Сабақтың тақырыбы: Гүлдене бер, Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен таныстырып, әлем таныған ел екенін дәлелдеу.
Міндеттері: Сабақтың білімділігі: Оқушылардың білімділік дағдыларын кеңейту.
Сабақтың дамытушылығы: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн. Н. Ә. Назарбаевтың суреті. Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
1 - жүргізуші: 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
2 - жүргізуші: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
1 - жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел, «Туған ел» суреті
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
2 - жүргізуші: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті, бостандықты иеленгендер.
1 - жүргізуші: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Ән «Отаным - Қазақстан»
2 - жүргізуші: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
1 - жүргізуші: Халқымның мақтанышы - алып тұлға. «Бәйтерек» суреті
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
2 - жүргізуші: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев» суреті.
1 - жүргізуші: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
2 - жүргізуші: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Хор «Елім менің». Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б. Тілеуханов
«Астанаға саяхат» суреттер көрсетіледі.
1 - жүргізуші: Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне «Астана» суреті
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
2 - жүргізуші: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Отан туралы мақал - мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал - мәтел» жалғасын тап.
1 - жүргізуші: Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
2 - жүргізуші: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
1 - жүргізуші: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Гимн. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
2 - жүргізуші: Бұлт баспасын күнімді «Ту» суреті
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды -
Қасиетті борышым.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
2 - жүргізуші: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
1 - жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
2 - жүргізуші: Бабам тұлпар жаратты «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті хат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
1 - жүргізуші: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
2 - жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп - Әнұран?!
1 - жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Гимн.
2 - жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1 - жүргізуші: Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
«Сөзжұмбақ» шешу.
2 - жүргізуші: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор «Қазақстан»
Гүлдене бер, Қазақстан
- Lida.aspantaeva
- 16 қазан 2015
- 6590
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Гүлдене бер, Қазақстан атты сабақ жоспары, тәуелсіздік күніне арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Егеменді - елдігіміз, тәуелсіздік - теңдігіміз
Желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыздың асыл арманын ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту....Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...Тәуелсіздік тірегім
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Чапаев бастауыш мектебінің мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі Қасанғалиева Айгүл...Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің кепілдемесі
Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ту, Қазақстан...«Қазақ елім- Отаным»
Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.