Сайтқа кіру Тіркелу

Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)

Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызы

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. (Литва ертегісі)
Сілтеме: Ана тілі 3 сынып Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатай
Слайд; Интернет желісі;. google. kz.
Жалпы мақсаттар Оқушыларға ертегі жайлы мағлұмат бере отырып, «Егінші мен қасқыр» ертегісінің негізгі идеясын ашу.

Міндеттері:
- Ас атасы нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды
ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі
мазмұны арқылы айтып ұғындыру;
- Нанның дастарханға келу жолын түсіндіру;
- Нанды ысырап етпеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі:
- Ас атасы нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды
ас екендігін оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі
мазмұны арқылы ұғынады.
- Нанның дастарханға келу жолын түсінеді.
- Нанды ысырап етпеуді үйренеді.
Тапсырмалар 1 - тапсырма. «Ой қозғау» сатысы (үй тапсырмасына шолу жасау)
2 – тапсырма. Ой шақыру. «Ойлан, тап»
3 - тапсырма. Миға шабуыл
4 - тапсырма. Көршіңе әңгімелеп бер.(топтық жұмыс)
5 – тапсырма. Кубизм (Жұптық жұмыс)

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу

Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»
- Балалар, біздің жүрегіміз қандай?
- Жұмсақ, жылы, ақ.
- Ендеше, сол жүрегіміздегі жылылықты бір – бірімізге ұсынайық.
О, достарым, келіңдер,
Қуанып қазір қол соғам.
Мынау - менің жүрегім,
Одан бәрі басталады.
Мынау – менің басым,
Осы бәрін басқарады.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!

Топқа бөліну.
Сынып оқушыларын түстер бойынша 2 топқа отырады.(қызыл, сары)

Бағалау көрсеткіштері
1. Өткен сұрақтарға жауап беруі
2. Ертегіні түсінуі, баяндауы
3. Топпен, жұппен жұмыс жасауы
4. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Білу. Ой қозғау,
(үй тапсырмасына шолу жасау)
- «Құмырсқа мен шегіртке» өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
- Мысалда не туралы айтылған?
- Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
- Сен құмырсқаның орнында болса, не істер едің?

1 - тапсырма. «Дөңгелек үстел»
І топ. мысалдың басты кейіпкерлері шегіртке мен құмырсқаны салыстыр.
Венн диаграмма
• Шегіртке ----------
• Құмырсқа ------------
• Ортақ қасиет ----------------

ІІ топ. – «Құмырсқа мен шегіртке» мысалын көрініс түрінде көрсету.

Бағдаршам түстері арқылы топ бір – бірін бағалайды.

- Ал бүгін қандай шығарма оқиды екенбіз, білгілерің келе ме?
Түсіну.
2 – тапсырма. Қызығушылықты ояту. «Ойлан, тап»
10: 2= (екінші әрпі)
5: 5 = (үшінші әрпі)
3*3= (бірінші әрпі)
2*1= (бірінші әрпі)
4*2= (үшінші әрпі)
10: 5 = (соңғы әрпі)
Дұрыс шешкенде «Ертегі» сөзі шығады.
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?

Ертегі мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады. осындай ертегі түрлері арқылы халықтың ой - арманы, әдет - ғұрпы, мұң – шері, арман – мұраты баяндалған.
● Е Р Т Е Г І

•Тұрмыс - салт ертегілері
• Хайуанаттар туралы ертегілер
• Қиял - ғажайып ертегілер
- «Егінші мен қасқыр» ертегісімен танысамыз.

Қолдану.
3 - тапсырма. Миға шабуыл
- «Егінші мен қасқыр» ертегісі не туралы болуы мүмкін?
Тірек сөздер: егінші, нан, қасқыр, жер жырту, тырмалау,, тұқым себу, қара бидай, баулау керек, маялау, диірменге апару, ұн ғып тарту керек, қамыр ашыту, пісіру

Мағынаны тану.
1. «Егінші мен қасқыр» ертегісін көрініс арқылы көрсету

Басбармақ арқылы формативті бағалау
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінген - деймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Серпілген сауал.
- «Егінші мен қасқыр» ертегісіндегі негізгі айтайын деген ойы не деп ойлайсыңдар?
- Нанның дәмі неліктен дәмді деп ойлайсың?
- Қасқыр неге бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей – ақ қояйын деді?

2. Әр топтан бір оқушыдан шығарып рөлге бөліп оқыту.
- Кәсіп етуге ерінген қасқырдың өмірі не болады деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті. Шырша биі

Талдау.
4 – тапсырма. Жұптық тапсырма. Кубизм.
Текше иіреміз, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береміз.
1. Сипаттаңыз. Егіншінің қасқырға нан табудың жолын үйретуді суретте.
2. Салыстырыңыз. Осы ертегі кейіпкерлерін «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісіндегі кейіпкерлермен салыстыр
3. Зерттеңіз. Бұл шығарма неліктен ертегіге жатады деп ойлайсыз?
4. Қолданыңыз. Ертегідегі кейіпкердің қандай қасиетін үлгі етіп алар едің?
5. Талдау жасаңыз. Осы ертегіде кімге қарсы шығар едің? Неге?
6. Дәлелдеңіз. Ертегідегі негізгі ойды көрсететін жерін тауып оқып бер.

Болжау әдісі
Ертегіні өз ойыңша жалғастыр
Қасқыр бұл күнде қалай күн көріп жүр деп ойлайсыңдар?
Егер сен қасқырдың орнында болсаң не істер едің?

Жинақтау.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Ертегіні оқу барысында егінші мен қасқырдың іс - әрекетіне байланысты қатты әсер еткен тұстарын жазып, оған өз пікірін қалдыру.
• Ертегіден маған әсер еткен тұсы ----------------
• Менің пікірім ---------------------

Ой толғаныс:
« Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады
деп ойлайсыңдар?
Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған.
- Бұл ертегінің негізгі мазмұны не?
- Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел айта
а аласыңдар?
1 1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Ас атасы - нан.
3. Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ
4. Нанға құрмет - елге құрмет.
5. Нан – дастархан байлығы
6. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×