Сайтқа кіру Тіркелу

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі

Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі. Ауыл мектебінің мәселелесі – қазақтың елдігінің мәселесі. Ауыл мектебінде – қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі, ата - ана, халық арманын арқалаған жас жеткіншек – ұрпағы оқып, тәрбиеленіп, өсіп жатыр.
Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек” деген.

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу - тәрбие жұмысының сапасын артыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы он жылда екі есе өсіп, мектептердің басым көпшілігін құрап отыр.

Оқушыларды даму ерекшеліктері мен деңгейлерін жан - жақты ескере отырып, олардың өздігінен білім алу, өз - өзін ұйымдастыру және мүмкіндіктерін таныта білу қабілеттерін қалыптастыру - шағын жинақты мектептің басты міндетті.

Шағын жинақты мектептердің ерекшелігі – бала санының аздығына байланысты сыныптардың біріктіріліп оқытылуы. Екі сынып біріктірілгендіктен мұғалімнің апталық жүктемесіне өзгерістер енгізіледі. Сондықтан мұғалімге бір уақытта, яғни бір 45 минутта екі сыныпқа қатар сабақ өткізуге тура келеді. Осыған байланысты мұғалім әр сыныпқа жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Біріктірілген сыныптардағы сабақты ұйымдастыру мұғалімдерге, жас мамандарға қиындық туғызады және кез келген мұғалімнен шығармашылық ізденісті, кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Ұсынылып отырған сабақ шағын жинақты мектептердің мұғалімдеріне, жас мамандарына көмек болады деп ойлаймын.

Әдебиеттік оқу 3 - 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. 3 сынып.
Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі. 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі туралы түсінік беру. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету.
2. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Сөзге шешен болуға жаттықтыру.
3. Оқушыларды шымыр болуға, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, спортшылардың суреттері.

Сабақтың барысы
І Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Мұғалім сабақты саяхат түрінде өткізеді.
- «Адам – керуен, өмір - жол» демекші, бүгінгі сабағымызды «Жеті ата» ауылына жолға шығамыз. Өздерің білесіңдер, әр адам өзінің жеті атасын білуі тиіс. Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген нақыл сөз бар. Сендерге сәттілік тілеп, «Жеті ата» ауылында кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындауларыңа тілектеспін.

1 - Ауыл. Ата ауылы. Суретпен жұмыс

Спорт түрлері бейнеленген суреттер беріледі. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды.
- Спорт не үшін қажет?
- Суретте берілген спорт түрлері туралы не білесіңдер?

2 – ауыл. Әке ауылы. Тірек - сызбамен жұмыс.
Берілген тірек - сызба бойынша оқушылар өз ойларын айтып, ойтұжырым жасайды.

Ойтұжырым:
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.
Салдыр мен үннің қатысты арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз.

ІІ Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.

3 – ауыл. Бала ауылы.
Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы жаттығуларды орындайды.
3 сынып 4 сынып
Мұғалімнің басшылығымен

2 - Тапсырма
Метаграмманы оқып, шешуін табу.
Тарақта бар,
Шашта жоқ.
Тамақта бар,
Аста жоқ.

Өңірде бар,
Өмірде жоқ.
Жеңілде бар,
Ауырда жоқ.
Жауабы: қ және ң дыбыстары

Оқушының өздік жұмысы

Оқушыларға осыған ұқсас жұмбақ құрастыруға болады. Оқушының өздік жұмысы
2 – тапсырма
Жұмыс дәптерінде берілген мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазу. Қатар келген дауыссыз дыбыстардың үндесуін тауып, астын сызу.
Мұғалімнің басшылығымен
3 - тапсырма
Құрамында қатар келген қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздер жазып, оларға дыбыстық талдау жасаңдар
Үлгі: концерт

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×