Сайтқа кіру Тіркелу

Бала Тұрар

Тақырып: Бала Тұрар
Сабақтың мақсаттары:
1) Сапалы түсініп оқу, өз сөзімен баяндай білуге машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге дағдыландыру.
2) Жүйелі ойлау қабілетін арттыру, өзі ойланып, өзі ізденетіндей дәрежеге жеткізу, оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өзіндік талдау және жинақтау жұмысын орындауға төселдіру.
3) Бір - бірінің ойын тыңдай білуге, өзара сыйластыққа, біреуге қарап күлмеуге, адамды сөзі мен ісіне қарап құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу, жинақтау, баяндау, сипаттау, ой - қозғау.
Сабақтың түрі: дамытушылық (оқу мен жазу арқылы оқуды)
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі
Көрнекілігі: ребусқа арналған суреттер, сызба - карта, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- сабаққа дайындық;
- сабаққа байланысты тілек сөздер айту;

ІІ. Ой - шақыру. Ребус шешу
Шешуі: Қызыл Жебе, Аспара, Көке.
- Бұл сөздерді қай әңгімеден кездестірдіңдер?
- Әңгіме кім туралы?

ІІІ. Мағынаны тану.
а) Картамен жұмыс
Тапсырма берілді
БАЛА ТҰРАР

Зерттеу
Іс - әрекеттер
Кейіпкерлер
Жазылған сөздер

Авторы: Шерхан Мұртаза
Жанры: әңгіме
Тәрбиесі: Біреуді мазақтамау

1 - топ. Тұрар – ескі бешпент, шынтағы жыртылған; Атамырза – қара костюм, жап - жаңа, әдемі тігілген.

2 - топ. Тұрар – тұла бойына қарағанда басы үлкендеу, шекелігі шығыңқы, көзінде қорқынышы жоқ, өте сабырлы, ақылды, сауатты.
Атамырза – тайқы маңдай, бадырақ көз, қара бала, сидиғандау, бойшаң, асау мінезді.

3 - топ. Тұрар – оның бешпентінің шынтағындағы жыртық.
Атамырза – тақтаны сүртудегі қимылдары (жеңіне бор жағылды, тақтаны түкірікпен сүртті)

4 - топ. Тұрар - әдемілеп, мұғалімдікінен айнытпай жазды.
Атамырза – арбитып, арық түйенің өркешіндей етіп әрең жазды.

5 - топ. Тұрар – «бес» деген баға, оны мақтады, өйткені,........................
Атамырза – «.......» деген баға қойды, оны мақтамады, өйткені,..................
IV. Ой - толғаныс. Мәтін бойынша берілген сұрақ - жауап арқылы сөзжұмбақты шешу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×