Сайтқа кіру Тіркелу

Отан. Жақан Смақов

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
«№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна

Сабақтың тақырыбы: Отан. Жақан Смақов
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, өлеңнің негізгі ойын, тәрбиелік мәнін ашу.
2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой - пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін, сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу, дамыту.
3. Өлеңнің негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, т. б.
Көрнекілігі: Суреттер, тірек - сызбалар, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау;

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Қартқожаның туған жері» мәтінінің мазмұнын әңгімелету
- Қартқожаның туған жерге деген сүйіспеншілігін жазушы қалай суреттеген?

3. Психологиялық тренинг:
Баяу музыка әуені ойнап тұрады: көздерімізді жұмып, қазір ұшақпен Астанаға ұшамыз, кәне бәріміз Астанамызды елестетейік, Астана қандай ғажап қала! Тағы да ұшаққа отырып, биікке көтерілеміз.
Барлық Қазақстанның үстіне әуелете ұшып жүрміз.

1. Жаңа сабақ:
- Қиял әлеміне еріп қайда бардық? Сендерге қиял әлемі саяхаты ұнады ма? Несімен ұнады?
- Ал, өздерің осы Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Өсіп азамат болғанда өз елдерің, туған жерлерің үшін қандай қызмет жасар едіңдер?
- Иә, өз туған жерін көркейту, әр адамның перзенттік борышы. Өйткені ол біздің Отанымыз. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл деген дана халқымыз.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық:

д О с т ы қ
е л Т а ң б а
қ а з А Қ
а Н а
1. Ұлт бірлігі, татулығы
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі
3. Ұлттың аты
4. Мейірімді жан

- Ерекше сызықтан қандай сөз шықты? Отан деген не? Отан сөзінің мағыналас сөздерін табу;
- Әр ақын жазушы өз туған жеріне, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін өлеңмен, түрлі шығармалары арқылы жеткізген. Сол сияқты біз бүгін Жақан Смақовтың «Отан» деген өлеңімен танысамыз.
- Ж. Смақов – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Ол кісі балаларға да арнап бірнеше өлеңдер жазған екен.
1. Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқып, әр шумақтарын тоқталып, талдап, түсіндіру; Сөздік жұмысын жүргізу
2. Оқу түрлері:
а) Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;
ә) Шумақтап бөліп оқыту;
б) Тауып оқыту;
Оқулықтағы сызба бойынша жұмыс жүргізу:
3. Сергіту сәті: жаттығулар жасату;
4. Дәптермен жұмыс:
Отан, туған жер тақырыбына біз де өз сүйіспеншілігімізді бір шумақ өлеңмен өрнектеп көрейік
(Оқушыларға тірек сөздер бере отырып, бір шумақ өлең шығарту, шығарған өлеңдерін оқыту)

5. Бекіту: «Сиқырлы сөздер» ойыны:
А О Т Н
ТЖУЕҒРАН
НЕАКТЕАМ
Жауаптары: Отан, Туған жер, Атамекен;
- Осы сөздер туралы не айтасыңдар?
- Бұл сөздердің бүгінгі өтіп жатқан өлеңімізге қандай қатысы бар?
6. Поэзия минуты: «Айгөлек» журналынан «Менің елім осындай» өлеңін оқу, салыстыру
7. Қорытынды:
- Ақын өлеңінде Отанды қалай суреттеген?
- Мына суреттердің осы өлеңге қатысы бар ма? (осы суреттер арқылы өлең шумақтарын айтқызу)

8. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу; 72 – бет
9. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×