Тақырыбы: «Малта» Ілияс Жансүгіров
Мақсаты : Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру.
Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:
1.«Малта» сөзінің мағынасын түсінеді,интерактивті тақтада жұмыс істей алады.
2.Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3.Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
4.Ұғымталдылыққа,ұйымшылдыққа,зейін қоя білуге,өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО-ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Стратегиялары:
«Топтастыру», , «Болжау», «Әдебиет үйірмесі»
Көрнекілігі: интерактивті тақтада кесте, суреттер, парақшалар,
І. Жансүгіровтың портреті..
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2.Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады?Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.Ал мен күнге таңғаламын.Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты,жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1.Комбайншы өлеңін жатқа сұрау.
2.Тақтадағы сурет бойынша комбайыншы еңбегі жайлы әңгімеле.
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ас атасы не? Ол қалай жасалады? (сұрағына жауап ізделеді)
1.жеке жұмыс
2.жұппен жұмыс
3.топпен жұмыс жасалады.
Топ пікірі тыңдалады.
Тақтадағы сызба топ пікірі арқылы толтырылады.
ҮЛГІ:бидай ұнынан нан пісіреді Нан
Ол еңбекпен жасалады диірменге тартады бидайды қуырады
ІІ. Мағынаны тану сатысы:
1.«Топтастыру» стратегиясы қолданылады.
Ілияс Жансүгіров жайлы не білеміз? Сұрағына жауап ізделеді. Жеке, жұпттық, топтық жұмыстар жасалады. Топ пікірі қорғалады.
Оқушы пікірі тыңдалады.
Тақтадағы суреттер арқылы І.Жансүгіров жайлы мағлұматы толықтырылады.
ІІІ. «Малта» Интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.
Суреттер бойынша жүргізіледі. (күбі, қазан, сөре, ананың суреті, сүзілген қаптағы құрт)
«Малта» сөзін естігендерің бар ма? Мына суреттерден не түсінуге болады? деген сұраққа жауап алынады.
Сергіту сәті.Тақтада табиғат суреті бейнеленіп тұрады.Оқушылар соған қарап жаттығу жасайды.
Біз өзенге тез жеттік,
Еңкейдік те жуындық.
1,2,3,4,
Жан сергітіп,қуандық.
Ал жүзейік бірлесе,
Қолды былай сермесе.
Дельфиндерше сап түзеп,
Жағаға қадам аттадық,
Үйімізге аттандық.
Мәтінмен жұмыс жасалады.Тақтаға кезектесіп жазып отырады.
Не болады деп ойлайсын? Оған дәлел Не болды?
Мәтінді бөліп-бөліп оқимын. Оқушылар әр шумақты оқыған соң не болғанын түсініп, келесі шумақтарда не болатынын болжап, оған дәлелдерін айтып отырады. Осылайша мәтін мазмұны меңгертіледі.
Тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.
Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ,жұп-жұмыр.
Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре-құрт,ірімшік,жеміс-жидек,т.б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
Шым-шым су-ыстық су.
Сыбану-жеңін түру.
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
Сөздік жұмыс.
ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
•Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
•Сөз тапқыш:Мәтін мазмұнына байланысты мақал- мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: Мәтін мазмұнына байланысты тақтаға сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.
Оқушы білімі бағаланады.
Үйге тапсырма:Малта өлеңі мәнерлеп оқу және сүттен тағы нелер жасалатынын біліп келу.
Малта
- Нургуля У
- 27 наурыз 2012
- 12333
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана тілі, ашық сабақ, «Малта», Ілияс, Жансүгіров
Ұқсас жаңалықтар:
«Малта» Ілияс Жансүгіров
Жезқазған қаласы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карина Кымбат Файзоллаевна...Малта 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Малта» Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді түсініп оқу, мазмұнын баяндау 2. Рольге бөліп оқуға, әдеби тілде сөйлеуге, мәтін...В. Сухомлинский "Ақ шаш" әңгімесі
ШҚО, Аягөз қаласы, "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Баямбаева Нуржанат Болатовна...Жалқы есім және жалпы есім
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету....Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.