Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмтылмайды

Тақырыбы: «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмтылмайды.»
Мақсаты: Ел үшін, отан үшін жанын пида еткен ерлерге, ардагер адамдарға тағзым етіп, оларды қадірлеп сыйлауға үйрету.
Жүру барысы:
Әнұран ойналады:
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында
Жеңістің 70 жылы де келіп жетті.
70 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 жыл - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2 - жүргізуші:
70жыл - бейбіт күннің таңы атқалы,
70жыл шуақты таратты әнін
70жыл зеңбіректен оқ жаудыратпай.
70жыл бұл құсты сайратқалы.- деп 3 «б» сыныбының Ұлы Отан соғысының біткеніне 70 жыл толған «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмтылмайды» атты тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!
1 - жүр:: Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Қаншама ана жесір, қаншама бала жетім, қаншама адам бауырсыз қалдырған қанды шайқастарға толы соғыстың 1418 күні мен түні ешқашанда ұмтылмақ емес. Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы Н. Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» алаңын ашып, алғаш гүл шоғын қойды. Жеңістің 61 жылдығында «Алып анаға» арналған ескерткіш тұғырына «Ұлы Жеңістің 100 жылдығында болашақ ұрпақ ашып оқысын» деген мақсатта хат жазып қалдырылған. Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетіп, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

2 - жүр: Елі үшін жан пида еткен аталарымыз бен апаларымызға гүл шоқтарын қояйық(балалар ескерткішке алау отқа гүл шоқтарын қояды)
1 - Жансая
1941 - дің жазында соғыс ашты Германия қапыда
42 509 солдатымыз Атыраудан аттанып,
Тұрды сонда жауынгердің сапында.
Қалды елім 13 267 адамнан айырылып,
Қалды аналар қанатынан қайырылып.
Қанша тағдыр жетім - жесір атанып,
Қалды өзенім қызыл қанға шайылып.
9жауынгер «Кеңес одағының батыры» деп аталды.
4 жауынгер «даңқ»орденінің иегері атанды.
Елі үшін, жері үшін қанын төккен майданда
Кейінгі ұрпақ жүрегінде мәңгі есімдер жатталды.
2 - Нұрайым
Қанша тағдыр қыршынынан қиылды,
Барлық ұлттар бір адамдай жиылды.
Березин мен Афанасьев ағалар
Қан майданның даласында ерлікпен қиылды.
Ұмытымай соғыс салған жарасы,
70жыл Жеңіс күннің арасы.
1945 - тің мамырында елім жаудан арылып,
Жеңіс күнін тойлап жатты бүкіл Отан даласы.
Соғыс туралы фильмнен көрсетіледі.
Көрініс: «Соғысқа аттану»
(Жаздың жайма шуақ күні. малдың маңырағаны естіледі. есік алдында балалар асық ойнап жүр. Үй сыртында әжесі ұршық иіріп ән айтып отырады. Атасы, көршісімен әңгімелесіп отырады. Сол кезде көрші әже келеді)

