Сайтқа кіру Тіркелу

6 санын қосу мен азайтуды пысықтау

Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу мен азайтуды пысықтау
Сабақтың мақсаты: 2 - 6 санын қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың ауызша қосу мен азайтуға берілген есептер арқылы білімдерін тексеру;
Дамытушылық: оқушылардың зейінін, ойлау және байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 7 түсті күлше гүл, таратпалар, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, жеке, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс. Психологиялық сәт
- Бүгінгі сабақта сендердің кестелік қосу мен азайту туралы білімдеріңді тексеремін, яғни біз есептерді шығара отырып өз білімдерімізді ортаға саламыз. Жақсы жауап береген үшін бағаларыңыз да жақсы болады.
• Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Біз сендермен берілген тапсырмаларды дұрыс орындасақ, 7 түсті күлшелі гүлді құрастырамыз. Ол үшін бізге керегі математикадан алған білімдеріміз болмақ.
• Жолда қиыншылықтардан өту үшін, бізде қандай қасиеттеріміз болу керек?
• Бізге керек қасиеттер болса, шапалақтаймыз, ал қайсысы бізге бөгет жасаса, аяғымызбен тарсылдатамыз.
Әзіл. Білім. Жалқаулық. Назар. Ұқыптылық. Бір - біріне көмектесу. Табиғатқа деген махаббат. Жануарларға деген қамқорлық. Достық. Бірлік.
• «Ой қозғау» - ойыны, яғни өткенді ескере түсірейік.
1 күлше. «Қайталау - білім анасы»
- 1 - 10 дейін тура және кері санау
- 10 - 100 дейін дөңгелек сандармен тура және кері санау
- «Көршісін тап» дидактикалық ойыны
5
8
3
7
2
6
2 күлше.«Білімді өрге жүзеді»
«Ойлан, тап»- оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауы.
- Математикадан 105 сабақ кітабындағы 9 бетіндегі өрнектерді 1 минутта шығару.
3 күлше. «Білгің келсе, тауып көр».
- Оқулықтағы №1 тапсырманы орындаймыз. Қандай сандар жасырынып тұр. Соны топ болып табыңдар.
6+* = 8
8 -* =2
*+ 3=4
5+* = 10
*- 6=4
*+5=7
4 күлше. «Ойлана біл!»
- Дәптердегі №1 тапсырманы орындаймыз.
Қосылғыш
Қосылғыш
Қосындының мәні
Азайғыш
Азайтқыш
Айырманың мәні

5 күлше. «Сергіту сәті»
- Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
6 күлше. «Мағынаны таныту»
- Оқулықтағы №2 тапсырманы орындау. Қысқаша жазу бойынша есеп құрастыру және оны шығару.
7 күлше. «Бірлік бар жерде, тірлік бар»
- Оқулықтағы №5 тапсырманы орындаймыз. Бірінші топ бірінші қатардағы жоқ затты, екінші топ екінші қатардағы жоқ затты, үшінші топ үшінші қатардағы жоқ заттың, төртінші топ төртінші қатардағы жоқ заттың суретін салып, оны бояңдар.
3. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
- Міне, біз де барлық тапсырманы орындап жеті түсті күлше гүлді құрастырдық.
- Біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
4. Үйге тапсырма. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білім еліне саяхат

Білім еліне саяхат

Сандар қатарын, санның құрамын табу. Қосу азайту амалдарын қолданып есеп шығару тәсілдерін тұрақтандыру. Ойлап, көріп тану, зейінін, тесте сақтау...
3 санын қосу және азайту

3 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 1. 3 санын қосу, азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту. 2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін,...
9 санын қосу, азайту

9 санын қосу, азайту

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,...
7 саны мен цифры. Тура және кері санау

7 саны мен цифры. Тура және кері санау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі Молдахан Мира Жақсылыққызы...
10 санын қосу және азайтуды бекіту

10 санын қосу және азайтуды бекіту

Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×