Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілінен жалпы қайталау сабағы

Мақсаты: Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өз пікірін еркін айтуға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу, сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, ой - өрісін кеңейту, жан - жақты ойлау қабілетін дамыту.
Т/м.: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, жұмбақтар, сөзжұмбақ, қима қағаздар, перфокарта.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың типі: қайталау.
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Б) Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, қазақ тілім.

- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақын - жазушыларымыздың тілі – қазақ тілі сабағы. Бәріміз түзу отырып зейінімізді тақтаға аударып, мына мақалды оқиық.

ІІ. Ой қозғау.
«Бірлік болмай, тірлік болмас»
- Мағынасын қалай түсінеміз? (балалар жауап береді)
- Осы мақалды басшылыққа ала отырып, қайталауға берілген тапсырмаларды татуласа, достаса, бірлесе отырып, бір - бірімізге көмектесіп орындаймыз.
- Екі топқа бөлініп, бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.
І - топтың ұраны: Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз.
ІІ - топтың ұраны: Бұл сайыста болма бос,
Біліміңе білім қос.
Екі топ бірге: Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ.
1. Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам кім?
2. Ананың аяулысы кім?
3. Елордамыз қай қала?
4. Түнді жарық ететін не?
- Абай деген сөз шықты. Абай кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
(балалар жауап береді)
- Қазір қыс мезгілінің бірінші айы. Соған орай Абай атамыздың «Қыс» атты өлеңін тыңдайық:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

ІҮ. «Аққала соғу» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Қазақ әліпбиінде неше дыбыс, неше әріп бар?
2. Дыбыстардың екі тобын ата.
3. Дауысты дыбыс қалай айтылады?
4. Дауыссыз дыбыстарды неше топқа бөлеміз?
5. Қай дыбыс екі топқа да ортақ?
6. Я, Ю қандай дыбыстар?
7. Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
9. Ауызекі тіл және жазбаша тіл дегеніміз не?
10. Жұп дауысты дыбыстар ата.
11. Сөйлем дегеніміз не?
12. Мәтін дегеніміз не?
13. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
14. Мәтін түрлерін ата.
15. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
Ү. Оқулықпен жұмыс.
2 - жаттығу. Аймақ құрастыру арқылы орындау.
Әр топ мүшесі үстел үстіндегі қима қағаздың бірін таңдап алып, осы сөздерге қатысты не білетіндерін топтастыру.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Түп - түзу боп отырып
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу.
Ққ Кк
Құрақ жапырақ көлік терек күз
3 - жаттығу. Төмендегі сөздердің аяғына ы, і әріптерінің тиістісін қосып жаз. І - топ добы, мектеп. ІІ - топ қолғап, есеп сөздеріне сөйлем құрап жазады.

ҮІІ. Сергіту минуты:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
- Балалар, алдымызда қандай үлкен мейрам келе жатыр?
- 16 - желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Жақсы, осы мерекеге арнап кім өлең оқып береді?
1 - оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді?!
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

2 - оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

ҮІІІ. Шығармашылық тапсырмалар.
1) «Жұлдызды сағат» ойыны.(Сөзден сөз ойлау)
І - топ ІІ - топ
Қазақстан Астана
2) Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса:
І - топ: қоян, дәптер ІІ - топ: кітап, шаңғы
3) Бес жолды өлең құрастыру:
І - топ: торғай ІІ - топ: гүл
4) «Шырша безендіру» ойыны.(Шыршадағы нөмірленген шарларды алып, сол нөмірдің сұрағына жауап беріп, шарды айналдырып іледі, шарларда әріптер жазылған)
«Жарайсыңдар» деген сөз шығады.

ІХ. Бағалау. Әр топқа дұрыс жауаптары үшін берілген жұлдызшаларын санап, жеңіске жеткен топты анықтап, бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау. 6 - жаттығуды орындау.
- Балалар, біз «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалын басшылыққа ала отырып, өзіміздің қазақ тілі пәнінен алғыр, жүйрік екенімізді көрсеттік.

Қазақ тілден өтті білім сынағы,
Қазақ тілің ережеден тұрады.
Әр белгіні білдік бәрін айырып,
Сауатты да озат болдық қырағы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×