Тақырыбы: Спорт - өмір көркі.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 2 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секірпемен секіру.» Шарты: Секірпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.
ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Шайбалы хоккей»
Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..
V кезең: Самокат тебу.
Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.
VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Алға» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
«Қайрат» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
«Парасат» тобы: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Спорт - өмір көркі
- Жансая Ә
- 14 наурыз 2012
- 50228
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ бастауыштарға, тәрбие сағаты, спорт, өмір, ойын
Ұқсас жаңалықтар:
Шынықсаң шымыр боласың спорттық сайыс
Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін...Біз спортшы жанұямыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік...Шынықсаң шымыр боласың
1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген..."Толағай" оқушылар арасындағы сайыс
Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке...Шынықсаң шымыр боларсың!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.