Сайтқа кіру Тіркелу

Шегіртке мен құмырсқа (Мысал)

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы қасиеттерді ажырата алуға, баға беруге үйрету.
Сабақтың міндеттері: а) Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдыққа бейімделеді.
ә) Оқушылар алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа үйренеді.
б) Оқушыларға эстетикалық тәрбие, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерге қалыптасады.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: «Автор орындығы», «Миға шабуыл», «Топпен ойлан, бөліс», «Ойлаудың алты қалпағы», Венн диаграммасы.
Оқудың нәтижелері: 1. Мысалды меңгере отырып, негізгі ойды түсінеді.
2. Жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажырата алады.
3. Мысалдағы іс - әрекеттерге баға бере отырып, қорытынды жасай алады.
Негізгі дерек көздер: Бейнетаспа, «Жаңа форматта білім беру үлгілері» жинағы, «Интербелсенді әдістеме» жинағы
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, көрсетілім, бағалау парағы, флипчарт, жұмбақ, авторлар суреттері.

Сабақтың барысы:
Сабақ бөлімдерінің мақсаты
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Білу 10мин
Оқушыларды топтастыру.

Үй тапсырмасын сұрау: «Күзгі орманның көріністері» мәтіні.
Тапсырма беру:
Мәтінге сүйене отырып, күзгі орманды, тиінді, борсықты, қоянды сипаттау.

Жаңа сабақ:
«Миға шабуыл» әдісі бойынша адамның бойындағы кездесетін қасиеттер туралы оқушыларға сұрақтар қою. Тақтадан стикерлерге жазылған сөздерді оқушылар алып, өздерінің мінездерін біледі.
Стикерлердің түстеріне қарай 5 топқа бөлінеді.

1 - топ күзгі орманды
2 - топ тиінді
3 - топ борсықты
4 - топ қоянды сипаттайды.
5 - топ әңгімені ары қарай жалғастырады.

Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жасаған постерлерін қорғайды
Түсіну 10 мин. Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру.
Екі басты жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
Ат басты, арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды,
Қос қанатты, құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (Шегіртке)
Авторлар туралы мәлімет беру.
Абай Құнанбаев кім?
Крылов туралы мәлімет беру
Союзмултьфильм түсірген «Құмырсқа мен шегіртке» мултьфильмін көрсету.
«Мысал деген не?» сұрақ қояды.
Жұмбақтың шешуін табады.
Авторлар туралы өз білімдерімен бөліседі.
«Топпен ойлан, бөліс» әдісі арқылы мултьфильмді талқылайды, ойымен бөліседі.
Мысал бойынша өз ойларын айтады.
Қолдану 5мин
Сергіту сәті:
Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқуын қадағалау. Ұзын мұртты құмырсқа,
Бара жатты жұмысқа.
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.

Оқулықтағы мысалды іштей, дауыстап, рөлге бөліп оқиды.
Талдау 5 мин Жеке жұмыс: Венн диаграммасы. Венн диаграммасы бойынша шегіртке мен құмырсқаны сипаттайды.
Жинақтау
10 мин Де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.
Әр топқа тиісті тапсырмаларын беру.

Ақ қалпақ - мысалдағы негізгі ойды айтады;
Сары қалпақ - кейіпкерлердің жағымды жақтарын зерделейді;
Қара қалпақ - жағымсыз кейіпкердің іс - әрекетін айтады;
Қызыл қалпақ - екі кейіпкердің ішкі сезімдерін айтады;
Жасыл қалпақ - шегірткені жаңа бастамаға жетелеу туралы айтады.
Көк қалпақ - бақылаушы, бағалаушы;
Бағалау
Кері байланыс 3 мин «Екі жұлдыз, бір тілек»
Өзара бағалау

Өзін - өзі бағалау
Жинаған ұпайларын санап, топ басшысы бағаларын шығарады.
Стикер арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма беру 2 мин Мысалды мәнерлеп оқу. Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетін сипаттайтындай мақал - мәтел жинақтау Берілген тапсырмаларға байланысты материалды жинақтайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×