Сайтқа кіру Тіркелу

З дыбысын машықтандыру

Тақырыбы: З дыбысын машықтандыру
Мақсаты: З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру.
Міндеттері:
Білімділік: дыбыстың дұрыс артикуляциясын бекіту, З дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айту дағдыларын бекіту.
Түзетушілік – дамытушылық: артикуляциялық моториканы, дұрыс тыныс алуын және фонематикалық естуін дамыту. Дыбыстық талдау дағдыларын жетілдіру;. Затқа сипаттама беру арқылы сөз тіркесін құрауын жетілдіру.
Тәрбиелік: сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: [З] дыбысына арналған заттық суреттер, гүл, көбелектер, компьютер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру – дайындық кезеңі
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгін қандай тамаша күн!
- Қонақтармен сәлемдесейік!
- Сәлеметсіздер ме!!!
2. Мимикалық жаттығулар
- Мына заттарды жедік деп елестетейік:
Қышқыл лимон
Тәтті конфет
Ащы бұрыш
Тәтті, шырынды алма
- Аталған заттарды жеген кезде түрінің қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
- Біз сенімен қай дыбысты дұрыс және әдемі етіп айтып үйреніп жүрміз?
- З дыбысын
ІІ. Негізгі кезең
1. Артикуляциялық жаттығулар
«Дуал» жаттығуы
Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп қиналмай жымию
«Жалпақ тіл» жаттығуы Ауызды кішкене ашып, жымиып, жалпақ тілді астыңғы ерінге қою керек. Бірден беске – оңға дейін санап осы қалыпта ұстау керек.
«Сағат» жаттығуы
Тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға, солға қимылдату керек.
«Жоғары - төмен» жаттығуы
«Пя – пя - пя» жаттығуы
Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып, «пя – пя – пя.....» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді жалпақ күйінде бірден беске – оңға дейін санап, ұстап тұру.
«Тісімізді тазалайық» жаттығуы. Ауызды кішкене ашып, жымиып тістерді көрсету керек. Тілдің ұшын оңға – солға, жоғары – төмен жылжытып «астыңғы тістерді тазалаймыз».
Бала артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
2. Тыныс алу жаттығуы
Барлық іс – әрекеттер компьютермен көрсетіледі.
- Орман сондай әдемі.
- Мыналар нелер?
- Гүлдер
Оған не қонып түр?
- Көбелектер
«Көбелекті ұшыр» жаттығуы
«Гүл» жаттығуы
Тыныс алу жаттығуларын орындайды.
3. Дыбысқа артикуляциялық сипаттама
- Осы кезде Диего тембіршекті таппай қалады. Диегоға тембіршекті табуға көмектесеміз бе? Орманда келе жатқан кезде Диегоның алдынан сынып қалған бұтақ кездеседі. Оны орнына қоюға көмектесейік.
- Маса қалай дыбыс шығарады?
- З – з – з – з – з
- З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады?
- Айнаға қарап айтып көрейік.
З дыбысын айнаның алдында айтып, тілінің, тісінің, ернінің қайда орналасқандығын айтып береді.
— Еріндер күлкіге тән, сәл керіледі.
— Тістер жақындасқан қалыпта болады,
— Тілдің ұшы төменгі тістердің артында тұрады;
— дауыс перделері бірігеді және тербеліске түседі;
— Ауа ағыны жылы.
- З дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Ол қалай айтылады?
- Созылмай айтылады. Кедергіге ұшырайды.
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк түспен белгілейміз.
4. Дыбысты жеке айтуға машықтандыру
- «Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны
Бала З дыбысын қосып, сөзді аяқтайды.
- Қа... з
Жа... з
Пия... з
Ұста.. з
Қора... з
Сәбі... з
5. Дыбысты буындарда айтуға машықтандыру
- Көлшіктен өту үшін мына буындарды оқып, қайталайық.
Бала буындарды қайталайды.
За – зо – зу – зұ
Аз – оз – уз – ұз
За – за – за
Зо – зо – зо
Зу – зу – зу
Аз – аз – аз
Уз – уз – уз
Із – із – із
Аза – озо
Узу – ыза
6. Сергіту сәті
- Орманда жел тұрды. Қане екеуміз бірге тұрып, көрсетейік.
Бала мұғаліммен бірге орындайды.
- Жел уледі у - у - у
Құйын келіп биледі зу - зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу
Жапырақтар қол соқты ду - ду
Билеп кетті қалтырап пах – пах
7. Дыбысты сөздерде айтуға машықтандыру
- Көпірден өту үшін суреттерді атап, з дыбысының бар жоғын анықтайық.
- Суреттерді дұрыс атап, З дыбысының бар жоғын анықтайды.
8. Дыбысты сөз тіркесінде айтуға машықтандыру
- Осы сөздерге сипаттама бер.
Мысалы: терезе қандай? – таза терезе
- Бала сөздерге сипаттама бере отырып, сөз тіркесін құрайды.
9. Дыбыстық талдау жасау
- Орманнан қайту үшін поездға міну керек. Суреттерді атап, дыбыстық талдау жасау.
- Қарбыз
Зымыран
Қазан сөздеріне дыбыстық талдау жасап, сәйкес вагондарға орналастырады.
ІІІ. Қорытынды кезең
1. Қорытынды
- Бүгінгі сабақта қай дыбысты дұрыс айтып үйрендік?
- З дыбысын айтып үйрендік.
З дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады?
З дыбысы қандай дыбыс?
Бала сұрақтарға өздігімен жауап береді.
- Жарайсың! Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың!
2. Оқушыларды бағалау
- Саған Диего тембіршекті табуға көмектескенін үшін сыйлық қалдырды.
- Сау бол!
- Сау болыңыз!

Астана қаласы,
арнайы түзету мектеп - интернаты, мұғалім - логопед
Балабаева Молдир Жандаулетовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×