Сайтқа кіру Тіркелу

Сүйемін, өскен Отаным

Сабақтың тақырыбы: «Сүйемін, өскен Отаным» М. Мақатаев
Мақсаты: 1. Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру.
2. Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту.
3. Өз елін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер. слайд, мақал - мәтелдер
Түрі: Аралас сабақ
Әдістері: Түсіндіру, оқыту, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Жаңа технология: Сатылай кешенді талдау, жалпы оқыту дағдыларын дамыту
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» психологиялық
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу.
ә) Лирика дегеніміз не?
3. Жаңа сабақ
а) Мына өлеңдерді еске түсірейік. Үш бақытым. Әліппе
Осы өлеңдердің авторын атаңдаршы
Дұрыс, осы өлеңдердің авторы қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса
дарынды ақын Мұқағали Мақатаев. (М. Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығынан мәліметтер беру)
Балаларға М. Мақатаевтың өлеңдерін оқыту.
Иә балалар, М. Мақатаевтың өлеңдерінде сөздің сұлулығы мен ойдың асқақтығы астасып, үйлесіп тұрады. Сондай өлеңдерінің бірі – Сүйемін, өскен Отаным!
ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
б) Оқушыларға оқыту
Іштей оқыту.
Дауыстап оқыту
в) Дәптермен жұмыс: Түсіндірме сөздік: ескегін(желін, самалын), сұлаған(созылып жатқан)
Сатылай кешенді талдау
1. Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным!
2. Авторы: Мұқағали Мақатаев (өмірі туралы айтып өту)
3. Шығарма түрі: өлең.(поэзия). Себебі, белгілі бір өлшеммен алынған қиыстырып үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі
а) 8 шумақтан тұрады. Шумақ дегеніміз аяқталған біртұтас ойды білдіреді
ә) 32 тармақтан тұрады. Тармақ бұл өлеңнің әрбір жолы.
4. Мазмұны: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау.
5. Түсіндірме сөздік: ескегін(желін, самалын), сұлаған(созылып жатқан)
6. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
г) Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шығады.
Ақын М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде(соңғы жолдарында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жаз.
Қ. Аманжолов:
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Менде аямай барым саған беремін
М. Мақатаев:
Қарыздармын сондықтан
Беремін талай жырымды

Қорытынды:
Бүгінгі сабақта қандай мәтінмен таныстық?
Мұқағали кім?
Балалар сендер осы М. Мақатаевтың өлеңдерінен нені байқадыңдар?
- М. Мақатаев аға дарынды ақын екендігін байқадық.
- Сөздерінің сұлулығын байқадық.
- Туған жерін өте қатты сүйетінін байқадық.
- Ойының асқақтығын байқадық.

Отан туралы мақал - мәтелдер оқыту.
М. Мақатаев өлеңінің соңында туған жерге қарыздармын, сондықтан да беремін талай жырымды дейді.
- Ал, сендер туған жерлеріңді сүйесіңдер ме?
- Өздерің туған жерге не берсем деп ойлайсыңдар? – деген сұрақтарға жауап алынады.
Балалар туған жер туралы өте көп мақал - мәтелдер бар. Сендер мына мақалдардың жалғасын табыңдаршы:
1. Туған елдей ел болмас,
2. Кісі елінде сұлтан болғанша,
3. Отансыз адам,
4. Туған жердей жер болмас,
5. Отан үшін отқа түс,
6. Төртеу түгел болса,
7. Ынтымақ түбі - …

Үйге тапсырма:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Туған ел тақырыбына шығарма жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×