Сайтқа кіру Тіркелу

"Ү" дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Білімділік:Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, оқулық, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ - жауап, түсндіру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Ендеше, бүгінгі қонақтарға, өз білімімізді көрсетейік.
ІІ. Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

1 - слайд.
а) Сұрақ - жауап: - Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыс деген не?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2 - слайд.
ІІІ. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажырату. (ұяшыққа салу)
3 - слайд.
ІV. Өткенді пысықтау. Ө дыбысын қайталау.

V. Жаңа сабақ. 4 - слайд.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті көрсетіледі. Кейіпкерлерін атайды.
Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы ү дыбысымен танысатын боламыз. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыға ата мен апаның сіздерге арнаған сыйы бар екен оны сабақтың соңында не екенін білеміз. (гүлдер тарату )

1. Қоянның тапсырмасы.
« Сөзжұмбақ» шешу.
1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
2. Көру мүшесі не?
3. Не білім бұлағы?
- Қандай сөз шықты. Үкі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз? Неге?
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
- Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма?
- Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру. ( кеспе әріптер)
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
5 - слайд.
Суретпен жұмыс. (буынға бөлу, сөйлем құрау)
Қосымша материалмен жұмыс.
«Г»- ден баста мен кілең
Ажарымын өңірдің
«К»- ден баста мен кілең
Қалдығымын көмірдің
«Т»- дан бастап оқысаң
Аты аңыз қу аңмын.
«К» болса басқы әрпім
Езу тартып қуандым. (Гүл - күл, түлкі - күлкі)

Сергіту сәті:
6 - слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
VІ. Оқулықпен жұмыс. а) Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
б) «Білеміз бе» ойыны
д) Сөздік қоржын (жаңа сөз)

7 - слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
VІІ. Дәптермен жұмыс: ү әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.
8 - слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
Ой тастау. (жұмбақ шешу)
9 - слайд.
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10 - слайд
VІІІ. Қорытынды. Сұрақ - жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ү дыбысына байланысты сөздер айту.

11 - слайд
ІХ. Үйге тапсырма беру. Мадақтау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×