Сайтқа кіру Тіркелу

3 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 1. 3 санын қосу, азайту тәсілдерін жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту.
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап есептеуге үйрету
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын
Сабақтың көрнекілігі:: интерактивтік тақта, 3 - ке қосу, азайту кестесі, үлестірме қағаздар, «алтын теңгелер» шаблондар

Сабақтың барысы:
а) Психологиялық дайындық.
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз
ә) Оқушы қызығушылығын ояту.
- Балалар, ерте, ерте, ертеде «Математика елінде» бір хан болыпты. Ханның «Бір»,«Екі»,«Үш»,«Төрт»,«Бес»,«Алты»,«Жеті»,«Сегіз»,«Тоғыз»
«Он» деген он ұлы болыпты. Олар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Күндердің бір күнінде оның «Үш» деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті. Сонда хан былай деп жар салыпты:
- Уа, халайық, кімде - кім менің баламды тауып берсе, ат басындай алтын беремін!
- Балалар ханға өзінің ұлын табуға көмектесеміз бе?
Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, «үштің» табылуына көмектесе аласыңдар. Олай болса, іске сәт!
Сабаққа белсене араласқан баланың әр дұрыс жауабына 1 «алтын теңгеден» қосылады. Сөйтіп, сабақ соңында қорытындысы шығарылады.
ІІ. Өткенді қайталау:
1) Үйге берген тапсырманы сұрау, пысықтау
«Ашық журнал» слайд арқылы берілетін сұрақтар:
1. Қосындының және айырманың мәндерін тап:
8+4
12 – 4
4+8
12 - 8
9+4
13 – 9
4+9
13 - 4
2. 3 - тен кіші сандарды ата.
3. 2 санының көршілерін ата
4. 2 санының құрамы қандай сандардан тұрады.
5. Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы үшеу біреуін атып түсірді. Нешеуі қалады?
- Сонымен, үй тапсырмасын орындауда біз неше сұрақтан тұратын тапсырманы орындадық?(3)
Демек, бүгінгі сабағымыз 3 санымен байланысты болады.
ІІІ. Жаңа сабақ
(слайд арқылы түсіндіру)
а) 8+3=11
11 - 3=8
(8+2)+1=11
(11 - 1) - 2=9

Оқушыларға орындату:
б) ) 9+3=12
12 - 3=9
(9+1)+2=12
(12 - 2) - 1=9

№2 Мысал құрастыру: Піл туралы айту, Индияда өсіріледігін айтып өту:
11 - 3=8
3+8=11
11 - 8=3
8+3=11

№3. Балалар не белгілі, не белгісіз? Соны табайық.
1) Т. дейін - 20кг
Т. кейін - 15кг
Жұмсалды - 5 кг
Қалды -?
Ш:(20+15)- 5=30
Ж: 30кг картоп қалды.

№4
Б. еді - 11кг
Жұмсалды - 2кг
Салды - 3кг
Болды -?
Ш:(11 - 2)+3=12кг
Ж: 12кг ұн болды.

№5 Математикалық диктант:

1мен 9 сандарының қосындысына 1 - ді қос;(11)
8 бен 2 сандарының қосындысына 1 - діі қос; (11)
12 мен 2сандарының айырмасынан 1 - ді азайт; (9)
11 мен 1сандарының айырмасынан 2 - ні азайт(8)

(1+9)+1=11
(12 - 2)- 1=9
(8+2)+1=11
(11 - 1)- 2=8
IV. Ойын: «Кім жылдам?»

Мұғалім екі таңбалы сандар айтады, солардың ішіндегі 3 саны нені білдіретіндігін айту.
35, 3дм 2см, 73см, 43, 63 мин,
Мысалы: 83 санында – 3 бірлік
- Бүгінгі біздің сабағымыз қандай санмен байланысты болды?
- 3саны туралы не білдің?
V. Үйге тапсырма:
1. №6 есеп 71 бет
2. Оқулықтағы шығармашылық тапсырма
VI. Сабақты аяқтау:
- Балалар, ханға ұлын табуға көмектескендерің үшін рақмет. Сөйтіп барлық цифрлар түгел жиналып, осылардан әрі қарай сандар өрбіген екен.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×