Атырау қаласы,
№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Ғабдыжанқызы
Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры. Үшбұрыш.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 3 саны және цифрымен таныстыру; сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау; үшбұрыш, оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың көрнекіліктері: сандар, гүлдер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді.
Би билейміз ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты.
ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. - 0 санының сандар қатарындағы орнын айт.
1) 2>1; 1>0; 2>0 өрнектерін оқы не деп аталады? 2=2; 1=1; 0=0 не деп оқылады.
ІҮ. Жаңа сабақ: а). Түсіндіру: 3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1
Демек, 2 санына 1 санын қоссақ, 3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1 - дің қосындысы.
3 санының алдындағы санның қанша екенін табу әдісін үйрету.
3 - 1 =2
2 - 1=1
1 - 1=0
0 1 2 3
Ү. Жаңа білімді тексеру. - 2 санын, 3санын қалай шығарып аламыз?
- 3, 2, 1 санының алдындағы қандай сан?
- Оны қалай білдіңдер?
1 - сурет. 2қ+1қ=3 қ
2 - сурет. 3тікұ - 1 тікұ=2 тікұ.
3 - сурет. Үшбұрыштың қабырғалары кесінділер. Үшбұрыштың қабырғалары сәулелер.
VІ. Оқулықпен жұмыс. №1, №2, №3 тапсырмалар. Суреттің мазмұны бойынша балалар 2 + 1 = 3; 3 – 1 = 2 теңдіктерінің қалай құрылғанын түсіндіреді және оларды оқиды. 3 санын үш әдіспен шығарып алады. Заттарды санау арқылы, қосу амалының көмегімен, кесіндінің ұзындығын өлшеуді орындағанда.
3 санына дейін толықтыру жұмысын орындайды. Қосу мен азайтудың өзара байланысын көрсетеді. Жұмыстың келесі кезеңі 3 санының құрамымен таныстыру болып табылады.
Ол үшін мұғалім жинақ полотносына 3 үшбұрышты (2 көк, 1 қызыл ) қояды:
- Барлығы неше үшбұрыш?
- Көк үшбұрыш нешеу?
- Қызыл үшбұрыш ше?
Тапсырманы орындау барысында оқушылардың «3 - бұл 2 мен 1» деген қорытынды жасауы маңызды.
Алғашқы бекіту жұмысы үшін №2 тапсырма ұсынылады. Оқушылардан тура және кері санауды сұрайды. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем? Біреуі артық - бұл келесі сан. Біреуі кем - бұл алдыңғы сан»
2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға болады (ойындарға берілген нұсқауға қара).
Геометриялық материалды түсіндіру.
№3 тапсырманы орындау кезінде мұғалім белгілеріне қарай үшбұрышты табуды ұсынады. «Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай аласың?»
Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуді үйрету қажет. № 4 тапсырма логикалық ойлауларын дамытуға бағытталған.
Сергіту сәті.
VІ. Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену. 0, 1, 2, 3 қатарын жазу.
Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?
№1 тапсырма ойыншықтардың санына сәйкес цифрларды оқушылар табады және сызықтармен оларды қосады.
№2 тапсырма. 3 цифрын жазу жұмысы жүргізіледі және 0, 1, 2 цифрлары мен амалдардың таңбаларын жазу қайталанады.
Фигураларды көшіріп салуды сұрап, тапсырманы ары қарай күрделендіруге болады. Балалардың назарын фигура дәл болып шығу үшін нүктелердің арасындағы торкөздерді санау керек екеніне аударады.
№3 тапсырма сызықтарды бір – бірінен алыстатуға арналған.
VIІ. Сабақты қорытындылау.
VIІІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
3 саны және цифры. Үшбұрыш
- bibka
- 12 қазан 2015
- 5075
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 3 саны және цифры, үшбұрыш, математика, жоспар бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңыр өлең ауылы Қожбанбет би атындағы орта мектеп Абидоллаева Мерует Әшімқызы...6 санының құрамы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна...6 саны және цифры
Пәні: математика Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...4 саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Шарбану Нұрмашева Насырқызы Сабақтың тақырыбы: 4саны мен...3 саны мен цифры. Үшбұрыш.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Шарбану Нұрмашева Насырқызы Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.