Сайтқа кіру Тіркелу

Астана-бас қала. Тасымал

Сабақ тақырыбы: Астана - бас қала
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан мемлекетінің астанасы оның рәміздері жайында тереңірек мағлұмат беру. Оқушының дүниетанымын Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қазақстанның мемлекеттік нышандары туралы өлең, тақпақтар айтқызу. Алған білімдерін талқылау, бекіту арқылы өз ойларын еркін жеткізуге баулу. Отан сүйгіштікке, ынтымақшылдыққа, өз елінің ардақты азаматтары болып шығуға тәрбиелеу. Астана туралы тың мағлұматтар жинау. Өлеңдер жаттату.
Негізгі идея: Оқушыларды бір жүйеге келтіріп, сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту. Шығармашылық қабілетін дамыту. Оқыту нәтижесі: Оқушыларды топтық жұмыс жасата отырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілеттерін дамыту, көз алдына елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін арттыру.
Дерек көздер: «Астана - Евразия жүрегінде» Атамұра баспасы 2005, Мұғалімдерге арналған «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы, ана тілі оқулығы.
Көрнекілігі: Астананың белгілі жерлерінің суреті, АКТ, стикер, слайдтар. Тапсырмалар: Астана туралы мағлұмат жинау, Қазақстан жерінің пайдалы қазбаларын жаздыру және атақты адамдардың есімдерін, тауларының, көлдерінің атауларын жаздыру.
1. Ұйымдастыру. Сыныпты гүл аттарымен топқа бөлу.
І. Райхан гүлі
ІІ. Раушан гүлі
ІІІ. Бәйшешек гүлі Оқушылар берілген қима қағаздар бойынша топтасып орындарына отырады. Топқа бөлінуді үйренеді.
2. Өткенді пысықтау үшін жеміс жинау ойынын пайдалану. 1. І. Жансүгіров кім? 2. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер? 3. Малта деп нені түсіндің. Оқушылар өтілген тақырып бойынша топтасып ортақ пікірлерін айтып береді. Өткен тақырыпты толық меңгергенгендіктерін сұраққа жауап беру арқылы көрсетуі.
3. Миға шабуыл тәсілі. Жаңа тақырып бойынша оқушымен пікір алмасу. Топтық жұмыс Оқушылар менталды картаға өз ойларын пікір алмасу арқылы түсіруі. Оқушының сын тұрғыдан ойлай отыруы. Астана туралы білгенін жинақтайды.
4. Жаңа сабақ Мен Астана туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат беріп өтемін де, жалпылама топқа бір ортақ сұрақ қоямын. Астана дегенде сендердің көз алдарыңа қандай қала елестейді дей отырып балаларға ой тастаймын. Мұнда балалар топтаса отырып өз ойларын топтай отырып тұжырымдап әңгімелеп береді. Астана туралы жалпы мәлімет алады.
5. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы ойын. Тақтаға Қазақстан картасын қойып, сол бойынша сұрақтар қоямын.
• Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар.
• Қазақстанның егін шаруашылығы туралы не білесіңдер.
• Қазақстанда қандай өнім өндіретін завод, фабрикалар бар деген қима қағаздар тарқатамын. Әр топ ақылдаса отырып жазып немесе салып сол бойынша қорғап шығады.
• Қазақстанның мал шаруашылығы туралы не білесіңдер. Яғни балалар сұрақтарға ізденіс. Ой толғаныс іс - әрекетін жасайды. Сөйлеу мәнері дамиды. Оқушылар Қазақстанның қандай өнім өндіретін заводтары бар екенін білуге ізденіс жасайды, өз ойларын жетілдіруге тырысады Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы мағлұмат алады. Мал шаруашылығы туралы түсінік қалыптасуы, өндірістік завод, фабрика туралы мәлімет алады. Өнім өндіретін заводтар туралы олар қайсы қалада орналасқаны, қандай өнім өндіретіні туралы ақпарат алады.
6. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға қазақ жерінің табиғатың, мен орындарын, атақты адамдарын жаздыру. Мысалы: Таулары:
Көлдері:
Ағаштары:
Кен байлық тары:
Атақты адамдары: Әр оқушы Қазақстанның таблица байлықтарын ажырата ала отырып, атаулары мен жазады. Қазақстан жерінің байлықтарының атауларын игереді.
7. АКТ - ны пайдалана отырып Астананың құнды, әсем жерлерін көрсетемін. Мұнда балалар Астананың көрікті жерлерін тамашалайды, ой тұжырымдайды. Есте сақтау қабілеттері артады.
8. Деңгейлік тапсырма.
1 - ші топқа Астана сөзіне дыбыстық талдау.
2 - ші топқа Астана сөзіне сөйлем құра.
3 - ші топқа Астана сөзінен неше сөз шығаруға болады. Әр топ қазақ тілі пәнімен байланыстыра отырып білімдерін көрсетіп жазады. Астана сөзіне бірнеше бағытта тапсырмалар орындауды үйренеді.
9. Қорытынды:
Сабақты қорыта келе оқушыларға өздерін - өздері бағалауды тапсырамын.
Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып келу. Оқушылар өтілген тақырып бойынша өздерін бағалайды және бірін - бірі мадақтайды. Әдіс – тәсілдерін жетілдіруін қалыптастыру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×