Сабақ тақырыбы: Шаршының ауданы
Сабақ мақсаты:
1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.
2. Квадрат сантиметрді пайдалана отырып, фигуралардың ауданын табу, есеп шығару, амалдарды орындау дағдыларын бекіту.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, тапқырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топтау, сұрақ - жауап.
Көрнекілік: слайд, топтама, геометриялық фигуралар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
І. Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
Бізге есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын
Математика болатын.
2. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ - жауап:
1. Көбейтудің компоненттерін ата.
2. Бөлудің компоненттерін ата.
3. Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?
4. Шаршының қандай қасиеті бар?
5. Тік төртбұрыштың периметрін неше тәсілмен табуды үйрендік?
6. Шаршының периметрін неше тәсілмен табуды үйрендік?
3. Үй тапсырмасын сұрау.
112 бет №8 тапсырма
Сырмақ деген сөз шығады екен.
- Сырмақ деген не?
Сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.
Қазақта «сыру» деген сөз арасына жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.
Суреттегі шаршыда қандай фигуралар бейнеленген?
Олай болса балалар бүгін біз шаршының ауданын табуды өтеміз?
ІІ. Жаңа сабақ.
№1 Жаңа сабақты түсіндіру.
Шаршының ауданын әр түрлі тәсілмен қалай есептеуге болады?
Шешуі:
(Әрқайсысының ауданы 1см2 шаршылар санын санаймыз)
№1. Шаршының ауданын әр түрлі тәсілмен қалай есептеуге болады?
1) Әрқайсысының ауданы 1см квадратқа тең шашыларды санаймыз.
Жауабы: 1см*9см=9см²
2) Неше қатар? Неше баған?
Шешуі: 3*3=9см²
Жауабы: 9см²
2) 3см×см көбейтіндісінің мәнін табамыз.
Жауабы: 9см2
Егер шаршының қабырғасының ұзындығы а - ға тең болса, онда оның ауданы а2 - қа тең болады.
№3 Түсіндіру, талдау.
1. қатар: 42: 6=7
7*9=63
63 - 4=59
2. қатар: 128 - 28=100
100*4=400
400+381=781
4. қатар: 78 - 23=55
55 - 46=9
36: 9=4
№3 Өрнектер құр және олардың мәндерін тап:
Өрнектегі түстерді ЭКСПО көрмесімен байланыстыру.
Сұрақ - жауап.
ЭКСПО көрмесі туралы не білеміз?
Ең алғаш көрме қай жылы, қай қалада болды?
Ең соңғы рет қай қалада болған?
Көрменің аты қалай аталады?
Логотиптегі суреттер нені білдіреді?
Яғни, мағынасы не?
Балалардың жауаптарын тыңдау.
№4 Мәндері бірдей өрнектерді көшіріп жаз:
№5 Теңдеулерді шешу.
Теңдеу дегеніміз не? Берілген теңдеу қандай теңдеу, күрделі теңдеуді шешу үшін не істейміз?
Теңдеу дегеніміз - құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірден - бір түбірі болмайтынына көз жеткізу. Теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын әріптің мәні теңдеудің түбірі деп аталады.(3 қатарға бөліп орындату.)
№6 Үйге тапсырма.
№7 Есептерді шығару.
Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады. Шаңғы, биатлоншылар туралы түсінік беру.
Спорттың қандай пайдасы бар? Қандай спорттың ойындарды білесіңдер?
- Есепті оқыту.
- Есеп не туралы?
- Есепте не белгілі?
- Есептің сұрағы қандай?
- Нені табу керек?
Есепке қысқаша шартын құру.
4а - 7ш
8а - 4б
Биатлоншылардың нешеуі артық -?
Барлығы неше адам қатысты -?
Шешуі: 4*7=28
8*4=32
28+32=60
32 - 28=4
Жауабы: Жарысқа барлығы 60адам қатысты. Шаңғышыларға қарағанда биатлоншылардың 4 еуі артық қатысты.
2) Ауызша.
Есепті оқыту.
Монеталар туралы түсінік беру. Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны - бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы - аврес, артқы жағы - реврес және жаны – гурт деп аталады. Алғашқы монеталар 7 ғасырда Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды.
Шешуі: 7*3=21
9*7=63
21+63=84
63 - 21=42
Жауабы: Барлығы 84 монета табылды. Алтын монеталарға қарағанда 42 күміс монета артық табылды.
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Конвертке салынған шаршылар беру.
№8. Қалдықпен бөлу орындау.
Қалдықпен бөлуді тексеру.
Ауызша
31: 3=10 (қалд. 1)
30: 7=4 (қалд. 2)
37: 4=9 (қалд. 1)
33: 8=4 (қалд. 1)
34: 6=5 (қалд. 4)
33: 7=4 (қалд. 5
№9 Сиқырлы шаршыны орындау.
№10 Тест тапсырмасын орындау. Шаршының аудандарын табу.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін қандай жаңа тақырыппен таныс болдық?
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
Ү. Үйге тапсырма:№6.
Бағалау, мадақтау.
Шаршының ауданы
- Алтынзер
- 1 желтоқсан 2015
- 4162
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шаршының ауданы, квадрат сантиметрді пайдалану
Ұқсас жаңалықтар:
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әртүрлі тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін әр түрлі тәсілмен табуды...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр.
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метр. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы жайында түсінік қалыптастыру және ауданын табудың әр түрлі...Шаршының ауданы
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Альсуеуова Гулбану...Палетканы пайдаланып фигураның ауданын есептеу
Сабақтың мақсаты: Палетка туралы түсінік беру Міндеттері: 1. Палетканы пайдалануды үйрету; 2. Ой - өрісін, логикалық ойлауын дамыту; 3. Адамгершілік...Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.