Тақырыбы: Алғырлар мен тапқырлар
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел.
Түрі: Топтық сайыс
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн қадірменді қонақтар, ата - аналар, әріптестер. «Алғырлар мен тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін:
1. Ширату (таныстыру, ұран)
2. Ойға шабуыл (Сұрақ - жауап)
3. Ойлан, тап (Өлеңнен үзінді)
4. Кім жылдам? (сөз құрақ)
5. Шығармашылық жұмыс (тірек сөздерден мәтін, өлең құра)
6. Бұл кім?(ақын - жазушыларды атау)
7. Жалғасын тап (мақалды жалғастыр)
Әр пәннің сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен
баға беретін әділ - қазылар алқасын ортаға шақырамыз:
Енді келесі кезекте би.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Әр пәннің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейін!
І. Ширату.
1топ «Алғырлар» амандасу рәсімі.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
2топ. «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ. Ойға шабуыл.
1топ Алғырлар:
1) Кез - келген санды 1 - ге көбейтсе қандай сан шығады?
2) Көбейтудің қасиетін ата?
3) 300 бен 10 - ның бөліндісі нешеге тең?
4) Кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табын ата?
5) Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атайды?
6) Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата?
7) ҚР астанасын ата?
8) Ас қорыту мүшелерін ата?
9) Өзің тұратын аймақта шығатын пайдалы қазбаларды ата?
10) «Өнер, білім бар жұрттар»өлеңінен үзінді оқы.
11) Мақалды жалғастыр: Батыр туса – ел ырысы
..........................................
12) «жас Абай» портретін салған кім?
2 топ: Тапқырлар:
1) Кез - келген санды 0 - ге көбейтсе қандай сан шығады?
2) Көбейтудің компоненттерін ата?
3) 696 мен 3 - тің Бөліндісі нешеге тең?
4) Қандай? Қай? Деген сұраққа жауап беретін сөз табын ата?
5) Мәтін түрлерін ата?
6) «оқы» деген болымды етістікті, болымсыз етістік жаса.
7) ҚР Президентін ата?
8) Адамның есту мүшесін ата?
9) Табиғат құбылыстарын ата
10) Үш биді ата?
11) С. Сейфуллиннің «Дала»өлеңінен үзінді айт.
12) Жылы түстерді ата?
ІІІ. Ойлан, тап. 1 топ Алғырлар:
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме!
Жырлама, шақырса да қасына ерме!
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме!
(Мағжан Жұмабаев «Қарағым» )
Қошан қайтарда атасын таусылмайтын сұраулармен көп мазалауға шамасы келмей, өзіне қойылған жалғыз сауалға тезірек жауап табуға тырысумен болған.
( Кәдірбек Сегізбай «Арқарға мүйіз неге керек» )
Жауар бұлттай түнеріп
Жасындай жауға тиген ер
Күміс балдақ қылышы
Көкті тілде суырылса,
Жауы жерге кірген ер.
( Нұрпейіс Байғанин «Амангелді батырым» )
2 топ: Тапқырлар:
Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын, қазандай бір қара тасты қойыпты да, тасқа: «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» деп жазыпты.
( Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ» )
----- Әй, жігіттер, қазақ қазақ болғалы талай - талай қамаудан өткен. Талай шабуыл - жортуларды басынан кешірген. Халық өз ойлаған мақсатына да жеткен сонау кездегі Исатай, Абай мен Шоқандар халыққа қызмет етумен есімдерін мәңгі қалдырды.
(Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан» )
Боз жусан – даладағы тіршіліктің тірегі. Күннің ыстығын қайырып, жердің дымқылын сақтап тұрған осынау киелі өсімдік. Малыңа азық болып, басыңа береке дарытушы да осы жусан.
( Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала» )
4 Кім жылдам?
«Қанағаттанарлық» деген сөзден бірнеше сөз жазу керек. Қай команда көп жазса, сол команда көп ұпай алады.
5 Шығармашылық жұмыс.
Тірек сөздерден өлең, әңгіме құрастыру.
Сарқыраған, өзен, таулардан, қуанады, гүлдейді,, көктем, ағады, бәйшешектер, келеді, құстар, аулада,
балалар, далада.
6 Бұл кім?
Ақын - жазушылардың кім екенін табады.
Қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам қайраткері, өте білімдар ғалымы, Торғай өңірінде туған, балаларға арнап тұңғыш қазақ “ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т. б шығармаларымен таныспыз. Бұл кім туралы айтылған?
Қазақтың аса көрнекті ақыны, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, 4 жастан мектеп табалдырығын аттаған, өз ұлтың өте жақсы көрген, жастарға үміт артқан ақын. Оның “Қарағым”, “Аққала” т. б шығармаларымен таныспыз. Бұл кім туралы айтылған?
7 Жалғасын тап
Отан от............................. (басынан басталады)
Найзасыз ер болмайды,.............(таңбасыз ел болмайды)
Ел іші........................(алтын бесік)
өз елім............................(өрен төсегім)
Жері байдың...................(елі бай)
Жаздың бір күні........(қыстың мың күнің асырайды)
Сабағы жаман жемістің.....................(дәні де жаман)
Не ексең.............................(соны орасың)
Еліңді сүйсең.........................(ерлік істейсің)
Ердің сыншысы...............................(ел)
Жақсы болсаң.................................(жақын көп)
Адам болатын бала................(алысқа қарайды)
8 Қорытынды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды баға айтылады, жеңімпаз команданы жариялайды.
Келесі сөз кезегін ата - ана.................. беріледі.
Алғырлар мен тапқырлар сайысы
- Садуова
- 14 желтоқсан 2014
- 15199
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алғырлар мен тапқырлар сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Сыныптан тыс жұмыс: "Жас математиктер"
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін...Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...Математика пәнінен сайыс сабақ
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты жалпы білім беру орта мектебі математика пәні мұғалімі Жанарай Жалғасқызы Адамбекова...Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру....«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.