Сайтқа кіру Тіркелу

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім"
(Мұхтар Әуезов)

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта.
Түрі: топтық сайыс
Жоспары:
1. Математикалық эстафета
2. Жұмбақтар
3. «Кім байқағыш» ойыны
4. Логикалық сұрақтар (топ басшыларға)
5. “Сәйкестендіру”
6. Сиқырлы үшбұрыш

- Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.)
Әр команданы ортаға шақырамыз.
2 «А» сыныбы
2 «Ә» сыныбы
2 «Б» сыныбы
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымыз
1. «Математикалық эстафета» деп аталады. (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)
1 – топ
(57 - 7)+40 =
(20+60)- 10 =
(60+9)- 40 =
2 – топ
20+(45 - 5) =
60 -(39 - 9) =
70+(16 - 6) =
3 - топ
35 -(28 - 8) =
44+(30 - 10) =
80 -(67 - 7) =

Әділқазы алқасынан І – сайыстың қорытындысын сұраймыз.
Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
2. «Жұмбақтар» сайысына береміз:
(Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)

1 - топ:
1 - жұмбақ:
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2 - жұмбақ:
6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

2 - топ:
1 - жұмбақ:
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
2 - жұмбақ:
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

3 - топ:
1 - жұмбақ:
Қолымда 55 алма
5 - ін бердім апама,
5 - ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
2 - жұмбақ:
100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
3. «Кім байқағыш» ойыны. Топтарға сканворд көрсетіледі. Бірнеше математикалық атауларды табу керек. Әр дұрыс жауап: 5 ұпай.

4. Келесі кезең: «Логикалық сұрақтар». (топ басшыларға)
1 - Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
2 - Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
3 - Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі
5. «Сәйкестендіру»
1 – топ: 1. Ең үлкен бір таңбалы сан. Азайту
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Үш
3. 4 онд. Тоғыз
4. Бір таңбалы сан. Шаршы
5. Кеміту амалы. Қырық

2 - топ: 1. Бір таңбалы сан Уақыт
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі Отыз екі
4. Уақыт өлшем бірлігі. Сүйір
5. 3 онд. 2 бірл. Төрт

3 - топ: 1. 1 сағат = Шеңбер
2. Геометриялық фигура Он
3. Ең кіші екі таңбалы сан Сантиметр
4. Ұзындық өлшемі елу тоғыз
5. 5 онд. 9 бірл. 60 минут

Жүргізуші: Математика
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика - Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл деп отырып – соңғы кезең
6. «Сиқырлы үшбұрыш» сайысы.
Суретте қанша үшбұрыш бар екенін табу.

(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады) Музыкалық сәлем.
Осымен, оқушылар «Ойнайық та, ойлайық» атты білімділер сайысын аяқтай отырып, білім шыңына жете берейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сыныптан тыс жұмыс:

Сыныптан тыс жұмыс: "Жас математиктер"

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін...
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Жас математик танымдық сайыс сабақ

Жас математик танымдық сайыс сабақ

1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...
Қосындыны санға көбейту

Қосындыны санға көбейту

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...
Санды көбейтіндіге көбейту

Санды көбейтіндіге көбейту

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×