Сайтқа кіру Тіркелу

Шоқан Уәлиханов «Абылайхан»

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Абылай хан»

Сабақтың мақсаты: 1. Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат беру. Абылай ханның ерлік жолдары туралы түсінік беру.
мәтінінің негізгі мазмұнын түсіндіру.
2. СТО технологиясының стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың ойын толық баяндай білуін, жазба түрде еркін жаза білуін, өз бетінше қорытынды жасап, ойын жүйелей білуге дағдыландыру, хан Абылай туралы білімдерін жетілдіре түсу.
3. Елі, халқы үшін күрескен ұлы адамдар өмірін үлгі ету. Өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емеc.
Сабақ типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ізденіс жұмысы.
Көрнекіліктер: Ш. Уәлиханов; Абылайхан портреттері.

Ұйымдастыру кезеңі:
- Қане, бәріміз бір – бірімізге шуақ сыйлайық. Қабағымызды ашайық. Әдемі күлейік.
Жаңа сабақ:
I. Қызығушылықты ояту:
А) «Алтын қақпа» ойыны
Шарты: тас, күміс, алтын қақпаның артындағы сандықта құпия бар, біздер осы 3 қақпаның артындағы құпияны ашуымыз керек. Ол үшін әр қақпаның тапсырмасы берілген.
А) Мәтін оқу
Б) Топтастыру құру
Тас қақпаның тапсырмасы:
«Абылайхан» мәтінімен таныса отырып, хан Абылайға топтастыру стратегиясын құрыңдар.
Абылайхан

Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
1711 жылы туған.
Сабалақ.
Қоғам қайраткері.
Әділ хан.
Ержүрек, сарбаз.
Тәсілгер.
Еш теңдесі жоқ хан.
1781 жылы дүние салды

II. Мағынаны тану.
(Күміс қақпа тапсырмасы)
Мәтін бойынша «Инсерт» кестесін құру
♦ Білемін
Әбілмансұр
Сабалақ
Абылайхан
♦ Мен үшін жаңа
ержүрек сарбаз,
батыл қолбасшы,
әділ хан,
Шарышты өлтірген,
Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
♦ Білгім келеді
Абылайхан ұрпақтары жөнінде

III. Сергіту сәті.
«Қаражорға» биі

IV. «Алтын қақпа» тапсырмасы:
а) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
б) Эссе «Абылайхан» (қорытынды)

V. Сандықтағы құпия сөзді оқу.
Даналық сөз. (Қазыбек би)
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.

VI. Бағалау
VII. рефлексия
VIIІ. Үйге тапсырма:
«Абылайхан» оқу, мазмұндау. «Инсерт» кестесіндегі «Білгім келеді» бағанасын толтыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез - құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Білім ошағында...
Қаз дауысты Қазыбек би

Қаз дауысты Қазыбек би

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері....
Қазақтың ұлттық мейрамдары

Қазақтың ұлттық мейрамдары

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайында...
Төл сөз бен төлеу сөз

Төл сөз бен төлеу сөз

Пән мұғалімі: Габдешева А. А. Мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, танымдық белсенділігін арттыру барысындағы тапсырмалар орындау, өз ойын...
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×