«№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөздегі дауыссыз к мен г әріптерінің орны, оларды дұрыс қолдану жолдарын түсіндіріп, осы дыбыстар кездесетін сөздерді дұрыс айту жолдарын қалыптастыру;
2. Сөйлеу шеберліктерін қалыптастыра отырып, ой - өрістерін жетілдіру, дыбыстық жүйе туралы білімдерін арттыру;
3. Еңбексүйгіштікке баули отырып, сауаттылыққа, әдемі таза жазуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекіліктік, түсіндірмелі, талдау - жинақтау, т. б.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2. Үй тапсырмасын тексеру: демалыс уақытында берілген тапсырмаларды тексеру, бағалау.
3. Өткенді пысықтау:
Дауыссыз к мен г дыбыстардың жазылуын еске түсіру
4. Жаңа сабақ:
Каллиографиялық минут: күмбез, гүлзар деген сөзді жаздыру. Осы сөзге дыбыстық талдау жасату. - Енді тақтадағы суретке назар аударайық. Суреттен нелер бейнеленген? (үйрек, түлкі)
- «Үйрек» деген сөздің соңғы әрпі қандай? К қандай дыбыс?
- Ал мынау ненің суреті? Түлкі туралы не білеміз? Ол туралы қандай сергіту жаттығуын жасаушы едік.
- Бұл ненің баласы? Мына тақтадағы сөздерді дұрыс жазайықшы:
Ол түлгінің баласы. Үйрегтер суға шомылды. Талдар бүршікін жарды..
- Осы сөздердегі қай сөздер дұрыс жазылмай тұр? Біз қалай дұрыс жазамыз? Түлгінің – түлкінің, үйрегтер – үйректер бүршікін - бүршігін болып дұрыс жазылады. Сонда к дыбысы неге г дыбысына айналады.
(оқушылар ережені естеріне түсіреді.) Енді мына суреттерге назар аударайық:
(Еңбек түрлеріне байланысты сюжетті суреттер)
- Бұл суреттерде балалар не істеп жүр? Олардың осы іс - әрекеттерінен олардың қандай қарым - қатынаста екенін аңғаруға болады? (дос, тату)
- Еңбек, достық, бірлік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? (өздері білетін мақалдарын айтады)
159 - жаттығу: Мақалды оқытып, талдау жүргізу. Мақалды жаттатып, жатқа жаздыру:
Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке. – осындағы еңбек, көп сөздеріне і дыбысын жалғап, өзгерту.
Еңбек - еңбегі, көп – көбі (болған өзгерісті анықтап, себебін түсіндірту)
158 - жаттығу: өлеңді оқып, талдап, көшіріп жазып алу. Соңғы дыбысы өзгерген сөздер:
Тірегі – (тірек), жүрегі – (жүрек) – Бұл сөздер неге өзгеріп тұр?
5. Сөздік диктант:
Әйнек - әйнегі, тірек – тірегі, бүйрек – бүйрегі, кесек - кесегі.
- Бұл сөздер неге өзгерді? К дыбысынан кейін қандай дыбыстар жалғанып тұр?
6. Сергіту сәті: Көжегім тұршы, бетіңді жушы.
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы
Таза боп киінші, мектепке жүгірші.
161 - жаттығу: Сөздерге дыбыстық талдау жасату:
Шымшық – сөзде 6 әріп, 6 дыбыс, екі буын бар. Ш – д\з, қатаң, ы – д\ы, жуан, м – д\з, үнді, қ – д\з, қатаң
(келесі сөздерді де осы ретпен талдау жасап жазу)
160 - жаттығу: берілген ребусты шешіп, шешуін қатыстырып, сөйлемдер құрату
Шешуі: П А Р А Қ.
Терме диктант: сөздің басы мен соңы к дыбысына аяқталып тұрған сөздерді теріп жазу:
Күрек, жүрек, көктем, көбелек, көкпеңбек, көгілдір, күрке, көк, көкек, күмбез, көрік, кеуек, күшік.
6. Қорытынды: жылжымалы карточкалармен жұмыс:
Орны ауысқан сөздерді, орнына жылжыта отырып, қою:
1. жердің шүйгін ол шөбі
2. көжегі қоянның екен қорқақ
- Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?
- Сонымен к мен г дыбыстары қалай жазылады екен?
7. Үйге тапсырма: 162 - жаттығу, 52 – бет
8. Бағалау
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.