Сайтқа кіру Тіркелу

Қайратым – қайсарым. Ж. Дауренбек

Әдебиеттік оқу 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым. Ж. Дауренбек
Сабақтың мақсаты: 1. Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайратты халқымыздың ұлттық батыры ретінде естен шығармауға, дәріптей білуге үйрету.
2. оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, мультимедиа

Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Егеменді елімнің
Болашағы мен болам.
Қызығушылықты ояту.

II. Ой қозғау: Оқушылар өткен сабақта өткен Қазақстан, Туған өлкем өлеңдерін кім мәнерлеп айтып береді?
- Өлеңдер не туралы айтылған?
Қазақстан, Отан, туған ел туралы.
Қазақ елінің ел болып қалыптасуында, егемендік алу жолында, ұлттық намысы, өз тәелсіздігі жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді.

1 - оқиға
XIII ғасырдағы Шыңғысхан түмендері тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Бұл шайқаста Шыңғысхан жеңіп, өздері опат болғанымен ұлттың қайсар рухын әйгілеп кетті.

2 - оқиға
XVIII ғасырдың орта шеніндегі Жоңғар шапқыншылығы. Ата-мекенімізге 70 мыңға жуық қолмен лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын басып алып, жерімізді алу. Жоңғарларды жеңуде үш жүздің басын қосып жинаған Абылайхан мен Қабанбай батыр еді.

Қазақ елі
Бүгінде тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жалпақ әлемнің назарын аударған, тәуелсіздік алып келген 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы.

Бізге бүгін сол тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, бірақ бізге егемендіктің көк туын желбіретіп әперген желтоқсан оқиғасы еді. Өз елінің азаматтығы жолында көптеген аға - апаларымыз қыршыннан қиылды. Осындай азаматтық жолындағы көтерілісте өз елінің намысын қорғаған қаһарман ағамыз Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков туралы «Қайратым – қайсарым» атты әңгімемен танысқалы отырмыз.
(Қайраттың суреті)

Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі – Ноғайбай, анасы – Дәметкен. Үйдегі 7 баланың үшіншісі. Әскерден келген соң Алматы қаласындағы Сәулет - құрылыс институтының студенті болып оқуға түседі.

III. Жаңа сабақ Мағынаны тану.
Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып түсіндіру.
- Қайрат кім? (қаһарман, қазақтың қайсар ұлы)
- Қайсар Қайрат өз өлең шумағында не дейді?
- Қайрат неше жыл ғұмыр кешті?
- Халқын қалай табындырды? (сүйіп, қорғап, әлемге танытып, табындырып кетті)
- Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 16 - желтоқсанда)
- Тәуелсіздік үшін күрескен боздақтарымыз кімдер?
Ләззат, Сәбира, Ербол, Қайрат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
К. Табей «Ол ақын болар еді»

К. Табей «Ол ақын болар еді»

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Айтолкын Алтынбековна...
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Ар - намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!

Ар - намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
Ол ақын болар ма еді?

Ол ақын болар ма еді?

Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы жайлы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын...
Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан жаңғырығы

Дәстүрлі емес сабақ жоспары (Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған бірыңғай қазақ тілі күні) Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы!...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×