Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға дыбыс, әріп, буын ұғымы туралы түсініктерін бекіту, таным мүмкіндігін анықтау, өздік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөзді, сөйлемді жүйелі құруға дағдыландыру, ойлау, есте сақтау жүйесін дамыту.
Тәрбиелігі: Отбасын қадірлеуге, бір - біріне қамқоршы болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріптер, буындар, жеке суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық:
Күндей күлеміз,
Гүлдей жайнаймыз.
Қайырлы күн, достар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Сызбамен жұмыс
А) алфавитте неше әріп бар? Неше дыбыс бар?
Ә) Дауысты дыбыс нешеу?
Б) Дауыссыз дыбыстар қанша?
В) Алфавитте қандай таңба бар? (ь, ъ) Қандай түспен берілген екен? Қалай аталады?
- Сонымен әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не? Кім біледі?
«Ой қозғау» Жаңа сабақ.
Суретті тапсырма:
балапан
Шешуі: «Буын»
- Қандай сөз шықты екен? Ендеше, осы сөздерді буынға бөліп айтамыз.
Ба – ла – пан (3б), уық (1б), ы – дыс (2б), нан (1б) сөздерін буынға бөлдіру.
– Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
– Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тіке шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.
Оқулықпен жұмыс: «Буындардан сөз құра»
23 - бетті «Тізбекпен» оқыту. Кім туралы, қандай сөз екенін айтқызу.
Бір сөзбен қалай атауға болады?
Сурет: «Отбасы»
Тақтамен жұмыс: Берілген буынды кеспе әріптермен құрастырып жазу.
«Ой дамыту» тапсырмасы: Сөйлем құрастыру
«Ой қорыту» Ойын: «Бұлттан жауған әріптер»
Кеспе әріппен жұмыс: Ю, Я, Ф, Ч, Ц, Э т. с. с
(Ауызша ерекше дыбыстардан сөз құрастыру және буынға бөлгізу)
Бекіту:
Нені білеміз? Нені білдік, үйрендік? Нені білгім келеді?
1. Алфавит
2. Дыбыс
3. Әріп
4. Буын
5. Сөз
6. Сөйлем
Дыбыс буын сөз сөйлем
Бағалау, мадақтау.
Буындардан сөз құра
- Мулдабекова
- 26 желтоқсан 2014
- 11448
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сауат ашу және жазу, буындардан сөз құрау
Ұқсас жаңалықтар:
Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Баланың тіл байлығын дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай- балабақшасы Жамекова Кулай Ермековна...Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы 2 сынып қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.