Әліппе
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты: 1. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтып, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
3. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілік пен құрал - жабдықтары: АКТ, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды сабаққа бейімдеу
2.. Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Нанымыз көп болсын!
Деніміз сау болсын!
- Балалар біз әліппе сабағында дыбыс және оның таңбасы әріптермен таныстық, буындап оқуға үйрендік, сөздерді талдап сөйлем құрастыра білдік.
Бүгінгі сабағымыз: «Саяхат сабақ». Осы күнге дейін алған біліміміз,
үйренгенімізді бүгінгі саяхатымызда көрсетеміз..
- - Балалар, жақын арада қазақ елі қандай мереке тойлады?
- - Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
- - Еліміздің бас қаласын атаңдар
- - Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Еркін өмір сүру )
- - Балалар, Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- - Отан туралы қандай өлең білесіңдер?
Қазақстан дейтін менің бар елім, Бұл далада атам қолға ту алған.
Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы апам жаспен суарған. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Үлкен өзен, көлдері Әрбір қазақ баласы,
Үлкен орман, шөлдері «Өзім сонда тұрам»- дер,
Үлкен қала тауы бар, Бұл - қазақтың даласы
Елді - ендеше табыңдар. Ата - бабам туған жер!
Отан Астанам
Отан – ЖЕРІМ, Отан - суым, Бабалардың көзіндей,
Отан қуат, нәр береді, Даналардың сөзіндей,
Отан - ұран, Отан – туым, Ұлы дала тұрғызды
Отан - мәңгі гүлденеді! Ұлы қала өзіндей.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам –
Әсем қалам, бас қалам!
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі
түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар, білім алуға
сендер үшін мүмкіндік мол.
ІІ Қайталау
Бүгінгі саяхатымызды біз « Мақта қыз бен мысық» ертегі кейіпкерлерімен
Жалғастырам ыз.
Мақта мен мысық дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап
жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Қыз: «Келмесең келме!» - деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
Неге шақырдың?- дейді.
Мақта айтпайды.
Мысық: Ендеше қатығыңды төгем!- дейді.
Қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын!»
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
- Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле!- дейді
Мысық сиырға барады:
Сиыр, сиыр, маған қатық берші!- дейді.
Сиыр:
Біріншіден сен әріптер еліне бар, әріптер елінде сені көптеген киыншылықтар күтіп тұр, олардың берген тапсырмаларын орындап,
маған жолдан жапырақ әкеліп берші!- дейді.
Міне әріптер елі.
Балалар, мысыққа көмектесейік. Берілген тапсырманы орындайық
Қараңдаршы бұл жерде тек әріптер
Мына сұрақтарға жауап беріп саяхатымызды жалғастырайық
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата,
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата
- Жуан дауысты дыбыстарды ата
- Дауыссыз дыбыстарды ата
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін ата
- Алфавитте неше әріп бар?
Сөздік диктант
Мақта, мысық, гүл, ағаш, қатық, Астана, вагон.
Жақсы, сендер арқылы мысық тапсырмаларды орындады.
Мысық ағашқа барып:
Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!- дейді.
Ағаш:
Ә, Ә сен маған мына тапсырмаларға жауап бер. Мен шөлдеп
тұрмын, одаң соң су әкелсең жапырақ беремін,- дейді.
Балалар, мысыққа көмек көрсетейік тапсырмаларға жауап берейік.
- Жақсы сендер арқылы мысық екінші қиыншылықтан өтті.
ІІІ Сергіту сәті
- Қараңдар екі қыз су әкеле жатыр.
Мысық қыздарға барып жалынады.
Қыздар, маған су беріңдерші!
Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз. Ал тағы сен біздің берген тапсырмаға жауап бер – дейді қыздар
Мысық дүкеншіге барады:
- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші дейді.
Дүкенші
- маған жұмыртқа берші - дейді.
Мысық тауыққа барады:
Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!- дейді.
Тауықтар:
Бізге дән әкел және біз берген тапсырманы орындасаң, біз саған
жұмыртқа береміз!- дейді
І V Қорытынды
Мысық жолда кездескен барлық қиыншылықтарды сендердің
білімдерің арқылы өтті
- Балалар, осы ертегіні қалай аяқтасақ болады?
Саяхатымыз осымен аяқталды.
VІІ Бағалау
Оқушылардың сабақта алған ұпайларын санап, бағалау.
Білімді тиянақтау
- sharizat64
- 18 наурыз 2015
- 2386
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтып, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахналауды...Білім басы - Әліппе!
«Әліппе, саған мың алғыс!»...Анаға сыйлаймыз
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамшабаева Айсалтан...Ертегілер еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы білім беру: Сөздік қорын байытып, ертегіні нақты етіп айта білуге...«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.