Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айгүл Кокогова
Сабақтың тақырыбы: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекті сүюге тәрбиелей отырып, алған білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдана алу дағдысының қалыптасуы;
Сабақта қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Сабақтың әдісі: СТО, диалог, рольдік ойын
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, кеспе қағаздар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Топқа бөлу
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Аман болып бәріміз,
Атсын күліп таңымыз!
Оқып – біліп өсейік,
Сұлу болып жанымыз.
3. Өткенді еске түсіру
Сақина ертегісінің кейіпкерлері кім?
Тауық шаруаға не деді?
Зергер қандай адам?
Сақина шаруа өміріне қандай өзгеріс әкелді?
Бұл ертегіден нені ұқтық?
Оқыған ертегілерін жүйелеу
1 - топ – Жануарлар туралы ертегілер
2 - топ – Қиял - ғажайып ертегілер
3 - топ – Шыншыл ертегілер
3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқулықтағы суретке қарап отырып келесі ертегіні білу.
ІІ. Тұсаукесер
Диалогтік оқыту әдісі
- Тағы бір ертегі оқығыларың келе ме?
- Суретте бейнеленген кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаны білгіміз келе ме?
- Олай болса, ертегіні мұқият тыңдайық.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Ертегіні алғашқы оқу
2. Әр топтан 1 оқушыға бөлімге бөліп оқыту
3. Дәптермен жұмыс (сөздік жұмыс жүргізу)
4. Топтық жұмыс Сурет бойынша кейіпкерді сипатта
1 - топ - Шибұт
2 - топ – Қылмойын
3 - топ - Қарынбас
5. Рольдік ойын
Ертегіні сахналау (3 - топ та ертегіні сахналайды, рольге енуі мен әртістік қабілеті бағаланады)
6. «Ой қозғау»
«Ұрлық түбі - қорлық» деген мақалдың ертегідегі оқиғаға қатысты екенін әңгімеле.
ІҮ. Қорытынды бөлім
1. Сабақтың басты сәттеріне тоқтала отырып, «Бағдаршам көздері арқылы» оқушылармен кері байланыс орнату.
2. Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау
3. Үйге тапсырма «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін мазмұндау
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
- Abenova Agiba
- 5 қараша 2015
- 7091
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Ұқсас жаңалықтар:
Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін кеңейтіп толықтыру....Түйе
Сабақтың мақсаты: Түйе туралы жырды түсініп оқып суреттеу, шудасы, төлі, жүрісі туралы мағлұмат беру. Оқушыларға мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы...Аңқау арыстан
Маңғыстау облысы, «Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ - сі Ақкөзова Қарлығаш...Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Тақырыбы: Ләйлігүл. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуын жетілдіру. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздер...Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таң ...
Сабақ: математика Тақырыбы: Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таңбалы санға бөлу. Қолданылған модульдер: Оқыту...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.