Көрші әже:
Маржан - ау, қуаныштарың құтты болсын. үйдің шаруасын өзің білесің, бағана шығайын деп ойлап едім, әлі жүрмін саған жете алмай. Үлкен немерең мектеп бітіріп қуанышты болып жатырсың ба? Дастарханыңды жай, ауыл аймаққа тойыңды жаса. Осындайда шабылмағанда қашан шабыласың?
Әжесі: рахмет, рахмет! Хадиша. Шақыр - шақыр ауылды! Бір тойым бар, той жасаудан қазақ қашан ба?
(сахна сыртынан жүрегі қуанышқа толы үлкен немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)
Немересі: қыз: әже, әжетай, бүгін менен бақытты жан жоқ. Мен мектеп бітірдім. әже, жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.(әжесін құшақтап еркелеп күледі)
Әжесі: талабыңа нұр жаусын арманыңа жет, балам! Маңдайынан сүйіп қасына отырғызды. әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. келіні ыдыс әкеле жатып радиодағы хабарды естіп тұра қалады.
Радио: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! сөйлеп тұрған Москва! кеше біздің ұлан байтақ жерімізге 21 маусым күні, 1941жылы таңғы сағат 4 – те неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7 - де ресми түрде мәлімдеді. Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Отанымызды жау қапыда басты. Біз жеңеміз. Фашистерге өлім. Отан үшін, ел үшін жер үшін барлық ер азаматтарды отан қорғауға қолымызға қару алып аттанайық.
(қолынан ыдысы түсіп кеткен келін жылап бетін жабады)
Кішкентай немересі: (үрейлі) әже, әже, әже, соғыс, соғыс басталды.(әжесі немересін құшақтап алады)
Әжесі:
Қарғыс атқыр Гитлер, нең бар еді бізде, бейбіт жатқан елде!(жүгіріп бір бала келеді.)
Бала; аға, сізді ауылдық кеңеске шақырып жатыр(қолындағы қағазды жігітке - әкесіне береді) тез жиналсын деп жатыр.
Әжесі: бұл не қағаз, қарағым-ау?
Жігіт - әкесі: (оқып) әскери комисариатқа шақырту қағазы.( әскери музыка ойналады)
Немересі: аттан әке,
Сен қазір аттанасың,
жауынгердің ролін атқарасың,
Неге бізге үмітсіз тесілесің.
Аттан, әке, жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсіз де несібесің.(әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі (қолындағы бір жасар баласын үлкен баласына беріп тұрып):
Тыңда балам тыңда күнім
Болуға жара қолғанат
Кәрі анам, сәби інің -
Барлығы саған аманат.
Әжесі (баласын сүйіп тұрып):
Оралсын аман жерің,
Көріссін туған елімен
Келін - ау, көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер
Келін (қалтаға түйнектеліп салған топырақты беріп)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.(жары соңынан жылап қалады)
(әскери комисариаттың алды! улы шулы)
Комиссар: жігіттер! Сапқа тұрыңдар! отанымызды неміс фашистері кенеттен соғыс ашты. сендер отанымызды қорғау үшін Мәскеу қаласына ататасыңдар. Сонда әскери дайындықтан өтіп, елімізді фашистерден қорғайық!
Солдаттар: қорғаймыз!(мұңды музыка ойналып тұрады сахнаға қолында гранатасы бар шекесін ақ дәкемен орап алған солдат шығып, гуілдеп боран мен атылған мылтықтың даусы естіліп тұрады.)
Жүр: Соғыс. сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қара қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті. қаншама арулар жесір қалды, сәбилер жетімдіктің дәмін тартты.
Солдат - ӘКЕСІ: барамын тартып батысқа,
Жортуыл қырғын атысқа!
Жігіттің жігіт болғаны –
жаудан елін сақтаса,
Жау шапқанда еліне
Қояндай бұғып қашпаса,
Атой сап жауға кіремін
Ұлы отаным сен үшін,
Туысқан ұлы ел үшін
Мына бір қалған бел үшін,
Менің жаным отандық
Отан деп өлем өлсем де,
О, сүйікті отаным
Балам деп көп кемсеңде!
Ант еттім де қорғадым мен
Жасқанбай ақ жауымнан,
Сақтап қалдым елімді мен
Өртті жойқын дауылдан!(солдат қолындағы гранатын лақтыра бере оқ тиеді. Сол кезде ана бейнесі көрінеді. солдат: Ана, ана!) деп өліп барады.
Ана: Өсіріп пе ем мен сені, Майданда үнсіз жатсын деп
Қарай алмай жауына, Жерге бетін бассын деп
Өсірдім ғой мен сені, Ел қорғайтын ер ме деп?
Отан үшін жер үшін майданда от боп жансын деп
Бесіктегі сәбидің, Ұйқысы тыныш қансын деп,
мүшел жаста құлыным, үзілді ау сенің тұғырың
қиылды ау сенің ғұмырың, қыршыннан кеткен қарағым
жарқ етті ау сенің жанарың, өмірден мынау өтсең де
жер қойнауына кетсең де, кеудеңмен жауып жау оғын
пулемет қарша сепкенде, ерлігіңді әрдайым
ұмытпайды еш пенде.
2 - ші солдат: Тұр, тұр, соғыс аяқталды. жеңіс!(солдат - әкесі өледі, уралаған дауыстар естіледі)
Радио:»тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиясы жеңілгендігін мойындап, актіге қол қойды. 9 мамыр жеңіс күні! ура ура!!!
3 - оқушы: Фарида
Жөні қанша сөз айтып жалғаны бар, Жеңіл сөзбен желпінген жарға құлар
Жау жеңдік жеп оп - оңай айтқаныменен, Ол сөздің де өзіндік салмағы бар.
Қала. дала қансырап от құшқанын, Жеңіс үшін талайдың оққа ұшқанын
Айту керек шындықты. қасіретті., Қырып - жойып атқанын оқ дұшпанның.
4 - оқушы:
