Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат жайындағы түсініктерін дамыту. Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу «Күз – мереке, күз – береке» - деген мақалдың мәнін оқушылардың жаттаған өлең әндерімен аша білу.
Көрнектілігі: Ұлағатты сөздер.
«Тіршілік нәрі – нанды қадірлейік»
«Күз - береке, күз – молшылық»:
«Күздің бір күні, қыстың бір айы»:
Райхан: Сәлематсыздар ма, қадірлі достар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» атты кешімізді тамашалауға шақырамыз.
Жангелді: Сәлематсыздар ма, құрметті көрермендер. Кешімізді бастамаc бұрын халық неліктен күзді «Алтын күз» дейді? Соған тоқтала кетейік.
Райхан: Күз маусымының алғашқы айы Қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толды. Дегенмен жылдың басқа мезгілінде дәл мұндай жұмыстар істелінбейді, деп ұқпаңдар. Әр жыл мезгілінің өз науқаны, өз қызығы бар.
Жангелді: Күз маусымының екінші айы – Қазан бұл ай жиын терім аяқталатын диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.
Райхан: Күздің соңғы айын қазақтар Қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш - қурай жапырағынан айырылып, орман - тоғай сирейді.
Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез. Ол өзінің күнімен, өзіндік көріністерімен әсерлі.
Жәнібек:
Қараңдаршы
Көзің таймас қарасаң да
Күз деген – бір жақсы уақыт
Ой да, қыр да таудың іші
Бір молшылық жатқан шалқып
Ал балалар, кім біледі
Неге айтамыз алтын күз деп?
Смархан: Алтын күз деп. Біз айтамыз сол үшінде сары алтындай сары қауын көп піскен соң бау ішінде.
Топтың орындауында ән: «Күз береке»
Айгерім: Жаңа піскен алма баққа
Көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қойып толға
Мұны көріп күзді қалай
Теңемессің сары алтынға
Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адыр, әрбір жота
Алтын жастық жастанғандай
Райхан: Балалар күз туралы не білесіңдер?
Жангелді: Күз дегеніміз, біріншіден байлық молшылық қап - қар асық, картоп жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім.
Екіншіден, күз ет пен май. Мал да ақ та, құста күзде әбден сіміреді. Күз қауырт жұмыстың кезі.
Айтмұхаммед:
Алақай, алақай.
Шаттанды балақай жүз түсті, күз түсті.
Жан үсті. Дән пісті – Жер берді.
Жемісті. Игерді ел. Егісті.
Толымды, келісті.
Тойлады жеңісті.
Сабақты сағындық, мектепке ағылдық.
бір сыныпқа көштік біз, бір жасқа өстік біз.
Береке салты күз. Мереке алтын күз!
Топтың орындауында: «Күз»
Әділет: Алтын аймақ
Алып жатқан алқабын
Тыңда туған ұланмын
Кең далаға құмармын
Арқанның Жайқалады ақ бидай
Басын иіп аққудай
Тыңда туған ұланның
Егін жайға құмармын
Трактор мен комбайн
Жүгіруге мен дайын
Тыңда туған ұланмын
Егін жайға құмармын
Салтанат: Ой балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Құрал жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой балалар, балалар
Ойналық та, акүлелік
Енді оқуға кірелік
Айгерім, Салтанат, Райхан, Арайлым, Айтмұхаммедтің орындауында:
«Қазақы дастарханым».
Арайлым: Нан – ырыстың көзі, молшылық пен қуаныш. Нан – өмір. Нан барша байлықтан қымбат, ол тіршілік көзі. Сондықтан да еліміз оны ардақ тұтады. Әйтсе де көп балалар алдарына тартылған аппақ қалаштардың қайдан қалай келгенін біле бермейді. Ол үшін көптеген адамдар еңбек етіп, маңдай терін төгеді. Диқандар ерте көктемнен бастап бүкіл жаз бойы қара күзге дейін күні - түні тынбай жұмыс істейді. Осындай ерен еңбек нәтижесінде ғана нан алдымызға келеді. Сондықтан да біз сол ағаларымыз бен апаларымыздың сіңірген еңбегін қасиетті нанда құрметтеуіміз керек.
Жәнібек: О, адамдар айтарым бар. Нанды баспаңдар, онда қол жетпейтін аспан бар. Әлі ешкім жазбаған дастан бар. Өтінем сұраймын. Ана бол, дана бол, бала бол. Нанды баспаңдар. Ол биіктен төгілген. Мөп - мөлдір, зәмзәм суынан өседі. Нан өмір, жеңіспен келген кешегі. Нанға «пірім» деп, нанға «жырым» деп табынам.
