Сайтқа кіру Тіркелу

«Әже» Ф. Оңғарсынова

Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле

Сабақтың тақырыбы: «Әже». Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ф. Оңғарсынова туралы толық мағлұмат бере отырып, “Әже” өлеңінің мағынасын ашу. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге дағдыландыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорларын молайту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, әжелерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: Қызығушылығын ояту, проблемалық ізденіс, ситуациялық талдау.
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, тест тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика, қазақ тілі.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі;
а) Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып, ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
2. Үй тапсырмасын тексеру;
а) Жылу Ф. Оңғарсынова 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау.
ә) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;
б) Тест тапсырмасы (5 сұрақ), интерактивті әдісі бойынша өзіндік бағалау жұмысы.
в) Топтастыру: “Фариза”
Фариза Оңғарсынова

Атырау облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылы
Ақиық ақын
Мәжіліс депутаты

1) Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
2) Оқулықпен жұмыс
3) Мақалдың мағынасын ашу
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Екеуі де жылылық сыйлайды.
Күн - жер бетін жылытады
Ана - үй ішін жылытады
4) Сөзжұмбақ шешу
Батыр, алғыр баламыз,
оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
- Сөзжұмбақ шешу: "Әже"

5) Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру
* Балаларға іштей оқыту.
* Балаларға тізбектей оқыту.
* Үзіп - үзіп оқыту.
4. Сергіту сәті.
5. Дәптермен жұмыс.
Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру.
Ақын қолданған көркем сөздердің мағынасы:
Ренжіп, ашуланып
Мақтап, шаттанып
6. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. «Әже» тақырыбында эссе жазу.
2 - топ. «Әже» тақырыбында өлеңдер айту.
3 - топ. 4 жол өлең құрастыр:
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін
......................................,
.........................................
(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)
7. Деңгейлік тапсырмалар.
8. Қорытындылау.
- Балалар кімнің өлеңін өттік?
- Өлең кім туралы айтылған?
Әже

Әкеміздің анасы
Қамқоршы
Ақылшы
Ертегі айтады

- Кім әжесін жақсы көреді?
- Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды?
- Әже еңбегін қалай ақтар едің?

10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма беру: Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×