Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс кереметі (сыныптан тыс жұмыс)

Тақырыбы: «Қыс кереметі»
Мақсаты:
Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс - әрекеттік, сөздік - логикалық, ойлау әрекеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын арттыру
Формасы: сайыс
Әдісі: топтық, көрнекілік, сұрақ - жауап, сөздік
Ұйымдастыру кезеңі: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 3 «Д» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Қыс кереметі» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Кіріспе: Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна - қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл - серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, осындай көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мезгілдің кереметтері туралы сайысымызды бастаймыз.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс
болайық:
Оқу ісінің меңгерушісі: Қабыл Гүлмира
Бастауыш сынып мұғалімдері: Бекжанова Ләззат, Маханова Индира
Сайысқа қатысушылар:
3 «Д» сынып оқушылары:

Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1 - айналым. «Біз білеміз...» (құрастырылып шыққан сурет бойынша білетіндерін айту)
2 - айналым. «Біз жырлаймыз...» (қыс мезгілі туралы тақпақтар айту)
3 - айналым. «Біз тапқырмыз...» (жұмбақтар шешу)
4 - айналым. «Біз ақынбыз...» (өлең құрастыру)
5 - айналым. «Біз айтамыз...» (сурет бойынша мәтін құрастыру)
6 - айналым. «Біз шеберміз...» (топтың атын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликациялау)
7 - айналым. «Қыс қызығы» (стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылау)
Сайысымызды бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алайық. (Шырша мен аққаланың суреттері бейнеленген төсбелгінің біреуін таңдап алып, соның атауы жазылған топқа орналасу)
- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымына кезек береміз.
1 - айналым. «Біз білеміз...» Әр топқа сурет қиындылары беріледі, 1 минут уақыт ішінде қиындылардан тұтас сурет құрастыру керек және сол сурет бойынша білетіндерін айту қажет. (тұтас сурет: аққала мен шырша) Аққала мен шырша туралы видеоролик көрсету
2 - айналым. «Біз жырлаймыз...» Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту және айналымның шарты бойынша бірінде айтылған тақпақты екіншісі қайталауға болмайды.
3 - айналым. «Біз тапқырмыз...» Әр топқа жұмбақтар беріледі, сол жұмбақтардың дұрыс жауабын табуы керек.
1. Ақ сақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай (Қыс) 2. Бес ін, бес іннің,
Аузы бір ін. (Қолғап)
3. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (боран) 4. Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (қырау)

5. Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар) 6. Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

1. Табаныма байлаймын
Қос аяқпен айдаймын /шаңғы/ 2. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолын тонады / Қар/
3. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны ( аққала)
4. Отқа жанбас, суға батпас / мұз/
5. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ:
Қыста жер бетін басады, Жазда сайға қашады. (қар)

6. Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір - бірінен озбайды. (Коньки)
4 - айналым. «Біз ақынбыз...»
Топтарға өлең құрастыру үшін дайын ұйқастар беріледі, 3 минуттың ішінде өлең шығару керек.
.......................... салқындайды,
.......................... сықырлайды,
............................ аппақ боп
........................... жылтырайды.

.......................... ойнаймыз,
.......................... тоңбаймыз,
........................... шаттанып
........................... тоймаймыз.

5 - айналым. «Біз айтамыз...» Қыс мезгілі туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру
6 - айналым. «Біз суретшіміз...»
Топтың атын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликация жасау
7 - айналым. «Қыс қызығы»
(стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылау)

Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беру, оқушыларды марапаттау
Қорытынды:
Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер
- Шәкірттерім менің! Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқуды оқып, ойымызға тоқып жүрелік. Білімді болыңыздар! Осыменен сайыс аяқталды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қыс қызығы

Қыс қызығы

Мақсаты: Сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Бүлдіршіндердің қыс мезгілі, қысқы ойын...

"Тапқыр болсаң, талас жоқ" 3-сыныптар арасындағы сайыс

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аимбетова Гульмира...
Қызықты математика

Қызықты математика

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махмутова Алия Серажиденқызы...
Сын есім 4-сынып

Сын есім 4-сынып

Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...
Cөз-мерген (сайыс)

Cөз-мерген (сайыс)

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×