Ертегінің үзіндісі: «Егінші мен қасқыр».
Қатысушылар: Автор: Арайлым
Егінші: Айтмұхаммед
Қасқыр: Әділет
Дақылдар әні.
Бидай: Нан анасы – бидаймын
Әділет: Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын
Арпа: Күміс мұртты арпамын
Мәден: Ырыс – құтты аралмын
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын!
Тары: Ақ, қарамын, сарымын
Айтмұхаммед: Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Сұлы: Мен сұлымын ұланның
Арайлым: Тұлпарына ұнадым
Бақтаған әр диханға
Басымды иіп тұрамын
Күріш: Күнді сүйген күрішпін
Самархан: Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Топтың орындауында ән: «Алтын астық»
Жангелді: Көтеріле аспандай
Көкте сұрша бұлт көшіп
Жерге інжу шашқандай
Күміс моншақ шық түсіп
Қайың терек басынан
Сарғылт тартып
Жерге түсіп шашылған
Жел үрсе тек қалтырап
Бұтақты бүге балбырап
Көз тартады көріңіз
Алма піскен албырап
Маужырап барқыт қоңыр күз
Райхан: Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге шашуын
Жүрексіз қоян безеді
Жөңкілсе қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша
Қырманда толы дән қанша
Алтын күз әсем айналам
Қараймын көзім талғанша
Топтың орындауында ән: «Күз береке»
«Күз аруы» байқауы
Райхан: Ақын боп әділдікті жақтап өтем
Ананың ақ үмітін ақтап өсем
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем
Ақын мен әнші деген – ел еркесі
Қазақтың тарқалмасын берекесі
Бүгінгі «Күз аруы» байқауына қош келдіңіздер.
Жангелді: Қыз баланы құрметтеген қазағым
Аруларға ақындар жыр жазады
Қошеметпен шақырайық ортаға
Сайысқа келген өнерлі қыз.........
Райхан: Қазақ елім тәуелсіз боп танылған
Бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан
Көрерменге көрсететін өнерін
Сайыскердің бірі ортада..........
Жангелді: Алтын дәндер шаттандырар халқымды
Қыз дегенің ата - ананың құндызы
Бұл сайыста бар өнерін салатын
Ару болар....... деген қызың
Райхан: Ел жұртынан бақ пен байлық сұрайтын
Қыздар елге қылығымен ұнайтын
Сайыскердің бірі ақылды қыз
Тал бойында өнері көп
Еді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс балыңыздар
1 - сайыс: «Өнерлі өрге жүзер»
2 - сайыс: «Мақал - мәтелдер сайысы»
3 - сайыс: «Кім жылдам»
4 - сайыс: Үй тапсырмасы «Күздің сыйы»
Жангелді: Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Күз аруын бүгін дақтап алуға – дей отыра, бүгінгі кешіміздің бағасын беретін қазы алқалар сайысымен таныс болыңыздар.
Райхан: Аруларымыз ортада, қазылар сайланды, ендеше байқауымызды бастауға рақмет етіңіздер.
Бастап бүгін арулардың сайысын
Аруларды бар қазағым танысын
Өнерлі өрге жүзер ендеше
Ару боп өс, туған жердің бағы үшін - дей отыра аруларымыздан өнерлерін көрсетулерін сұраймыз.
Жангелді: Шыққаннан соң сахнаның төріне
Білімділер тек биіктен көрінсін
Мақал - мәтелдер атты сайысымызға көшейік.
Райхан: Соңғы сайысымыз, яғни үй тапсырмасы «Күздің сыйы» деп аталады. (қолдан жасалған гүл немесе торт).
Міне аруларымыз алдына қойған сынақтардан өтті. Бүгінгі байқауымызды қорытындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Жангелді: Сонымен байқау өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Алтын күз ертеңгілігі
- ramuk_b
- 24 қараша 2014
- 7243
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күзгі бал, алтын күз ертеңгілігі, қоңыр күз сценарий, күз ханшайымы
Ұқсас жаңалықтар:
Күзге байланысты өлеңдер
Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық....Алтын күз
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын Ағашта жапырақтар сылдырлайды, Төгілген алтын теңге сансыз жалқын....Кең далама, ырыс сыйла Жаңа жыл
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абикеева Бақытжамал Нурмуханбетовна...Алтын күз
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Армысың Алтын күз!
Қызылорда қаласы № 211А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Таңатарова Дәрігүл Қабылбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.