Атырау қаласы,
№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Ү дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, Ү дыбысын сөздің ішінен бөліп алып жеке дыбыстату арқылы оның дауысты дыбыс екенін меңгерту.
Сабақтың дамытушылығы: Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың тәрбиелігі: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, оқулық, суреттер
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
а). Сұрақ - жауап: - Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
ә). Дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату
а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө дауысты дыбыстар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.
Т, П, Н, Р, Ғ, Л, У, Ш, Й, Қ, Д, М, Б, С, Ж, Ұ, ң, К - дауыссыз дыбыстар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
б). Өткенді пысықтау. Ө дыбысын қайталау.
Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»
ІІІ. Жаңа сабақ: «Сөзжұмбақ» шешу.
1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
2. Көру мүшесі не?
3. Не білім бұлағы?
- Қандай сөз шықты. Үкі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз? Неге?
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
- Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма?
- Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру. ( кеспе әріптер)
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс: а). Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
б). «Білеміз бе» ойыны
в). Сөздік қоржын (жаңа сөз)
Суретпен жұмыс. а). Суреттегі құстың аты не?
Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.
Үй құстарын атаңдар. Ү - ү - ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?
Ү әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі - Үү, Жазбаша түрі - Үү
ә). Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
б). Бағандағы сөздерді оқыту, буынға бөлу. Ү - ні қай буыннан естіп тұрмыз?
ү - кі кү - ріш түл - кі жү - рек
үй - рек кү - міс күл - кі кү - рек
үй - шік кү - шік түй - ме жү - зік
в). Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу
«Жұмбақ»
Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады.
Суретпен жұмыс: «Кім кінәлі?»
V. Дәптермен жұмыс: ү әрпін жазу. а). ауада жазып қол жаттықтыру;
ә). Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.
Сергіту сәті:
Ой тастау. (жұмбақ шешу)
б). «Ойлан тап» ойынын ойнату. Жұмбақ шешу.
Шарлап келіп даланы, Табаны суды сүйеді,
Үйіме үйін салады. (қарлығаш.) Қабағы күнге күйеді. (күріш)
Түскенде салқын күз, Жинадық алтын тіс. (Жүгері)
Қосымша материалмен жұмыс.
«Г»- ден баста мен кілең
Ажарымын өңірдің
«К»- ден баста мен кілең
Қалдығымын көмірдің
«Т»- дан бастап оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
«К» болса басқы әрпім
Езу тартып қуандым. (Гүл - күл, түлкі - күлкі)
VІ. Қорытынды. Сұрақ - жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ү дыбысына байланысты сөздер айту.
VІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?
VІІІ. Ой қозғау. 1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
6. Әріптен не құралады? (буын)
7. Буыннан не құралады? (әріп)
8. Сөзден не құралады? (сөйлем)
Үйге тапсырма беру. Мадақтау.
Ү дыбысы мен әрпі
- Күлән Жұмағалиева
- 22 қараша 2015
- 23454
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ү дыбысы мен әрпі туралы сабақ жоспары, бастауыш сыныпқа арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен...Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Б дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету....Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін..."Ү" дыбысы мен әрпі
Білімділік: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және...Ж дыбысы мен әрпі
Атырау обл, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Тойгүл Мырзабекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.