Сайтқа кіру Тіркелу

Септіктер

ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп
Рахметова Құралай Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Септіктер. Жатыс септік
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегінің сұрақтары мен жалғаулары туралы білімдерін тиянақтап, бағалау.
2.Дамытушылық.Балалардың таным қабілеттерін дамыту,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік.Дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу,білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, алдын –ала дайындалған флипчарт.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар-ұстаздар. Ендеше келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дара тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.-дей отырып қазақ тілі сабағымызды бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
57 –жаттығу (Флипчартта оқушылар сөздердің астын сызады)
1-флипчарт

ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма.(Оқушылар интерактивті тақтада дайындалған флипчартта қалам арқылы сөздерді тиісті орнына орналастырады)
2-флипчарт

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс
3-флипчарт
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді орнына қой. (Флипчартта орындалады)
4-флипчарт
Атау    әже    шебер    қобыз
Ілік            
Барыс            
Табыс            
Жатыс            

әженің    қобыздың        шеберге     әжені        қобызға           шебердің
қобызды   шеберді        шеберде      әжеде       қобызда


4-тапсырма. Оқушылар берілген сөздерді флипчартта қалам арқылы жатыс септігіне қойып жазады.
5-флипчарт

5-тапсырма.Оқушылар флипчартта қалам арқылы түсіп қалған сөздерді жазады.
6-флипчарт

ІV. Бекіту (Оқушылар түс таңдайды, түстердің астындағы сұрақтарға жауап береді.)

V. Бағалау
“Төрт” дегенің- жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің- үздік баға
Оқитын бол үздік қана.

VI. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Септіктен алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық

63- жаттығу. Ережелерді қайталау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×