Сайтқа кіру Тіркелу

Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру және өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Суреттер.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Интерактив. тақтасымен жұмыс «Жазушылар» топтамасы. Ы. Алтынсарин.(тыңдау)

Топтастыру.
Ыбырай Алтынсарин

ұстаз
мектеп ашты
жазушы
білімге шақырды
«Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Ғ. Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Әр шумағын оқыта отырып мазмұндау.

Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Торғай даласында алғаш қоңырау соққан кім?
2. «Қазақтың даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?
3. Ыбырайдың ел қамын ойлағандығы қай жолдарда көрінеді? Ақын Ыбырайдың есімі ұмтылмайтындығы жөнінде не дейді?
4. Ыбырайдың қандай өлеңін білеміз?
5. Ыбырай туралы мәтін оқып беру.

Дала жұлдызы
Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп, ұстаз болды. Торғай қаласына келісімен мектеп салдырды. Діншілдердің ықпалына ерген қараңғы халық алғашқы кезде балаларын оқуға бере қоймады. Сондықтан оларды оқуға тарту үшін Ыбырай ел аралауға шықты. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласының жарық жұлдызы еді. Ол қазақ балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазады.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ы. Алтынсарин туралы мәлімет. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×