Сабақтың тақырыбы: Нұрғали Ораз «Қулық»
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын тарау тақырыбымен байланыстыра отырып түсіну.
Сабақтың міндеті: кейіпкер басынан өткен оқиғаны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік жасап, мәтін идеясын ашу.
Дамытушылығы: шығармашылық жұмыстар арқылы «екілік» табиғатын зерттеу, іздену, салыстыру.
Тәрбиелік: еңбектенуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қиындықты жеңе білуге баулу.
Көрнекілігі: плакат, маркерлер, кесте, жұмыс дәптері, т. т.
Әдісі: Биопоэма, топтастыру, сәйкестендіру, дәптермен жұмыс, сұрақ - жауап.
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, балалар, жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Өнердің құны» ертегісін оқып, мазмұнын әңгімелеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
- Қойшының қозы неліктен өнерді сонша бағалады?
- Өмірде патшаның да қателесетінін қалай байқадың?
- Өзің өнердің қай түрін меңгергің келеді?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. «Биопоэма» әдісі: «екілік» табиғатын анықтау.
Оқушылар, сендер айтасыңдар, мен тақтаға ілінген плакатқа маркермен жазып тұрамын.
Аты - «Екілік».
Сипаты - нашар, ұят.
Қорқатыны – «бестік», «төрттік».
Болашақтан күтетіні, аңдитыны – нашар оқушы, жалқау бала.
Мекен жайы - күнделік, дәптерлер, сынып журналы, табель парақшасы.
Тегі - ұйқы мен жалқаулықтан пайда болған.
- Бұл сіздерге ұнай ма?
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы екен, мәтінімізді оқып көрейік.
Тақырыппен, автормен таныстырып, дәптерге жазылады.
2. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу.
1. Мәтінді « Бүгін Ерлан бақылау жұмысынан...» деген жерге дейін оқу, талдау жасау.
- Ерлан неліктен есеп шығара алмайды? Өз жағдайыңда осындай мәселе бола ма?
- Ал ағасы не айтады? Оның сөзінен не байқадың?
- Мәтіннің осы бөліміне қандай ат қоямыз?
1. Еңбексіз шыққан есеп.
2. Мәтінді «Сөйтіп...» деген жерге дейін оқу.
- Ерлан қандай қулық ойлады?
- Олар қандай ойын ойнады?
- Бұл бөлімге қандай ат қоямыз?
2. Есептен де қиын қулық.
3. Мәтінді соңына дейін оқып, «Өкініш» деп ат қоямыз.
3. Мақалдарды оқып, сәйкестендіру:
Мақалдар Бөлімнің аты
Сасқан үйрек артымен жүзер.
Еңбексіз шыққан есеп.
Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам.
Есептен де қиын қулық.
Өтіріктің өрге баспайды.
Ащы да болса, шындық жақсы.
Өкініш.
3. Дәптермен жұмыс:
Сөздік жұмыс:
Есепке шорқақ - есеп шығаруға қиналады.
Із кесуші – бір нәрсені іздеп табушы.
4. Ойтолғау.
- Неліктен нашар баға аласың?(оқушылар өз ойларын дәптерге жазады).
Ү. Сабақты қорытындылау.
Биопоэмаға оралу: мәтінді толық түсіндік. «Екілік» сипатына тағы не қосуға болады?
(қорқынышты, сүйкімсіз)
- Қай бала қу: а) Нұрлан – қу бала.
ә) Қу бала – Ерлан.
- Мәтінде біреудің еңбегін пайдаланушы кім?
- Екілікті тығып қою арқылы мәселені шешуге бола ма?
Сабақты бекіту мақсатында 4 жол өлеңді аяқтау.
Сабақтан мен --------------------.
Жаман бала ------------------.
Жақсылармен ------------------.
Айтқан серттен ----------------.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу.
ҮІІ. Бағалау.
Қулық
- мейирхан
- 10 желтоқсан 2014
- 9431
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдебиеттік оқу, қулық
Ұқсас жаңалықтар:
В. Сухомлинский "Ақ шаш" әңгімесі
ШҚО, Аягөз қаласы, "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Баямбаева Нуржанат Болатовна...Атасы мен немересі
Жалпы мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту Оқу нәтижелері 1. Атасы мен...Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)
Мақсаты Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау. Міндеттері Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным...Уақыт бірліктері
Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы № 22 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ашимова Перизат Султановна...Малта
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.