Сайтқа кіру Тіркелу

Қонақ келсе құт

Бастауыш сынып мұғалімі Кымбат Айтжанова
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қонақ келсе құт
Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті:
Білімділік: «Қонақ күту» тақырыбы жайында түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырып төңірегіндегі сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: қазақтың салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс
Сабақтың түрі: ойын - сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, домино, кластер сызбасы, фишкалар.
Сабақ барысы:
l. Ұйымдастыру кезеңі.
1. амандасу
2. оқушыларды түгендеу
3. сабаққа дайындығын қадағалау
4. оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
IІI. Үй тапсырмасын тексеру.
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, өтілу барысын айту.
1. Жаңа сөздермен танысу
Жаңа сөздер:
жерлес - земляк
әзірлеу - приготовить
қонақжай - гостеприимный
домбыра тарту – играть на домбре
мал сою – резать скот
кез келген - любой
құт - счастье

а) жаңа сөздермен сөз тікестерін, сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс.

а) «Қонақ келсе – құт» тақырыбында мәтінді түсініп оқу.

Қазақтар - өте қонақжай халық. Қонағын құдайындай сыйлаған. Қонағы келсе малын сойып, қарсы алған. Өйткені қазақта «Қонақ келсе – құт келеді» деген ұғым қалыптасқан. Үйге кірген адам дастарқаннан дәм татпай кетпейді.
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтың үш түрі болады: ет, сүт, нан тағамдары. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Дастарқан басында қонақтар өлең айтады, домбыра тартады. Тамақ ішіліп болған соң, бата айтылады.

б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. (Сұрақтар интерактивті тақтада жазулы тұрады)
1. Қазақтар қандай халық?
2. Қазақтар қонағын қалай қарсы алған?
3. Қазақтың ұлттық дастарқанында қандай тағамдар болады?
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

3. Ұлттық тағамдар туралы кластер құрастыру (І топ сүт тағамдарына, ІІ топ ет тағамдарына жасайды).
4. Кітаппен жұмыс. 124 беттегі 1 - тапсырмаға қарап диалог құрастыру.
5. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Шашу шашу, бата беру, қонақ күту, домбыра тарту, сүйінші сұрау, сыбаға сақтау, дастарқан жаю, көрімдік беру
6. Интерактивті тақтадағы сөйлемдерді жалғаулықтармен толықтырып, аударыңдар.
1. Қазақ халқы қонақ күтуді..., қонақ болып қыдыруды... қызық көрген.
2. Қонақ... өлең айтып, домбыра тартуы керек,... ертек айту керек.
3. Шайды сүт... қаймақ қосып береді.
4. Қонақ шақырудың..., дастарқан жасаудың..., тойды көңілді өткізудің... өзіндік үлгісі бар.
5. Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар... ғалымдар жоғары бағаланған
6. Мақал – мәтелдер сайысын өткізу. Қай топ қонақ тақырыбында көп мақал - мәтелдерді біледі екен?
ІV. Сабақты бекіту.
Бүгін қандай жаңа сөздерді білдік?
Қазақтар қонақты қалай қарсы алады екен?
Сендер қонаққа жиі барасыңдар ма?
Ұлттық тағамдарды атаңдар.
V. Сабақты қорыту. Бағалау.

• Сендер бүгін не білдіңдер?
• Қандай тапсырманы орындағанда сендерге қиындық туғызды?
• Қандай тапсырма сендерге қызықты болды?
• Сендерге сабақ ұнады ма?
VІ. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, мәтінді әңгімелеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қонақ күту

Қонақ күту

Сабақтың мақсаты: Білімділік: қонақ күтудің негізгі дәстүрімен таныстырып, өмірде қолдана білуге баулу, тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз...
Қонақты қарсы алу дәстүрі. Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі

Қонақты қарсы алу дәстүрі. Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жаңа материалды меңгерту. Оқушыларға қазақтың салт - дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып...
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Қонақжай

Қонақжай

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×