Сабақтың тақырыбы В. Сухомлинский. Нағыз адам
Сілтеме Әдебиеттік оқу 3 сынып Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатай
Жалпы мақсаттар Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу.
Міндеттері
- Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғындыру;
- Үлкенді сыйлауды, адамгершілік қасиетке, қайырымды болу керектігін түсіндіру.
- «Адамгершілік - асыл қасиет» екенін білдіру;
Оқыту нәтижесі - Мәтіннің мазмұнының мағынасын ұғынды;
- Үлкенді сыйлауды, адамгершілік қасиетке, қайырымды болу керектігін түсінді
- «Адамгершілік - асыл қасиет» екенін білді.
Тапсырмалар 1 - тапсырма. Қарама - қарсы сұрақтар.
2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта, түйін.
3 - тапсырма. Серпілген
4 - тапсырма. Бес жол өлең.
5 – тапсырма. Бірге ойлаймыз. В. Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
6 – тапсырма. Жинақтау «Сен маған, мен саған»
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!
Бүгінгі көңіл - күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
Топқа бөлу
Сынып оқушыларын 2 топқа отырғызу (жемістер арқылы топқа бөлу алма, шие)
Ой қозғау (үй тапсырмасын қорыту)
1 - тапсырма Қарама - қарсы сұрақтар:
Қария адамнан біреу не деп сұрады?
Жолаушы қайда келе жатыр еді?
Керуеннен неге қалып қойды?
Несі таусылды?
Жолаушы нені көрді?
Неге қатты қуанды?
Кеседегіні не деп ойлады?
Кеседе не тұр екен?
Жолаушы неге қатты ренжіді?
Құмнан не шығып жатыр екен?
Құмды ашқанда нені көрді?
Аш адамға неден түк пайда жоқ?
Оның неше ділдәсі бар еді?
Қанша меруерті бар еді?
Ақша оны қайда жеткізе алмады?
Кімге ақшасы, меруертін тастап, адал болсын деді?
Суға жетуге неше шақырым жер қалған?
Мұны білген жолаушы суға жетті ме?
Жолаушы қалып қойған керуен қайда тынығып жатыр екен?
Әлгі өлікті кім жерледі?
Тасқа не деп жазды?
Жүз ділдәні не істеді?
Бір кесе меруертті не істеді?
Өмірінде неге қатты қуанған екен?
Өмірінде неге қатты кейіген екен?
Ой дамыту.
2 – тапсырма. Негізгі ойды анықта, түйін.
Ребус шешу
- Ас атасы?
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Халық кегінің күйшісі кім?
-«Кел, балалар оқылық!» деп ұран тастаған кім?
- Бұхар жырау жырлаған үш қазақ батырының бірі?
- «Ұшқан ұя» романын жазған кім?
- Мөлдір суы бар шыңырау, терең ол не?
- «Ғылым таппай мақтанба?»-, деп жырлаған ақын кім?
- Құрманғазының Динаға берген сыйы?
Н А Н
Д И Н А
Қ Ұ Р М А Н Ғ А З Ы
Ы Б Ы Р А Й
НА У Р Ы З Б А Й
А Б А Й
ҚҰДЫҚ
БАУЫРЖАН
ДОМБЫРА
Ал, балалар, мына суретке қарайықшы.
Ендеше осы сурет желісінен нені байқап отырмыз?
«Мағынаны таны»
Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді
- Қамқорлық дегенді қалай түсінесің?
- Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
/Мына қасиетті сиқырлы тасқа айтып берші/
Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді топта бөліктер бойынша тізбектей оқыту.
- Мәтін үзіндісінен түйінді ой айту және тақырып қою
- Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқытып, балалардың іс - әрекетіне баға бергізу.
3 - тапсырма. Серпілген сауал (Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар беру)
Осы мәтінді оқи отырып не ұқтық?
- Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті?
- Екінші келген адам неліктен шелегін тастамай кетті?
- Үшінші адам неліктен шелегін тастап кетті?
(басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейлерін тексеру)
4 - тапсырма. Бес жолды өлең.
Үшінші жолаушы мейірімді, қайырымды, ақылды шелегін сыйлап кетті.
(Оқушылар өздерін бағдаршамның түстері арқылы бағалау)
5 – тапсырма. Бірге ойлаймыз.
Топтық жұмыс. В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтініндегі түйін оқушылар көзқарасымен.
1 топ – «Адамгершілік - асыл қасиет» туралы эссе жазу.
2 топ – Авторға хат жазу
6 – тапсырма. Жинақтау «Сен маған, мен саған»
- Мәтін бойынша бір – бірлеріне сұрақ қойдыру.
- Бүгінгі танысқан мәтіндеріңнен қандай түйінді ойға келдіңіздер?
- Ендеше сабағымызды ақын – жазушылардың Адамгершілік туралы өлеңімен аяқтағалы отырмыз.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бағалау. Инсерт әдісі
Не білдім? Не ұнады? Не қызықты болды? Не білгім келеді?
Рефлексия
Жасыл түс «өте жақсы»
Сары түс «орташа»»
Қызыл түс «мүлде түсінбедім»
Үйге тапсырма.
Оқыған мәтіндеріңді пайдаланып, «адамгершілік - асыл қасиет» деген тақырыпта әңгіме жазып келу
Нағыз адам
- марта
- 28 сәуір 2015
- 7907
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сухомлинский, нағыз адам мәтіні, бастауыш сынып жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...В. Сухомлинский. Қатқан нан
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының...В. Сухомлинский «Ақ шаш»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының...Бердібек Соқпақбаев "Шал мен бала"
Сабақтың мақсаты: әңгіменің идеялық мазмұнын ашып көрсету. Білімділігі: Оқушыларға әңгімнің негізгі мазмұны, ойы адамгершілікке, Ізгілікке,...Қамқорлық
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.