Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз көже

Ана тілі
Тақырып: Наурыз көже.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілік: автор суреті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
II. Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
5 - ке қолды жеткізу

III. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сонымен ұзынсары деген не екен?
- Балалардың ұзынсары деп күтіп жүргені қонақ па екен?
- Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?
- Оның қалай жасалатынын білесің бе?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
(ұлттық тағам суреттерін интерактивті тақтадан көрсету, «Ұзынсары» әңгімесінің толық мазмұнын 3 - 4 баладан сұрау)

IV. Жаңа сабақ
- Балалар қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктемнің қай айы? (наурыз)
- Осы наурыз айында қандай мерекелер бар?
- Ендеше тақтаға қараңдар. (наурыз туралы видео көрсету)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
22 - наурыз қандай мереке?
- Адамдардың бәрі қалай киінген?
- Балалар 22 - наурыз жалпы мұсылман халқының оның ішінде қазақ халқының жаңа жылы. Наурыз күн жылынып, табиғаттың бәрі оянып, жаңарады екен. 22 - наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Бұл күні үлкен мереке. Ата – әжелеріміз. Қыз - жігіттеріміз бәрі ұлттық киім киіп, әр түрлі әндер айтылып билер биленеді.
- Өздерінің наурыз тойын тамашалап көрдіңдер ме?
- Ұлттық ойындар ойналады, жарыстар өткізіледі.
- Бұл күні балалар күн мен түн теңеледі.
- Қыдыр ата ел - жерді аралайды. Бұл күні ренжісіп жүрген кісілер бір - бірімен татуласады. Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы екен.
- Ал, осы мерекеде қандай тағам дайындалады?
- Наурыз көже
- Ендеше балалар, біз бүгін осы Наурыз көже деген мәтінмен танысамыз.
- Барлығын дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.
Бұл әңгімені атақты жазушы Нұрқасым Қазыбеков жазған екен. Нұрқасым Қазыбеков ол
(1 мамыр 1936 жылы туылған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облыс, Текес ауданы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы құлжа пед. училищесін, 1968 жылы ҚазМУ - ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, "Жазушы" баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969 - 82 жылдары "Жалын" альманахында, "Жалын" баспасында редактор. 1987 - 90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991 - 1993 жылдары "Заман — Қазақстан" газетінде, 1993 жылдан "Түркістан" газетінде қызмет істеді.
Балалар енді назарымызды мәтінге аударамыз. Осы мәтінді тізбектеп оқимыз. (балалар тізбектеп оқиды және мұғалім бір рет өзі оқып шығады) Ал балалар осы мәтінде не туралы айтылды?

V. Сергіту сәті.
Орындарымыздан тұрып бойларымызды сергітіп алайық.

VI. Негізгі бөлім.
- Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылатынын білесіңдер ғой. Ендеше, соны жазып жібітейік.
Наурыз көже

Ет, құрт, қамыр, бидай, сүт, тұз, бұршақ
Балалар енді сендер тақтадағы суретке қарап өздерін әңгіме құрастырыңдар. (Балалар орындап жауап береді)
Балалар келесі тапсырма бес жолды өлеңді құрастыру.
1. Кім? Не? Наурыз
2. Қандай? жылы, әдемі
3. Не істеді? жылынды, еріді, өсті
4. Сөйлем Наурыз қазақтың мейрамы
5. Мағыналы сөз Жаңа жыл (Үлгі тақтада ілулі тұрады.)

VII. Қорытынды.
Сонымен, балалар, 22 - наурыз қандай күн? Оны кімдер тойлайды?
- Табиғат қандай күйге түседі? Наурызда дайындалатын үлкен асты қалай атайды? Оны пісірудің мақсаты не?
- балалар, қазақ халқының әр түрлі ұлттық салт - дәстүрлері де бар. (тақтадан көрсету) Ұлттық ойындар да бар. Біз осы дәстүрімізді әрқашан да құрметтеп сақтауыңыз керек.
«Орамал тастамақ» ойынын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы бір - бірімізге наурызда айтылатын жақсы тілек айтайық.

VIII. Үйге тапсырма.
«Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу.
IX. Бағалау.
Белсенді қатысқан балаларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×