Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын адам туралы аңыз

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
Бұлан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Хамедиева Жанаргүл Максимқызы

Сабақтың тақырыбы: “Алтын адам” туралы аңыз
Мақсаты:
1. Мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, сөйлем құрастыруға үйрету.
2. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу.
3. Қазақстанның мәдениетін білуге тәрбиелеу, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата - бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас, дамытпалы сабақ.
Әдісі: түсіндіру, іздену, сұрақ - жауап, тест.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
П. д. Сабағымызды бастаймыз,
Жалқаулықты тастаймыз.
Асыл сөзді жаттаймыз,
Есімізде сақтаймыз.

2. Сөзжұмбақ шешу.
Алфавиттегі әріптер бойынша «көршісін тап» ойыны бойынша сөзжұмбақтың шешуін табамыз.
1. Әліпбидегі 1 - ші әріп.
2. Қ әрпінің көршісі, әліпбидегі 16 - шы әріп.

II. Жаңа сабақ: «Алтын адам» туралы аңыз.
Жаңа тараумен таныстыру.
Автор Қаржаубай Омарұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. Ақын Қазақстан журналистер одағының лауреаты атағын алған. Қ. Омарұлы өмірінің соңына дейін «Асыл сөз» газетінің бас редакторы болып қызмет істеген. «Қоңыраулы бесік», «Әке», «Бала балапандар» атты повестері бар.

«Алтын адам» туралы көрсету, табылған бұйымдар туралы айту.
. Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.[2] Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[3] Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×