Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Северный ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі:
Қадырбаева Н. Е
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу іс - тәжірибемнен.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді. Білім берудің басты міндеттерінің бірі - оқушы білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейде болуын қамтамасыз ету. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік - дағдыларды меңгертумен табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл орайда іс - тәжірибеде, ғылымда көптеген көзқарастар мен нұсқаулар, тұжырымдар, ойлар, еңбектер баршылық.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт - бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс - әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріліп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді.
Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде: үй жұмысын тексерген кезде, жаңа білімді меңгеруге дайындық, жаңа білімді енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытар, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Мұндай күрделі ой - өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал - тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек.
Мен өзімнің жетекшілік ететін сынымда дарынды 4 оқушы бар. Бұл оқушылардың дара ерекшеліктері зерттеу, бақылау нәтижесінде анықталды. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларға білім негіздері мен дағдыларын дұрыс берудің маңызы зор екенін ескеріп, 1 - ші сыныптағы оқудың әсерлілігін арттыру, білімінің терең де тиянақты болу жағын қарастырдым.
Болашағынан зор үміт күтіп отырған дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін, баспасөздерде жарияланып жүрген педагогикалық озат тәжірибелерді үнемі оқып, зерделеп, күнделікті сабақтарда пайдаланып отырдым. Оқушылардың қандай пәндерді қызығып оқитынын, қандай өнерге бейім екендігі(ән айту, билеу, сурет салу), шеберліктерін аңғардым. Өзім оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлдім.
Оқушылар әр түрлі шараларға қатынасып, пәндік сайыстардың жеңімпазы атағын иеленуге тырысты. Балалармен қоян - қолтық жұмыс жасай отырып, Ана тілінен өлең құрастыруға ынталы екі оқушы, Математика пәнінен есептер құрастыруға шебер бір оқушы, қолөнермен айналысатын бір оқушыны анықтадым. Әрбір аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беріп отырдым. Дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата - аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізуге тырыстым. Сонымен қатар әр түрлі интеллектуалдық марафондар, ойындар ұйымдастырылып, сол шараларға қатынасып, оқушыларым көптеген жетістіктерге жетіп жүр.. Мен осындай оқушыларымның барына мақтанамын. Осындай жұмыстардың арқасында сыныбымдағы дарынды оқушылар мынадай дәрежеге жетті:
- Оқушының оқуға деген құштарлығы артты.
- Оқушылардың танымдық қабілеттері танылды..
- Өз бетімен білмегенін үйренуді мақсат етеді.
- Кітапханамен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болды.
- Ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді.
- Жаны таза, мейірімді, тәрбиелі оқушы атанды.
- Білімге деген қажеттілікті ұғынды.
- Өнер - білімге құштарланды.
- Аңғарғыш, көреген, төзімді, қанағатшыл болуға үйренді.
Дарынды оқушыларымның болашағынан көп үміт күтемін және олардың осы шығармашылық қабілеттері одан әрі шыңдалатынына сенемін.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан жан - жақты білімді, тәрбиелі етіп шығу жолдарындағы басты тұлға – мұғалім.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығынан дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, үлкен жауапкершілікті талап етеді.
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», - деп Мұхтар Әуезов айтпақшы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жауапты сала екені баршамызға мәлім
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
- kadrbaevanurgul
- 5 желтоқсан 2015
- 2602
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Мәртөбе ауылы «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Даулетбаева Оразгул...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу тәжірибемнен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.