Сайтқа кіру Тіркелу

Бүркіт

Сабақтың тақырыбы: Бүркіт (Б. Емельянов – орыс жазушысы)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінде берілген бүркіт өмірімен таныстыру.
2. Оқушыларда достық, сыйластық сезімін қадірлеуге тәрбиелеу.
3. Оқиғаның желісі бойынша сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: педагогикалық шеберхана
Көрнекілігі: қосымша оқулықтар, бүркіттің, құсбегінің суреті.

Шеберхана барысы:
Ұйымдастыру: Оқушыларды санату арқылы төрт топқа бөлемін.
Индуктор:
Сұрақ: Аңды немен аулайды? Әр оқушы жеке жұмыс жасайды. Дәптерге суретін салуға да, немесе аттарын жазуға да болады.
(Жауаптары: қақпан, тор, мылтық, бүркіт, т. б)
- Бүгін біз орыс жазушысы Б. Емельяновтың
«Бүркіт» деген мәтінімен танысамыз.
Жеке құрастыру:
Сұрақ: Бүркіт туралы не білесіңдер? Әр топ алдарында жатқан А - 3 қағазға білетін мағлұматтарын жазады да, оны жариялайды.
- Қазір оқулықта берілген «Бүркіт» мәтінінің І бөлімімен танысасыздар.
Әлументтік құрастыру: Осы бөлімді әр оқушы өздігінен оқиды және осы бөлімдегі негізгі ойды анықтайды.
Әлументтендіру: Әр топқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмалар тексеріледі. І топқа: Осы бөлімде қыран бүркіт туралы не айтылған? Оқулықтан тауып оқуға да болады. (Дегенмен қонақтар риза болуға тиіс, оларды қырандардың ең асылы, ең ізгісі қарсы алып отыр)
ІІ топқа: Осы бөлімде бүркіті қолда ұстау үшін керекті жабдықтардың аты аталған, соларды тауып айт.(томаға, шынжыр)
ІІІ топқа: Осы бөлімде келген адамдарды қарсы алған кісі туралы не айтылған? (Шапанын қусырып ақ сақалды бір қарт кісі қарсы алады. Жүзі жылы шырайлы)
ІҮ топқа: Осы бөлімді қалай атауға болады? (Соқыр бүркіт. Қарт пен аңшылардың кездесуі. т. б)
Жариялау: - Осы бөлімде бүркіттің соқыр екенін көргенде Гайдардың айтқан сөзін оқулықтан кім нақышына келтіріп оқиды? (2 - 3 рет оқытамын)
(- Қыраным – ай! Сен бұл күйге қалай ұшырадың?)
- Гайдар бүркіттің соқыр екенін неден аңғарды? (Оның көзіндегі қоңыр шел қозғалмайды. Мен құстың қырандық көзқарасын еш уақытта көре алмайтынымызды түсіндім.)
Әлументтендіру: Мәтіннің ІІ бөлімін оқушыларға кезек – кезек дауыстатып оқытамын. Түсініксіз сөздер кездессе белгілеп отыруларын сұраймын.
Сөздік жұмыс:
Оба ауруы – аса қауіпті карантиндік жұқпалы ауру. Ауру тез тарайды. Сау адамға науқас адамнан жұғады. Ол табиғатта адамға кемірушілерден, не бүргеден жұғады.
Бұның емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызады, карантин жариялайды.
Сұрақ – жауап:
1. Осы бөлімде бүркіт адамдарға қандай көмек көрсетті?
2. Осы бөлімде төбеде тұрған бір солдат үнемі бүркіт ұшып өткенде басындағы бөркін шешетін, неге?
3. Бүркіт қалай соқыр болды? Оны соқыр еткен кімдер?
4. Осы мәтіндегі қарт адам кім екен?
5. Бөлімнің соңғы бөлігіндегі «маған» деп отырғаны кім?
6. Осы бөлімде дос туралы не деп айтылған?
7. Екінші бөлімді қалай атауға болады?
Үзіліс: Мен және бүркіт. 3 сөйлемнен тұратын шағын шығарма жазу.
(Менің де адал бүркіт сияқты досым болса екен деймін. Достық сезім адамдарды болсын, жан – жануарларды болсын бір – біріне жақындатады. Достықты ешқашанда сатуға болмайды.)
Рефлексия:
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: Әр топқа жеке – жеке тапсырмалар
беріледі.
І топқа: Бүркіттің қанша түрі бар?
ІІ топқа: Бүркіт неше жыл өмір сүреді?
ІІІ топқа: Бүркітті адамдар қолға қалай үйретеді?
ІҮ топқа: Құсбегі туралы не білесің?
Мадақтау: Сабаққа қатынасқан оқушыларды атап өтемін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×