Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: З.Шүкіров «Ақша қар»
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идеясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.
Міндеттері:
1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.
2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- М. Жұмабаев кім?
- «Балапан қанат қақты...» М. Жұмабаев.
Әңгімені өз беттерінше аяқтау керек. (3-4 баланы оқыту, қалған шығармашылық тапсырмаларды жинап алу).
- Біз жылдың қай мезгілі жайлы шығармалармен танысып жатырмыз? Қыс айларын атаңдар. Қазір қай ай? Бұл айда қандай мереке болады? Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс мезгіліне қатысты екен.
І. Қызығушылықты ояту: Жаңылтпаштар оқу.
а) Бұл қар –
Сұр қар.
Сұр қар –
Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар
ә) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
- Балалар, жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік. (Сұр, кір, қырбық т.с.с.)
Енді жауаптарымызды тақтаға жазып көрейік.
1 – слайд
Сергіту сәті.
ІІ. Мағынаны тану:
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қар туралы, оның түрлері туралы айтып жатырмыз. Ендеше жаңа сабағымызды қарға байланысты екен.
3 – слайд
- Өлеңді оқымас бұрын, оның авторымен танысып алайық.
Шүкіров Зейнолла (1927–1979)
Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанмен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.
3 – слайд
• Өлеңді мұғалімнің оқуы.
• Өлеңді оқушылардың іштей оқуы. Таныс емес сөздерді түртіп алу. Түсінік беру.
• Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқу (3-4 бала).
• Сұрақтарға жауап беру.
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік.
5 – слайд Тақтаға жазу. Топтастыру.
Ақ мамық, ақ қанатты көбелек, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектей, ақ желек, ақ көрпе.
ІІІ. Ой қозғау.
Әдебиет үйірмесі.
1-қатар.Жазушылар тобы. Сурет бойынша әңгіме құрау, жазу.
2 – қатар. Суретшілер тобы. Сурет салу.
3 – қатар. Сілтеме табушы топ. Мақал – мәтелдер жазу. Орындаған тапсырманы оқу, қорғау.
Ұйқас бойынша өлең құрау:
Аппақ --------қар жауар,
--------------------қуанар.
Аққала соғып, жарысып
------------------ балалар.
Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу. Жағымды және жағымсыз жақтарын айту.
Кестені толтыру:
Нені білдім?
Не үйрендім?
Нені білгім келеді?
Автор орындығына отырып қыс мезгілі жайында әңгімелеу.
Үй тапсырмасы «Ақша қар» өлеңді жаттау.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Ақша қар
- Жансая Ә
- 13 наурыз 2012
- 8047
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақтар ана тілінен, ақша қар, Шүкіров
Ұқсас жаңалықтар:
Абай Құнанбаев Қыс өлеңі
Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең...З.Шүкіров " Ақша қар" Нақ осы шақ
Кіріктірілген сабақ. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы, қыстағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсініктерін...Қар неден жасалады?
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қардың қалай, неден пайда болатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Оның құрамы қандай, қардың қандай түрлері бар...Қыс. Міржақып Дулатов
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатовтың «Қыс»...Ақша қар
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.