Жесір етіп біреудің алған жарын, Өзегіне біреудің алған жарын
Өзегіне біреудің салған жалын, Соғыс келіп бұзды ғой талай жанның
Аппақ, әсем тәп тәтті армандарын, Жеңіс болып ендігі асқақ арман
Қару алдқ от құшқан шақта бар маң, Еріккенен соғысқан жоқпыз біздер.
соғыстым, сондықтан мақтана алман
5 - ОҚУШЫ: Ақниет.
Мезгілінен бетке әжім тез келіпті, Шашты ағартқан жоқ одан өзге мықты
Сол соғысты жоғалтып жастығымды, Сол соғыспен бастадым егделікті
Майданда да, тылды да талай біткен, Ай, күн, сағат, секундті санай күткен
Айту оңай жеңдік деп ал сол жеңіс, Келіп пе еді біздерге оңайлықпен
Жеңіс үшін асықтық, асықты күн, Сондықтан мына аспан ашық бүгін
Осы күн мен ел үшін қан төктік қой, Сол үшін де мәңгілік бақыттымын.
2 - жүр: Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді әрі ерліктерге басыңды идіріп тақалдырады. соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларын көрсетті. Ел басынан күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналады. Сол соғыста ерліктерін көрсеткен апаларымыз болды.«Шығыстың қос жұлдызы болған»Әлия мен Мәншүкті қала ұмытамыз:
(Әлия мен Мәншүк туралы фильм көрсетіледі.)
Әлия: мен 18 - ше толдым, бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым.
Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік, Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан ана отқа күйіп жатқанда, Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік
Отан деген сөз көкейде жатталып, Зор айқасқа кеттік біздер аттанып
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым, Біз сендердей арман гүлін таппадық
Мәншүк:
Отан ана жылағанда шерленіп, Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те, Қолымызға қару алдық ерленіп
Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз, Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз
Біздер өлдік өлмесін деп басқалар, Бізді қайта туды отан ел егіз
Екеуі қосылып:
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ, Жетсек деген арманымыз көп еді
Бізді туған күнімізбен құттықтап, Айтылған жоқ маххабаттың өлеңі
Бірақ ерте тым ертерек жандық біз, Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз
Жанымызды құрбан еттік осылай, Біздей ерте солмау үшін барлық қыз
ӘН: Әлия орындалады: Фарида
2 Жүр: Байтақ отан сия ма тар қыспаққа
Мұхиттай жігер қысып сол бір шақта
Сұрапылдай соқты да жау қамалын
Жеңіс туын қадады Рейхстагқа! 30 сәуір 14 сағат 25 минутта Рейстахқа алғаш ту тіккен
Би: «Катюша» қыздар тобы
6 - оқушы: жеңіс, жеңіс!!
Елге таза ашық таң атырды, Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды
Ақбоз атты балалар сүйіншілеп, Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды
Қыран құсым көк аспанда самғасын, Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар биік ұста туыңды, Жарқыратып туған жердің таңбасын
7 - оқушы:
Ардагерлерім - ержүрек ерлер, Елім деп жаны елжірегендер
Бейбіт күн сыйлап ұрпақтар үшін, Жалау боп көкте желбірегендер
Арай боп алдан күліп келгендер, Ортасында оттың жүріп келгендер
Құлазып көңіл қалғанда солып,, Қайратпен оған үміт бергендер
Тілерім менің аман жүріңдер, Шыңдарға қонған алып қырандар!
1 - Жүр: Соғыс десе қатуланам, қиналам, Рас, оны көрдік кинодан
Оққа оранып от кешкен арыстардың, Арқасында аман қалды бұл ғалам Патриоттық рухты көтеру үшін әдемі жасалған фильмдерден соғыс қасіретін анық көреміз. Сұрапыл майданда халқын, жалынды рухты сөздерімен жігерлендірген жазушы Баубек Бұлқышев: «адал адам отанын сүйеді. адал жүрекке отан анасындай, отанның дегенін істеу қуаныш мақтаныш отанға деген махабатты өлшеуге болмайды» деген тағылымды сөзімен отан үшін от кешкен аға апаларымызға мәңгі бақи бас иіп өтеміз деп ашық тәрбие шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!
Ән: «Атамекен» Шынасыл міне Жансая, хор
Қорытындылау:

Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі
Тақырыбы:
«Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмтылмайды.»
Сыныбы: 3 «б
Сынып жетекшісі: Мағданова А.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий

9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...
Желбіре, Жеңіс жалауы!

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Мақсаты: Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен...
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Мақсаты: Оқушыларға ерлік пен батылдық туралы түсінік беру; Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш...
Бақыт гүлін терген күн

Бақыт гүлін терген күн

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады) Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді....
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы Ашық тәрбие сағатының жоспары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×