Сайыс «Күш білімде»
Мақсаты: Бастауыш сыныптар арасында апталыққа байланысты сайыс өткізу
Міндеті: 1. Білім туралы мағлұмат беріледі.
2. Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін дамыту, ой - өрісін кеңейту, көркем сөздермен өз тұжырымын жасай отырып сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін, міне бастауыш сыныптар арасында өткізілетін «Күш білімде» атты сайысқа қош келдіңіздер.
2. Әділқазылармен таныстыру:
3. Сайыс ережесімен таныстыру: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
А) Әр топ басшысы өз тобымен таныстырады(топтың аты, ұраны)
Ә) «Блиц турнир» бөлімі
Б) «Мақал - мәтел» бөлімі
В) «Ойланбай жауап беру»
Г) «Буынды тап»
Ғ) «Жүйрік ой»
Д) «Сөз құрақ»
4. Келесі сөзді даярлық топ оқушыларына береміз:
1 - оқушы:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Күш білімде,
Білім кітапта.
2 - оқушы:
Білім берген мұғалім,
Өмірдегі зор ғалым
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
3 - оқушы:
Бастары компьютердей,
Бойлары бәрі бірдей.
Балалықты бірге өткізген,
«Қырандарға» бір сәлем!
4 - оқушы:
Келешекке үмітпен қарар,
Атақ - даңққа бөленер.
Сегіз қырлы ойшылдар,
«Құлагерлерге»бір сәлем.
1 сайысымызды кім бастайтынын жеребе тастау арқылы анықтау.
Қыран Құлагер
1 кезең: «Блиц турнирі»сұраққа жауап беру.
1 топ
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
2. Жаңа ән ұран қай кезде шырқалды?
3. Қазақстан Республикасының валютасы(теңге) қашан енгізілді?
4.«Кел балалар оқылық»өлеңінің авторы кім?
5. Басты байлық не?
6. 12 ай
7. Күйді орындаушы адам?
8. Ұя салмайтын құс?
9. Заттың атын білдіретін сөз табы?
10. Қазақша жылдың басы?
11. 16 желтоқсан қандай күн?
12. Абылайдың шын аты кім?
13. Есту мүшесі не?
2 топ:
1. Қазақстан мемлекеттік рәміздерін ата
2. Жаңа ән ұранның авторлары кім?
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?
4. Көру мүшесі?
5. 100 жыл
6. Екі ақынның өлең жарысы?
7. Күндіз көрмейтін құс?
8. Жылдан құр қалған жануар?
9. 9мамыр қандай күн?
10. Үш биді ата
11. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
12.«Ғылым таппай мақтанба»өлеңінің авторы кім?
13. Орман дәрігері?
2 кезең: «Мақал - мәтел» бөлімі
1 топ:
Байлықтың атасы - еңбек,.......(анасы жер)
Сөз сүйектен өтеді.......(Таяқ еттен өтеді)
Жүз теңгең болғанша......(Жүз досың болсын)
Арпа, бидай ас екен......(Алтын күміс тас екен)
Өзің жетпеген жерге......(сөз жетер(
2 топ:
Таспен ұрғанды.....(Аспен ұр)
Өнер алды алды....(қызыл тіл)
Әкеге қарап ұл өсер......(Шешеге қарап қыз өсер)
Бейнетсіз......(рахат жоқ)
Ұяда не көрсең.......(Ұшқанда соны ілерсің)
3 кезең: Ойланбай жауап бер.
1 топ:
Бүркітті қондыратын орын?(Тұғыр)
Қыз тұрмыс құрғанда киетін бас киім?(Сәукеле)
Қазақша жыл басы?(Наурыз)
Сөздің ең кішкентай бөлшегі?(Дыбыс)
Жығылу сөзінің синонимі?(Құлау)
Тамақтану сөзінің синонимі?(ауқаттану, қоректену)
Болашақ сөзінің синонимі?(Келешек)
Батырдың қорғанатын сырт киімі?(Сауыт)
Балалар әдебиетінің атасы?(Ыбырай)
2 топ:
Батырдың қорғаныс қаруы?(Қалқан)
Бір өркешті түйе?(Нар)
Қасқырдың баласы?(Бөлтірік)
Сөздің көркі?(Мақал)
Сыпайы сөзінің синонимі?(Биязы)
Құпия сөзінің синонимі?(Сыр)
Сөндіру сөзінің синонимі?(Өшіру)
Күш көліктің тұяғына қағатын зат?(Таға)
4 кезең: «Буынды тап» ойыны. Шашыраған буыннан сөздер құрау. Кім көп сөз құрайды.
Бо, қас, ран, су, қыр, ық, ор, түл, ман, кі, мек, су, теп, рет, көк, қа, тем, лам, еш, қар, та, ға, пар.
5 кезең: «Жүйрік ой»бөлімі. Бұл бөлімде тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастыру.(2 минут)
Тірек сөздер: аспан, жер, найзағай, жаңбыр, көктем, шөп.
6 кезең: «Сөз құрақ»бөлімі. «Қарлығаш»деген сөзден 2 минутта көп сөз ойлап шығару.
Келесі сөзді әділқазыларға береміз.
Осымен «Күш білімде»атты сайысымыз аяқталды.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!
Күш білімде атты сайыс
- Shaka_77
- 22 қыркүйек 2015
- 3736
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жарыс, сайыс сабақ бастауыш сыныпта
Ұқсас жаңалықтар:
«Ана тілі – жүрек үні» өзара топ сайысы
Қазақ тілдер мерекесіне орай өткізген 8-9 сыныптар арасындағы «Ана тілі – жүрек үні» өзара топ сайысы....Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...Жыл оқушысы - 2015
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима...Озық ойлы оқушы (сайыс сабақ)
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...Бүгінгі шәкірт – көгершін, болашақта көгерсін
Жезқазған қаласы №10орта мектебінің математика пәні мұғалімі Есенбаева Эльмира Амировна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.