдар? Неге мұндай белгілер салынған?
3. Сілтеме: (жеке жұмыс)
«Сызба - кескін» - 1: «Қазақстан қорықтары» оқулығын қолдана отырып, Қазақстан қорықтарының санын анықта және кескін картаға орналастыр.

«Сызба - кескін» - 2:
«Қазақстан қорықтары» оқулығындағы мәліметтерді пайдалана отырып, кестені толықтыр.
Қорық саны:
Қорық атауы:
Қорықтың мақсаты:
Құрылған жылы:
Өсімдіктері мен жануарлары:
Қорық саны Қорық атауы Қорықтың мақсаты Құрылған жылы Өсімдіктері мен жануарлары

4. Сілтеме: (жеке жұмыс)
«Ең жақсы сөйлеуші»
«Халық тағылымдары - болжамдары»:
Қазақ халқында кездейсоқ үйіне кіріп кеткен жыланды өлтірмей, басына ақ құйып шығаратын дәстүр бар. Өрмекші, аққу, киік,
көгершін, қарлығаш, бүркіт, т. б. жануарларды халық қасиетті санаған.
Халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай қорғап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келді. Қазақта табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауда,
жануарларды қорғау мақсатында тыйым сөздерді айтып отырған.
Осы кезге дейін осыған ұқсас тыйым сөздерді естігендерің бар ма? Сол тыйым сөздерді есіңе түсіріп жаз және қорға:

«Ең жақсы мәнерлеп оқушы»
Табиғатты аяла,
Жұлма,- дейді көк шөпті.
«Тек!»- деп бала - шағаға,
Тек жақсылық көксепті.
Біреу құсқа тас атса
Жасаурайды жанары,
Қурап қалған масаққа,
Аянышпен қарайды.
Мейірімді бол, бала,
Жүрме обалын көтеріп,
Табиғатты қорғаған,
Менің әжем – эколог.
«Мен табиғат қамқоршысымын» жобасы
Тапсырмалар үлкен плакатта орындалады.
Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың санының азаю себебін санамалап жазып көр:
1.
2.
«Табиғатты қорғайық, жаман бала болмайық»
Табиғатқа зиян келтіретін суретті тауып, өз ойларын ортаға салу, дәлелдеу.
Табиғатқа қайсысы зиян әкеледі?
«Көсемдікке ұмтылу» тәсілі
Бұл тәсіл бойынша барлық оқушылар қатысады. Ең көп дұрыс жауап жазған команда мүшелерінің ұпайлары саналып, есептеледі.
Табиғатты қорғайық!» кестесіне не орналастыратыныңды ойлан және ойыңды ортаға сал.
ІІІ. ОЙ ҚОРЫТУ АЛАҢЫ
«Авторлық үстел». Әр оқушы үстелге отыруға тырысады. Авторлық үстелде отырып, мына сұрақтарға жауап берулері керек:
Бүгінгі сабақта не білдің?
Бүгінгі сабаққа дейін не біліп едің?
Бүгінгі сабақтан кейін не білгің келеді?
(Ойын соңында ұпай сандары есептеліп, көп ұпай жинаған топ оқушылары марапатталады).
Үйге тапсырма: Біздің облысымыздағы «Наурызым қорығы» туралы фотосуреттер жобасын жасау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы

Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы

Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш........ жылы жарық көрді. Елімізде өсімдіктер мен жануарлары арнайы...
Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы

Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы

Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Талас Алатауының солтүстік – батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық,...
Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау

Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау

Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау...
Жануарлар әлемінің қызыл кітабы

Жануарлар әлемінің қызыл кітабы

Міндеті: Балаларды өз бетімен білім табу, дәлелдеу және түсіндіруге үйрету. Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларын...
Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту

Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×