Сайтқа кіру Тіркелу

Бірдей сандарды азайту

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Куанышева Алтынзер Қылышбайқызы

Сабақ тақырыбы: Бірдей сандарды азайту
Сабақ мақсаты: 1. Бірдей сандарды азайтқандағы айырманың мәнін табу.
Бір амалмен шығарылатын есепті талдайды және түрлендіреді, топта ондықтан аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайту амалдарын жазбаша әдістерімен орындайды.
2. Дүниетанымын, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұлттық тәрбие беру.
Көрнекі құралдары: слайдтар, семантикалық карта, оқулық.
Әдіс - тәсілі: СТО, түсіндіру, дәлелдеу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
1 - слайд.
«Ғажайып сәлемдесу»
Мұғалім:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Оқушылар сәлемі
Үлкенге сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

2 - слайд
Психологиялық дайындық.
«Күн шығару»
- Балалар не көріп тұрсыңдар?
- Күнді
- Балалар, күннің көңілі қандай?
- Күн бізге не береді?
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса біздер де осы күн сәулесіндей бір - бірімізге өз жан жылуымызды сыйлайық, Бір - бірімізге сәттілік тілейік!
- Балалар, бүгінгі сабағымыз өзгешелігі біз топқа бөлінеміз. Барлық тапсырмаларды топ арасында талдауға беріледі және қай топ көп ұпай жинаса, жеңімпаз атанады. Бағалайтын жетондардың бағалану тәртібімен таныстыру, сары - 5, көк - 4, қызыл - 3.
І топ, ІІ топ, ІІІ топ.
ІІ Өткен білімдерді қайталау.

3 - слайд
1. «Блум» түймедағы (сұрақ - жауап)
- Не көріп тұрмыз?
- Түймедақ. Дәрілік шөп.
- Қалай пайдаланамыз?
- Олардың күлтелерінде қайталау сұрақтары жазылған, сол сұрақтарға нақты жауап береміз.
1. Қосудың қандай қасиеттерін білесің?
2. Тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар?
3. 1дм=... см
4. Шаршының қандай қасиеттері бар.
5. Бұрыш дегеніміз не?
6. 1м= ... см
7. Қосу амалын қандай амалмен тексереміз?
8. 1сағ= ... мин
9. Қосудың компоненттерін ата.
10. 1тәул= ... сағ
11. Шаршының қабырғалары 3 см, периметрі қанша болғаны?
Өздеріміздің теориялық білімдерімізді көрсеттік, енді ауызша есептеу дағдыларыңды тексеру үшін мен сендермен «ыстық орындық» ойынын ойнаймын, яғни «ой ширату» кезеңі десек те, болады, ал ойымызды жинақтап ойын ойнайық.
Ауызша есептеу:
І топ.
19+9=28
37+7=44
55+8=63
50 - 8=42

ІІ топ.
42+38=80
28+32=60
100 - 25=75
65 - 5=60

ІІІ топ.
55+12=67
85 - 65=20
50+36=86
100 - 40=60

ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі
4 - слайд. Өткен сабақта бірдей сандарды қосуды үйренген болсақ, бүгін бірдей сандарды азайтуды үйренеміз.
«Білім кәрзеңкесі».

Осы сабақ та білетінімізді білім кәрзенкесіне салып отырамыз. Мұқият 172 - бетке назар аударайық.
- Не көріп тұрмыз.?
- Не айта аламыз?
1. тапсырмалар түсіндіру талдау.
Суреттен не көріп тұрмыз. Зергерлік өнер елімізде жақсы дамыған өнер. Суреттегідей зергерлік бұйым жасайтын адамды зергер дейді. Бірдей сандарды азайту тәсілдеріне тоқталу. Қапсырма ол әйел адамдардың сырт киімдеріне тағылады. (Неше қапсырма көріп тұрсыңдар, төрттен неше адамға бөліп беруге болады.) Білезік әйел адамдардың қолға тағатын әшекей бұйымы. (Қапсырма мен білезікті) Білезікті қалай бөлуге болады түсіндіру.
Зергерлік бұйымдар туралы айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қосу және азайту 78+22, 100 - 22

Қосу және азайту 78+22, 100 - 22

Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды қалыптастыру Күтілетін...
Рационал сандарды азайту

Рационал сандарды азайту

Координаталық түзуде қарама - қарсы сандардың орналасуы, еске түсіре отырып, рационал сандарды азайтуды біледі....
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; Дамытушылық:...
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару

Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәні...
Математика сабағында ойын элементтерін қолдану

Математика сабағында ойын элементтерін қолдану

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскеріліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×