Сайтқа кіру Тіркелу

Түлік туралы сабақ

Сабақтың тақырыбы: А. Тоқмағамбетов «Түлік туралы сабақ»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға А. Тоқмағамбетов туралы мәлімет беру, «Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыру, мәтінін меңгерту. Төрт түлік малдың пайдасын білгізу.
2. Өлеңді оқыту арқылы мәнерлеп оқу, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларға төрт түлік малдың қадірін біліп, қамқор болуға тәрбиелеу.
Типі: Аралас сабақ
Түрі: Дәстүрлі
Әдіс – тәсілдер: мәнерлеп оқу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, хабарлау, көрнекілік
Көрнекіліктер: А. Тоқмағамбетовтың суреті, төрт түлік малдың суреттері.
Кезеңдер Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
Кіріспе бөлім
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Өлеңмен жұмыс
Сөздік жұмыс
Тапсырма
«Бәйге» ойыны
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
Бағалау

Үйге тапсырма
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастау үшін менімен бірге мына өлең жолдарын қайталаймыз.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
- Өте жақсы балалар! Орнымызға отырамыз, қане оқушы қалай отыруы керек?
- Қолымыз партаның үстінде, бойымыз тік.
- Балалар, үйге сендерге Ж. Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесін оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу берілген. Мен қазір бірнеше оқушыдан сұрап шығамын. Барлықтарымыз да жақсы дайындалып келдіңдер деп ойлаймын.
- Балалар енді үй жұмысын бекіту үшін біз «Ұшақ» ойынын ойнаймыз. Менің қолымдағы ұшақты ұшырамын. Қай оқушыға түседі. Соған мен сұрақ қоямын.
- Сонымен жалпы өлеңде не жайында айтылған?
- Қамбарата не жасады?
- Оқушылар қандай сөзге түсінбей қалды?
- Осы Қамбаратаның айтқан сөзін сен қалай түсінесің?
- Бұл әңгімеден нені түсіндіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Үй жұмысына қатыстыңдар, мәтінді жақсы түсініпсіңдер!
- Балалар, бүгінгі сабақты жұмбақ шешуден бастайық.
Келеді бір жануар, үстінде екі тауы бар. (түйе)
Осы түйенің пірі кім? (Ойсылқара)
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы)
Осы жылқының пірі кім? (Қамбар ата)
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (сиыр)
Бұл сиырдың пірі кім? (Зеңгі баба)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Осы қойдың пірі кім? (Шопан ата)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Ешкінің пірі кім? (Сексек ата)
- Міне, балалар, алдарыңда төрт түліктің суреттері берілген, олардың қасында төлдері бар. Көктем мезгілінде төрт түлік те төлдейді. Төлдері келесі көктемге дейін өсіп, үлкен - үлкен мал болады.
- Ал балалар назарымызды тақтаға аударайықшы
1. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
2. Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды?
3. Не себепті бұларды төрт түлік мал деп атайды?
4. Олардың бізге берер пайдасы қандай?
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
Бұл төрт түлік мал ол ата - бабамыздан келе жатыр. Олардың бізге берер пайдасы көп. Мысалы: Сиырдың сүтінен айран, құрт, сүзбе т. б жасайды. Ал терісінен тон жасап киген. Ал жылқы малын киелі санаған. Себебі ол адамның көлігі болған. Соғыста ат үстінде жүріп аталарымыз жауға қарсы шыққан. Түйе шөлге төзімді болғандықтан көшпелі ата - бабаларымыз көшіп жүрген.
- Ендеше біз бүгін А. Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» деген өлеңімен танысамыз.
- Балалар, А. Тоқмағамбетов кім?
- Ол кісі туралы естулерің барма?
