Сайтқа кіру Тіркелу

Ата салтым - асыл қазынам

Тақырыбы: Ата салтым - асыл қазынам
Мақсаты: Оқушыларға ежелгі ата - бабамыздан қалған, қазіргі күні ұмыт бола бастаған көне дәстүрлердің ерекшелігін насихаттай отырып, қастерлеп құрметтеуге тәрбиелеу
Түрі: сайыс
Барысы: Ұйымдастыру
Оқушыларды 3 топқа бөлу
Әр топ өз аттарын таңдайды.
І топ «Шаңырақ»
ІІ топ «Сәйгүлік»
ІІІ топ «Көшпенділер»
Мұғалім:
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбиелік шарамыз ежелгі ата - бабамыздан қалған көне дәстүрлер туралы болмақ. 1 тапсырма топтарға алдын - ала берілген үй тапсырмасы бойынша жалпы дәстүрлер туралы не білеміз. 3 топтан 3 оқушы сипаттама жасасын.
І топ Санжар
ІІ топ Бибатима
IІІ топ Айнұр
Мұғалім: балалар 3 топ та өз білгендеріңше сипаттап көрді. Ендеше алдағы тапсырмаларға көшеміз.
2 тапсырма.
3 топқа жеке - жеке тапсырма беріледі. «Шаңырақ» тобы қазақтың ұлттық ойындарын тізбектеп айтып шығу және 1 ойында сахналау
Қазақтың ұлттық ойындары: «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Сақина салу», «Аударыспақ», «Хан талапай», «Қол күрес», «Тоғызқұмалақ», «Күрес», «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Арқан тартыс», «Айгөлек», «Ине жасырмақ», «Тымпи - тымпи», «Алтын қабақ» т. б. Солардың ішінен біз «Сақина салу» ойынын көрсетеміз.
Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын ұстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралап өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктегендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші - жігіт. Ол әр ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүруі керек. Сол әдіс арқылы сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуы да ықтимал.

«Сәйгүлік» тобы Ұлттық тағамдарды атау және 1 тағамды жасап көрсету
Ет тағамдары
1. Борша 2. Қарын бөртпе. 3. Әсіп 4. Жөргем 5. Қимай 6. Шұжық 7. Шыртылдақ 8. Сірне 9. Ми палау 10. Құйрық - бауыр 11. Қуырдақ 12. Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ)

Дақылдардан жасалатын тағамдар
Бауырсақ 1. Таба нан. 2 Салма 3. Май шелпек 4. Қаттама
5. Талқан 6. Бидай көже 7. Тары көже 8. Жент (қоспа) 9. Майсөк (майтары) 10. Бидай қуыру 11. Бөкпе

Сүт тағамдары
1. Айран 2. Қатық 3. Қойыртпақ 4. Шалап 5. Шұбат 6. Қымыз 7. Қортықтық (тасқортықтық) 8. Балқаймақ 9. Кілегей 10. Қаймақ 11. Құрт 12. Сары май 13. Сүзбе 14. Уыз 15. Іркіт 16. Ақ ірімшік 17. Қызыл ірімшік
Біз бүгін айран ұйтуды көрсетеміз
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5 - 10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосылады.

«Көшпенділер» тобы Ұлттық қолөнерді атау және 1 қолөнерді көрсету
Қазақ халқының қолөнер түрлері өте көп. Атап айтсақ қыз балалар шеберлігіне арналған құрақ көрпе, кесте түрлері, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, тұскиіз тігу, керме, құс жастық тігу, ою - өрнектер. Ал ер балалар шеберлігіне арналған ер тоқым жасау, таға соғу, зергерлік бұйымдар, киіз үй жабдықтарын жасау, оюлап ыдыс - аяқ әрлеу, ағаштан түйін түю, теріден бұйымдар жасау.
Біз сіздерге құрақ көрпеге ою - өрнек ойып, бастыру өнерін көрсетеміз.
3 тапсырма:
Қазақ халқының салт дәстүрлерін таңдап алып сахналау
«Шаңырақ» тобы «Құйрық бауыр» дәстүрін көрсету
«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.

«Сәйгүлік» тобы «Өңір салу» дәстүрі
Келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан (мата деген сөз) алады. Бұл да өңір. Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер.

«Көшпенділер» тобы «Шаңырақ көтеру»
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені «жасы үлкен күйеу» қашанда елге сыйлы және тілектес адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі, еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар.
4 тапсырма
Топтар дәстүрлерге байланысты әндер айтады.
«Қазақтың дәстүрлері»
«Қазақ дастарханы»
Қорытынды: Балалар барлығымыз ұмытылып бара жатқан көне дәстүрлерден хабардар болдық. Қазақ дәстүрге өте бай халық. Осы дәстүрді жаңғырту және ұстану жас ұрпақ сендерге аманат. Сондықтан өз дәстүрлерімізбен мақтанайық, ұстанайық. Қорыта келе сендерге бір ортақ сұрақ қойылады. Пікірлеріңді білдіріңдер. Қазақтың дәстүрлерінің сендер үшін қандай тәрбиелік мәні бар деп ойлайсыңдар. (пікіралмасу)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×