Сабақтың тақырыбы:
М. Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып
А. Құнанбаев «Жазғытұры», І. Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін айта білу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілік: тақырыптық суреттер, суретті жұмбақ, қима қағаздар
Қолданылатын әдістер: СТО
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша ғарышқа ұшып, күнге баруы.
Жылулық шеңбері «Жылы сөз»
Шашы алтын, көзі от,
Шыға ғой, Күн тезірек
Жылу берші, шуақ берші
Маған, ата - анама, апайыма, бауырыма
Тағы, тағы, тағы - да!
І. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ шешу
Қар кетіп,
Қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді. /көктем/
- Жұмбақтың көктем туралы екенін қай сөздерден байқадыңдар? /балалар жауабы/
Проблемалық сұрақ
- Көктем деген сөз қандай мағына береді? Ойланып көріңдерші.
- Көктем – көк шығады, көктейді.
- Көктемді басқаша қалай атайды?
- Жазғытұрым
- Бұлай аталуы неліктен?
- Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.
Суретпен жұмыс
Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады:
- Суретке назар салыңдар. Суреттерге қарап, Көктем келді деген тақырыпқа әр оқушы бір - бірден мағынасы өзара байланысқан сөйлем құрулары керек.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілі туралы өлеңдермен танысамыз. Әуелі авторлар туралы айтсақ,
- Берілген сызбаға сүйеніп, ақын туралы әңгімеле
ІІ Мағынаны тану
2 сынып 3 сынып
Мұғалім басшылығымен
1 – тапсырма
1. Оқулықтағы М. Жаманбалиновтың өлеңін түсініп оқу.
2. Өлеңге ат қою. Өзіндік жұмыс
1 – тапсырма
Абайдың «Жазғытұры» өлеңіне сүйеніп, көктем белгілерін табу.
Өзіндік жұмыс
2 – тапсырма
Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін атау
Мұғалім басшылығымен
2 - тапсырма
І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін сипаттау
Көктем шықты Жайлаудағы ауыл
Жылы жел соқты...
Қыстаудан көшті
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызды табайық
Қарлығаш боп ұшайық
Торғай болып қонайық
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп ұшайық
Мұғалім басшылығымен
3 – тапсырма
Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеп, кестені толтыр
Сұрақ жауап
Ненің?
Қандай?
Не?
Не істеді?
Қайтіп? көлдің
Өзіндік жұмыс
3 – тапсырма
Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын тауып, сызбаны толтыр.
Берілген сөз мағынасы
Қыстың сызы
Масатыдай
Ата - анадай елжірер
Көк майса
Желіндейді
Тайды күзеді Ызғары салқыны
ІІІ Ой толғаныс
2 сынып 3 сынып
Екі өлеңді салыстыру
А. Құнанбаев І. Жансүгіров
Шығармашылық тапсырма
І нұсқа ІІ нұсқа
«Көктем сөзіне 5 жолды өлең құрастыру»
Не?
Қандай?
Не істейді?
Мағыналас сөз
Сөйлем
Өлең ұйқасын табу
...................... көктемде, /көктем, көктем, көктемде,/
..................... жеткенде. /құстар келіп жеткенде/
........................... еріп, /күн ұзарып, қар еріп/
....................... толады. /су сайларға толады./
Бағалау
Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үй тапсырма
Өлеңді жаттау
Өлең мазмұнына сәйкес сурет салу
М.Әлімбаев «Көктем келді» 2 сынып
- balzhan8282
- 15 қыркүйек 2014
- 20625
- 0
- 0
Ілмек сөздер: М.Әлімбаев Көктем келді өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Көктем өлеңі
Қызылорд қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна...Көктем келді ауылға
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы: Қуанышбек Құндыз Мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы...Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида...Көктем
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының 1 класс оқушысы Ақпанова Әдемай Жанарбекқызы Класс жетекшісі: Ахметова Э.Д...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.