Асқар Тоқмағамбетов(19. 9. 1905, Қызылорда облысы, Терең өзек ауданы, бұрынғы 18 - партия съезді атындағы кеңшар — 21. 8. 1983, Қызылорда қ.) — ақын, жазушы. Тоқтағамбетов "Әзірет Сұлтан", "Семафор ашық", "Екі заң" атты драмалық шығармалар, "Бәріміз де сондай болсақ" киносценарий де жазды.
Ал, балалар тұрайық, бойымызды бір сергітіп алайық.
Белiмiздi жазайық.
Оңға - оңға түзу тұр
Солға - солға түзу тұр
Жоғары - төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
- Өте жақсы балалар, орнымызға отырамыз.
- Ақын неліктен өлеңді «Түлік туралы сабақ» деп атады?
- Балалар өлеңде не жайында әңгіме болады деп ойлайсыңдар?
- Енді барлығымыз кітабымыздың 254 - ші бетін ашамыз.
- Берілген өлеңді бөлімдер бойынша мәнерлеп оқимыз.
Бір оқушы бастайды, қалғанымыз қарап отырамыз. Түсініксіз сөздерді белгілейміз.
- Қане кім бастайды?
(Оқушылар оқып мазмұнын айтып өтеді)
- Қалғандарымыз түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.
Сөзуар - сөзшең.
- Балалар, өлеңде не жайында айтылған?
- Марат пен Болат неге таласты?
- Болаттың сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?
Сонымен балалар бірінші бөлімнен қой туралы, оның түрлері жайлы айтылған. Қойдың неше түрі бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Енді мен толықтырып өтейін.
- Қандай қойдың түрлері бар екен?
Қозы, тоқты, саулық,.
- Ешкінің қандай түрлері бар екен?
Лақ, серке, теке.
- Сиырдың қандай түрлері бар екен?
Ақтамақ. Қашар. Тайынша (тана). Торпақ. Баспақ. Сиыркені (бұқа). Құжбан бұқа. Азбан бұқа. Тайынша. Бұзау. Торпақ.
4 - ші бөлімде қандай түлік жайында айтылған?
Жылқы малының қандай түрлері бар екен?
Жылқы төлдерін былай бөледі:
құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
Ал бұдан әрі байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т. б. атайды.
Түйенің түрлері:
- Жалғыз өркешті түйе.
- Қос өркешті түйе.
Буыршын. Піштірілмеген түйенің төрт жасында буралыққа жарайтыны.
Құнанша. Екі жастан асқан түйе.
Нарбота. Аруанадан туған төл, бота.
Бота. Інгеннен жаңа туған төл.
Тайлақ. Бір жастағы түйе.
- Сонымен түйе туралы да айтып өтейік.
- Өте жақсы балалар.
- Жарайсыңдар, балалар! Сонымен біз өлеңнің мазмұнын толық айтып шықтық.
- Балалар енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Сендер үш топқа бөлініп тапсырма орындайсыңдар.
1 - топ: Жылқы пірі Қамбар атаға
2 - топ: Сиыр пірі Зеңгі бабаға
3 - топ: Қойдың пірі Шопан атаға хат жазасыңдар. Алғыс айту ретінде немесе ұсыныстарыңды айтып. Төрт түлік малдың бойында тағы қандай ерекшеліктерді көргілерің келеді.
- Жарайсыңдар, балалар!
Сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ халқы қай малды көшіп қонғанда пайдаланған?
( Түйе)
2. Қазақ халқы амандасқанда неге «Мал жаның аман ба?» дейді? (малды ерекше қадірлеген, қастерлеген)
3. Төрт түліктің адамға пайдасы қандай? (көлік, сүті, еті, жүні, терісі)
4. Төрт түлікке байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ, теңге алу т. б)
5. Әрі көлік әрі адамның серігі, соғыста мініп шабатын қай түлік? (Жылқы).
- Жақсы балалар енді дәптерлеріңді ашыңдар.
Өлеңге және кітаптағы үлгіге сүйеніп, Болаттың сұрақтарына жауап жазасыңдар.
Қой атаулары:...
Сиыр атаулары:...
Жылқы атаулары:...
- Болған оқушылар, түзу отырады. Барлығы болғасын бірге тексереміз.
- Балалар бүгін сабақта не білдік?
- Асқар Тоқмағамбетов кім?
- Төрт түлік малдың қандай пайдасы бар екен?
- Осы өлеңнен не түсіндіңдер?
- Жарайсыңдар! Ал, енді мен сендердің бағаларыңды айтайын.
- Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
- Балалар, үйге «Түлік туралы сабақ» өлеңінің ұнаған бөлігін жаттап келу.
- Осымен, біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
- Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×