Мақсаты: Оқушыларға жолда жүруді үйрету, іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрет, жол белгілерімен таныстыру, жол белгілерінің түрлерін ажырата білу. Оқушыларды жалпы жолда жүру ережесін сақтап жүруге, жауапкершілікке баулу, жол белгілерін есте сақтауға, сергектікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жол белгілері, бағдаршам.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жол ережесін білу өмірімізді жазым болудан сақтайды Сондықтан да бәрімізде жол ережесін біліп қана қоймай оны сақтау керектігін үйренеміз.
Мысалы: үлкен қалаларда, көшелер өте көп. Ал, біз, сол көшелермен қалай жүріп қалай өтуіміз керек?
Тек қана бағдаршам тұрған көше қиылысындағы жолақтан өтуіміз керек.
Әйгерім: Қымбатты, балалар!
Жолда жүру ережелеріне арналған бүгінгі ойын ертегімізге Айболат, яғни Шипагер атай қатысып отыр.
Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе
Жан сая қиналған жандардың бәріне
Шипагер атаны бәз жақсы білеміз
Өйткені ол үлкен дәрігер
(Осы кезде басы шүберекпен оралған аю өкіріп кіреді)
Әйгерім: Ататай қараңыз мына бір сұмдықты маймаққа не болған, кім оны қынжылтты?
Шипагер: Маймағым - ау, не болды, жасырмай айтшы өзің. Неліктен көкпеңбек ісінген бас көзің?
(Аюдың басын таңып, дәрі жаққан болады)
Аю: Айтайын жасырмай шынымды
Сақтаңыз шыбындай жанымды
Жармасып бал тасыр машина қадаққа
Домалап түстім де, тап болдым азапқа.
Шипагер: Бір сәттік қарының тоятын күн үшін
Жол жүру ереже - тәртібін бұзыпсың.
Аю: Шипагер ата, енді қайтып ұрлық жасамаспын, жолда жүру ережесін де бұзбаспын.
Түлкі мен қоян шығады: Қоян құлағын ұстап. Түлкі шайнаңдай ақсап келе жатады.
Түлкі - Салтанат: Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ.
Қоян – Ілияс: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Ал қоян көшеге зып беріп жүгірді.
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін енді.
Түлкі: Қоянды қуамын деп тапқаным құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде құлақты бір темір зақымдап кеткені.
Шипагер: Құлақ пен құйрыққа дәрі бар
Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.
(Мысық көрінеді. Бір аттайды да кейінге шегінеді)
Айгерім: Келе ғой мысығым, мысығым атаңнан қорқпа жараңды жазады жылама, зарықпа, құйрығың үзілген әттеген.
Шипагер: Жасайық сәтте ем.
Мысық бүгежектеп келіп үзілген құйрығын Шипагерге ұсынады. Шипагер басын шайқап мысықтың құйрығын жалғап береді.
Мысық: Доп қудық көшеде. Әтеш бар. Лақ бар. Көп өткен машина кедергі бірақ та кеп қалған біреуі байқамай басты да добымыз жарылды доңғалақ астында құйрықтан, мүйізден, құлақтан айырылып достарым анда тұр, кіруге қаймығып.
Шипагер: Мыналарды мен тез ауруханаға жеткізейін.
Балалар, көрдіңіздер ме, жолда ойнағанның кесірін. Мына сотқарлар жол жүру, көшеде сақ болу ережелерін өрескел бұзғандықтан осындай халге душар болған.
Айгерім қарағым, жол жүру ережелерін балалардың есіне салатындай сондай ойын - сабақтар өткізуді өзіңе тапсырамын.
(Хайуанаттарды ертіп шығып кетеді.)
Айгерім: Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға
Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені, далаңдап.
Ал, қанеки, үйренейік біз де жүру тәртібін
Ережені жақсы бірлер, жатқа білер кім мұны.
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Салтанат: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап
Бағдаршам Қашпаймын мүдірін, ешқандай сұрақтан
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан
Сақтандыру, ескерту белгісі: Ильяс.
Қып – қызыл ұшбұрыш
Ескерту белгісі мен балам
Қауіптен сақ бол деп сәт сапар жолдаған
Аман – сау жүреді жаяу да, көлік те
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты
Мен тұрған жерлерді хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты
Анықтама белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті
Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда
Абай бол, тартуымды міндетті орында!
Нұсқау: Баратын жеріңнің бағытын тұрағын
Үн - түнсіз жөн сілтеп жол нұсқап тұрамын.
Жанібек: Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске, боялған төрт бұрыш шырағым
Топтың орындауында «Бағдаршам» әні
1. Қалада көлік көп
Қалада апат көп
Сақтайтын апаттан
Тек қана бағдаршам, бағдаршам.
2. Бағдаршам біледі
Бәрін де көреді
Адам да көлік те
Сол шаммен жүреді
Бағдаршам, бағдаршам
3. Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам
Бағдаршам, бағдаршам.
Жол және оның элементтері, жолда жүру тәртібі.
Райхан: Жол дегеніміз – көлік жүретін негізгі бөлік пен жаяулар жүретін жаяу жолдан ғана тұрмайды. Оның жол элементтері деп аталатын құрамдас бөліктері де болады.
Оларға қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, бұрылыс, жер жолағы.
Жол жиегі.
Жангелді: Жол жиегі жол шеті мен жаяу жол аралығын бөліп тұру үшін тастан қаланған бөктерме. Оны әдетте бордюр деп де атайды. Бордюр француз тілінде бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ деген сөз. Жаяу жол.
Арайлым: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда жау жүргіншіге арналған жол дегенді білдіреді. Жаяу жол үстінде ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншілерге бөгет жасағанмен бірдей аса қауіпті. Жаяу жол – ойнайтын жол емес.
«Көшеде» әңгімені оқу, оқушыларға түсінік беру. Шағын көрініс «Кім кінәлі?»
Жолда жүру ережесін жадыңда сақта
- ramuk_b
- 11 желтоқсан 2014
- 8792
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жолда жүру ережесін жадыңда сақта, ережені сақтау
Ұқсас жаңалықтар:
Абайла бөбегім
Жолда жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру, және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, жол белгілерімен таныстыру, бағдаршам туралы...Жол атасы бағдаршам
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы...Бағдаршам
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акназарова Ф. Е...Жолда жүру ережесі
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін...Балғын жол инспекторлары үгіт-насихат бағдарламасы
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Тассуат орта мектебі Дариға Мурзағалиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.